Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев20 ақпан - күнтізбе
20 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 51-ші күн. Жыл соңына дейін 314 күн бар.

20 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

20 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – АҚШ-та бейресми түрде Ұлттық шие бәлішінің күні аталып өтеді. Бұл мереке, атауы айтып тұрғандай, америкалықтардың сүйікті тағамы – шие бәлішінің құрметіне арналған. Мейрам АҚШ-тағы Ұлттық шие айымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан екі бірдей мереке қатар тойланады деуге болады. Бұл мерекеде бәрі үйде немесе кондитерлік дүкендерде пісірілген шие бәлішінен дәм татады. Жергілікті тұрғындар дос-жарандары, әріптестері және көршілеріне бәліш ұсынады.

20 ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні тойланады. Әлеуметтік әділеттілік дегеніміз – жай ғана әдеп-қағидалары емес, ұлттық тұрақтылық пен жаһандық әл-ауқаттың негізі. Тең құқық, ынтымақтастық, адам құқығына құрмет көрсетудің арқасында ұлттар мен халықтардың әлеуеті арта түседі. Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдер 20 ақпанда ұлттық деңгейдегі шаралар өткізеді. Олардың бәрі әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған. Жыл сайын белгілі бір тақырыпқа басымдық беріледі.

20 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1872 жылы Нью-Йоркте Метрополитен мұражайы ашылды;

1943 жылы Мексикадағы жүгері алқаптардың бірінде Парикутин жанартауы қалыптаса бастады;

1962 жылы алғашқы америкалық орбиталық ұшуға жіберілген Джон Гленн (АҚШ-тың тұңғыш астронавты) Жерді үш мәрте айналып шықты;

1988 жылы "Агата Кристи" рок тобы құрылды;

20 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1920 жылы қазіргі "Солтүстік Қазақстан" облыстық газетінің алғашқы саны "Кедей сөзі" деген атаумен жарық көрді;

1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылған, сол кездегі орталығы Семей қаласы болды (қазір облыс орталығы - Өскемен);

1986 жылы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан көп мақсатты ғылыми-зерттеу кешені - "Мир" орбиталық ғарыш станциясы ұшырылды;

1999 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының орталығында ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды.

20 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1963 жылы америкалық баскетболшы, екі дүркін олимпиада чемпионы Чарльз Баркли дүниеге келді;

1966 жылы америкалық супермодель, MTV тележүргізушісі, актриса Синди Кроуфорд туды;

1967 жылы музыкант, суретші, әндер авторы, солтүстікамерикалық "Nirvana" рок тобының гитарашысы және вокалшысы ретінде танылған Курт Кобейн дүниеге келді;

1988 жылы америкалық R&B және поп әнші, барбадостық актриса Рианна туды;

20 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1899 жылы танымал мемлекет және қоғам қайраткері, шешен, әрі публицист, ұлт жанашыры және аграрлық шаруашылық мәселесінің білгірі Ораз Жандосов дүниеге келді. Ол Жетісудағы тұңғыш айтысты ұйымдастырды;

1914 жылы актер, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, Ұлы Отан соғысы ардагері Жүсіпбек Тұрсынов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бұл күні дәлме-дәл есептеуді қажет ететін маңызды істерді ысырып қойған жөн. Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз. Дұрыс тамақтанғаныңыз абзал. Әйтпесе денсаулығыңыздың сыр бере бастауы әбден мүмкін.

Жаңалықтар
0