Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

72
(Жаңартылды 16:38 21.02.2019)
Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық театр Қазақстанның бас қаласы - Астананың көрнекі жерлерінің бірі. Театрдың 118 жылдық тарихы өз ісінің шеберлерінің қажымай еңбектенуінен бастау алады

Театр қалай құрылды?

1899 жылы Ақмолада драма өнерін сүйетін қауым мен жергілікті көпестердің арқасында театр ашылып, көп ұзамай ол қала тұрғындары арасында асқан танымалдылыққа ие болды. Ал театрдың штаты 1920-жылдардың басында ғана толықтай жасақталып болды.

1940 жылдары Ақмола театры алдыңғы қатардағы шығармашылық ұжымға айналды. Театр труппасында бұрынғы АЛЖИР қамауында болған әйелдер де жұмыс істеді. 1943 жылдан бастап қазақ бөлімі өз жұмысын бастады. Осы кезеңдегі алғашқы қойылым — Ғабиден Мұстафиннің "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" пьесасы бойынша қойылған "Жарыс" спектаклі болды.

1959 жылдан бастап театрға Максим Горькийдің есімі берілді. 1970-1980-жылдар зор шығармашылық табысқа толы болды. Қала тұрғындары Михаил Рощиннің "Валентин және Валентин", Алексей Коломиецтің "Көгілдір бұғылар", Бертольт Брехттің "Кураж шешей мен оның балалары", Вина Дельмардың "Ертеңгі күнге жол бер" және т.б. қойылымдарды сүйіп көрді.

Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрын марапаттау сәті
Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрын марапаттау сәті

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғалы театрдың репертуары жаңа қойылымдармен толықты. Олар — Иранбек Оразбаевтың "Шыңғысхан" (1992 жыл), Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының желісі бойынша қойылған "Ақиқатты іздеп ерте есейдің" (1995 жыл), Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған театр фестивалінде бірінші орын алған "Кене хан". Соңғысында басты рөлдерді сомдаған Константин Переверзев пен Наталья Косенко Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ал Владимир Архипенков "Қазақстан халық әртісі" атағын иеленді.

Театрдың республикалық және халықаралық жүлделері

2000 жылдардың басынан театр Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Испания, Сербия, Венгрия және Македония секілді елдерде өтетін фестивальдерге тұрақты түрде қатысып, гастрольдік сапармен барып жүр.

Алладиннің сиқырлы шамы қойылымы кезінде түсірілген сурет
"Алладиннің сиқырлы шамы" қойылымы кезінде түсірілген сурет

2001 жылы Петропавлда өткен республикалық драма театрлар фестивалінде Горьковцевтің жұмысы гран-приді иеленді. Мұнымен қатар, Максим Горький атындағы театр халықаралық "Шабыт" жастар шығармашылығы фестивалінің екі мәрте жүлдесін алды. 2016 жылы Брест қаласындағы "Ақ Вежа" фестивалінде театр актрисасы Полина Харламова "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясында марапатталды. Осы жылы театр Мәскеудегі Астананың он күндігі бағдарламасының аясында "Сақ патшасы Томирис" қойылымын қоюға Қазақстан атынан барған жалғыз өнер ұжымы болды.

2017 жылдың шілде айында IV Қазақстанның этникалық театрлары атты республикалық фестивальде театр актрисасы Светлана Фортуна Анна Каренинаны сомдағаны үшін "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясында марапатталды.

Осы жылдың қазан айында Көкшетау қаласында өткен "Күзгі театр" республикалық фестивалінде Александр Яблонскийдің пьесасы бойынша қойылған "Пұтқа табынушылар" спектаклі ең үздік атанды. 2018 жылдың сәуір айында Санкт-Петербург қаласында ТМД және Балтық мемлекеттерінің қатысуымен өткен" Ресейдегі кездесулер" атты халықаралық орыс театрлары фестивалінде Максим Горький атындағы мәдениет ордасы "театр саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" КСРО халық әртісі Кирилл Лавровтың жүлдесін иеленді. Маусым айында Астананың 20-жылдығына арналған VI халықаралық SAMGAU театрлар фестивалінде "Евгений Онегин" қойылымы бас жүлдені жеңіп алды.

2018 жылдың қыркүйек айында театр ұжымы Астананың 20-жылдығы мен театрдың көрнекті қайраткері, актер, режиссер және Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтің 80-жылдығына арналған XXVI Қазақстанның драма театрлары республикалық фестивалінде Томиристің жарқын бейнесін халыққа жеткізе білген актриса Анастасия Вороцова "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясын жеңіл алды.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың рөлін сомдаған актер көрген қиындықтары туралы айтты

Осы жылдың қараша айында театр актері, ҚР халық әртісі, мәдениет қайраткері Сергей Матвеев II республикалық театрлардың кіші фестивалінде "Ең үздік ер адам бейнесі" номинациясын иеленді. Кіші формадағы фестиваль "Дарын" жастар сыйлығының иегері, режиссер, актер, ақын Рүстем Есдәулетовтің атымен аталады.

2016 жылы Ресей президенті Владимир Путин Максим Горький театрының ұжымын "орыс мәдениетін таныстыруға қосқан үлесі үшін" алғыс білдірді.
2017 жылы театрдың басты суретшісі, ҚР мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтовке "Қазақстанның үздік суретші-сценографы" номинациясында "Сахнагер" ұлттық театр жүлдесі табысталды. Ал ҚР еңбек сіңірген қайраткері Роман Чехонадский "Үздік ер адам бейнесі 2018" номинациясын жеңіп алды. Жас актерлер Полина Харламова мен Сергей Маштаковқа "Үміт" номинациялары берілді.

"Жыл адамы 2018" республикалық жобасының нәтижесі бойынша театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасенов "Мәдениет қайраткері" номинациясын жеңіп, "Алтын адам" сыйлығының лауреаты атанды.

Бүгінгі таңда театр репертуарында әлемдік және отандық драматургияны қосқанда қырыққа жуық спектаклі бар. Осылардың ішінде 12-сі — музыкалық ертегі.

Кішкентай ханзада қойылымы кезінде түсірілген сурет
"Кішкентай ханзада" қойылымы кезінде түсірілген сурет

118 театр маусымында театр репертуары басты рөлді халық әртісі Сергей Матвеев сомдаған "Пушкинмен оңашада", Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған режиссер Нұрлан Асанбековтің "Қызыл алма", Максим Горькийдің пьесасы бойынша "Әке" және "Маша, Сұр мен Потапыч", "Алтын балапан" сынды балалар ертегісімен толықты.

Осы театр маусымында Нина Гернеттің пьесасы бойынша "Алладиннің сиқырлы шамы" спектаклінің премьерасы қойылды. Алдағы уақытта Антуан де Экзюперидің "Кішкентай ханзада" қойылымы мен Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Сүгір жырау туындыларының негізінде музыка-поэтикалық композициялар қойылмақ.

Тағы оқыңыз: Мұхамедиұлы театр әртістерінің жалақысы қанша екенін айтты

Қазіргі сәтте шығармашылық ұжымда ҚР еңбек сіңірген әртісі, Ресейдің "Достық" орденінің иегері Наталья Косенко, Қырғызстанның халық әртісі Сергей Матвеев, ҚР мәдениет қайраткерлері Наталья Матвеева, Людмила Крючкова, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Роман Чехонадский мен Светлана Фортуна және т.б. актерлер жұмыс істейді.

Театрдың бас режиссері — ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекболат Парманов, басты суретшісі — ҚР мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов. Ал театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Еркін Қасенов.

72
Кілт сөздер:
театр, актер, Астана
Тақырып:
Қазақстан театрлары (79)
Тақырып бойынша
"Астана-Опера" театры қазақ классикасының жауһарын сахналайды
Қазақстандық әртістер «Ұлы дала театры» атауымен Еуропаға аттанады
Астанадағы орыс театры "Зың-зың" әніне ролик түсірді
"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады
Астана драма театры Путин сыйлығына ие болды
Цирк әртісі сахнадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетті
Астана циркіндегі қойылым кезінде даршы құлап кетті
Загрузка...