Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев23 ақпан - күнтізбе
23 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 54-ші күн. Жыл соңына дейін 311 күн бар

23 ақпанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

23 ақпан – Ресейдің Отан қорғаушылар күні. Кеңес Одағы кезінде бұл мереке Кеңес Армиясының және Әскери-теңіз флотының күні ретінде аталып өтетін.

Әдетте бұл мерекені әскерде немесе түрлі күш құрылымдарында қызмет еткен ер азаматтар, сондай-ақ ардагерлер мен түрлі соғыстарға қатысушылар тойлайды. Алайда халық түсінігінде бұл мереке "нағыз ерлердің" күні деп саналады. Сондықтан бүгін ер азаматтарды құттықтап, олар үшін қандай да бір дәмді тағам пісіру артық болмайды.

Бүгін АҚШ-та тағы бір аспаздық мереке – Банан нанының ұлттық күні аталып өтеді. Банан наны – америкалық тағамның бірі. Алғаш рет банан наны рецепт кітаптарда 1930-шы жылдары пайда болды, ал жалпы ол шамамен 18 ғасырдан бері пісіріліп келеді деген болжам бар (оның дәл қазіргідей болуы екіталай).

Нанды дәріптеу базарда сода мен қопсытқыштың (разрыхлитель) пайда болуымен байланысты. Банан нанының осыншалық танымал болуының екі нұсқасы бар. Бірінде АҚШ-тағы ұлы депрессия кезінде үй шаруасындағы әйелдердің пісіп кеткен банандарды тастағысы келмегені айтылады. Енді бір нұсқада жарнама берушілер қопсытқыш қосылған ұнды сату кезінде банан нанын қолданғаны айтылады. Алайда ол дәмді болмаса, осыншалық танымал болмас еді.  

Бүгін – сондай-ақ Жастықпен шайқасу күні. Жер жүзінде тек осындай шайқастар өтсе қандай жақсы болар еді. Бірақ өкінішке қарай, олай емес.

Шайқастың аты шайқас, сондықтан алауыздықпен, қиындықтармен және шешілмейтін міндеттермен күресетін уақыт келді. Бұл ретте сізге жастықтар көмектеседі. Сондай-ақ бұл мерекені суық қыстан кейінгі сергу символы және күйзелістен құтылудың әдісі деп жатады.

23 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1874 жылы ағылшын мойоры Уолтер Вингфилд таза ауада ойнайтын жаңа ойынды патенттеді, қазір ол жұртқа теннист ретінде белгілі; 

1886 жылы америкалық Холл электролиттік әдіспен алюминий алды;

1903 жылы Куба АҚШ-қа Гуантанамо базасын мәңгілікке жалға берді;

1944 жылы Шешен-Ингуш автономиялық республикасы таратылды. Шешендер мен ингуштар Қазақстанға, Орталық Азияға жер аударылды;

2000 жылы Карлос Сантана "Грэммидің" он номинациясынан 8 марапат алды.

23 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1993 жылы Алматы қаласында Достық үйінде "Қазақстан-Венгрия" достық қоғамы құрылды;

1995 жылы Лондонда Абай үйі ашылды;

2007 жылы Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы құрылды;

 2014 жылы Түрікменстан Ақтауда консулдығын ашты.  

23 ақпанда дүниеге келген танымал тұлғалар: 

1921 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино режиссері, сценарист Самсон Самсонов дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген қайраткері (1965). РКФСР халық әртісі (1978). КСРО халық әртісі (1991);

1933 жылы кеңестік және ресейлік жазушы, өнертанушы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көркем сыншылар қауымдастығы (AICA) және Халықаралық музейлер кеңесінің (ICOM) мүшесі, Санкт-Петербург журналистер одағының мүшесі Михаил Герман дүниеге келді. Орыс музейінің жетекші ғылыми қызметкері;

1944 жылы кеңес және Ресей театр және кино актері, кинорежиссер Олег Янковский дүниеге келді. КСРО халық әртісі (1991). КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1987), Ресей Федерациясының екі мемлекеттік сыйлығының (1996, 2002) лауреаты.  ("Тот самый Мюнхгаузен", "Обыкновенное чудо", "Мой ласковый и нежный зверь" фильмдері);

1954 жылы Украинаның 2005-2010 жылдардағы үшінші президенті Виктор Ющенко дүниеге келді;

1985 жылы Ресей әншісі, актриса және "Блестящие"тобының бұрынғы мүшесі Наталия Асмолова дүниеге келді.

23 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді: 

1921 жылы әскери қайраткер, генерал-майор Баһадүрбек Байтасов дүниеге келді;

 1930 жылы жазушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әбілфайыз Ыдырысов дүниеге келді;

1953 жылы ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының, Кинематографистер одағының мүшесі Бақыт Қайырбеков дүниеге келді;

1956 жылы скрипкашы, "Камерата" классикалық музыка ансамблінің негізін қалаушы, директоры, көркемдік жетекші және солисі Гауһар Мырзабекова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бүгін не істесеңіз де сезімге ерік бермей, ақылға салыңыз. Жаңа істі бастаудың қажеті жоқ, одан да бітпеген шаруаңызды аяқтап тастаңыз, бүгінгі күні сондай-ақ маңызды шешімдерді қабылдамаған жөн.   

Жаңалықтар
0