Дерекқор

Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры

© Photo : Архив Русского театра драмы имени М. Ю. ЛермонтоваМихаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы эстетикасының эталоны саналатын театр 86 жылдық тарихында көптеген жүлде мен марапатқа ие болды

Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1933 жылы құрылды. Оның негізін салуға Юрий Рутковский, Владимир Зельдин, Зинаида Морская, Елизавета Кручинина, Евгений Диордиев және т.б. көптеген адам атсалысты. 1964 жылы Михаил Лермонтовтың 150 жылдық мерейтойына орай оның есімі осы театрға берілді. 70-жылдардың соңында театр "академиялық" дәрежесіне ие болды.

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
Лермонтов театрының репертуары

Театр осы күнге дейін көрермен назарына 500 қойылым ұсынды. Репертуарда балаларға да, ересектерге де арналған спектакльдер бар. Соңғы уақытта қойылған премьералар — "Ромео мен Джульетта", "Уильям Шекспир", "Маскарад" және "Ақылдың азабы".

Басты рөлдерді сомдайтын актерлер

Театр афишасынан көптеген танымал өз ісінің шеберлерінің есімін байқауға болады. Театрды Рубен Андриасян басқарады. Ал қойылымдарда Геннадий Балаев, Марина Ганцева, Нина Жмеренецкая, Ирина Лебсак, Юрий Померанцев, Валерий Гришко және т.б. актерлер ойнайды.

© Photo : Лермонтов театрыМихаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрындағы қойылым
Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры - Sputnik Қазақстан
Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрындағы қойылым

Театрдың жетістіктері

1983 жылы театр өзінің 50 жылдығын атап өтті. Осы кезде ұжымға Достық ордені табысталды. 2000 жылдың наурыз айында өнер ордасы театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін мәдениет комитетінің мақтау қағазымен марапатталды.

2008 жылы театр бір рет толық жөндеуден өтіп, заманауи жарық, дыбыс технологиялармен жабдықталды. Сондай-ақ, театрда ауаны тазарту жүйесі толықтай жаңартылды. Залға бір уақытта 846 көрермен сияды.

Жаңалықтар
0