Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев24 ақпан - күнтізбе
24 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 55-ші күн. Жыл соңына дейін 310 күн бар

24 ақпанда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

24 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін лотереяның туған күні аталып өтеді. "Лотерея" атауы француздың "hlot" – "жеребе" деген сөзінен шыққан, кейін ол ағылшын тіліндегі "lot" – "үлес" деген сөзге өзгерген. 1466 жылы 24 ақпан күні Еуропадағы алғашқы ұтыс ойын өтті. Оны Нидерланды суретшісі Ян Ван Эйктің жесірі Брюгге (Бельгия) қаласында ұйымдастырды. Лотерея оның күйеуінің қайтыс болғанына 25 жыл толуына орайластырылды.

 Іс-шара табысының негізгі бөлігі қала кедейлеріне арналған қайырымдылыққа жұмсалып, аз ғана бөлігі құрылтайшының қолына тиді.

Ойын тарихындағы ең қомақты джек-пот 640 миллион доллар болды, ұтыс ойынды "Mega Millions" (АҚШ) компаниясы өткізді. Сондай-ақ америкалық Джоан Гинтер джек-пот ұтудан көзге түсті. Алдымен бақытты әйел 5,4 миллион доллар, одан кейін 2 миллион доллар, оның ізін ала 3 миллион доллар, соңғы рет 10 миллион доллар жеңіп алды.

Жыл сайын 24 ақпанда Мексика көшелері жасыл, ақ және қызыл түске толып қалады. Осы күні Мексика жұрты ел туының туған күнін тойлайды. Сондай-ақ 1821 жылы Испаниядан Тәуелсіздік алған күнін атап өтеді.

Ту мерекесін алғаш рет 1937 жылы сол кезде Мексика президенті болған генерал Ласаро Карденас бекітті. Ол алғаш болып туға адалдық антын қабылдады. Мерекеге келетін болсақ, жыл сайын алаңдарда адалдық анты оқылады, ал мұнда жиналған жергілікті тұрғындар туға құрмет көрсетеді.

Таиландта бүгін Ұлттық әртіс күні аталып өтеді. Ұлттық әртіс – бұл Таиланд Ұлттық мәдениет комитетінің офисі әдебиет, бейнелеу өнері, архитектура, дизайн, орындаушылық өнер (би, музыка, театр, кинематограф) және мәдениет пен өнердің басқа салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген тай суретшілеріне жыл сайын беретін атақ.

Мереке 24 ақпанда тойланады, өйткені бұл күні  Буддха Лоетла Нафалай дүниеге келген. Бұл монарх белгілі суретші және ақын болған. Ол ақындарға қамқорлық жасады, ал ол билеген кезең Таиланд тарихына "Әдебиеттің алтын ғасыры" ретінде кірді.

24 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1446 жылы алғашқы лотерея өткізілді;

1887 жылы Париж және Брюссель телефон байланысымен біріккен ағашқы астаналар атанды;

1938 жылы нейлон қылынан жасалған тіс щеткасы сатылымға шығарылды;

1942 жылы "Америка дауысы" радиостанциясы хабар таратуды бастады (неміс тілінде).

24 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1917 жылы Торғай даласында атақты Доғал шайқасы болды. Бұл Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстағы ең ірі шайқас саналады.   

1992 жылы "Қазақкино" мемлекеттік концерні құрылды. Концерннің басқарма төрағасы болып О.Рымжанов сайланды;

2011 жылы Алматыда Қазақстан, Өзбекстан және Иран суретшілерінің "Караван" көрмесі ашылды.

24 ақпанда дүниеге келген танымал тұлғалар:  

1745 жылы Қара теңіз флотының командирі (1790-1792) Федор Ушаков дүниеге келді.   

1932 жылы кеңес эстрада әншісі, РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1974) Майя Кристалинская дүниеге келді;

1954 жылы Ресей және Америка әнші, шансон орындаушы Любовь Успенская дүниеге келді;

1955 жылы америкалық кәсіпкер, IT-технология дәуірінің пионері ретінде кеңінен танылған Стив Джобс дүниеге келді. Apple компаниясының негізін қалаушылардың бірі, директорлар кеңесінің төрағасы. Pixar киностудиясының негізін қалаушылардың бірі.

 24 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1904 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Садық Нұрпейісов дүниеге келді;

1924 жылы биші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, алғашқы балет әртістерінің бірі Алмас Бекбосынов дүниеге келді;

1948 жылы күйші, домбырашы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Білтай  дүниеге келді;

1973 жылы "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров дүниеге келді;

1975 жылы журналист, бірқатар теле және радио бағдарламалардың авторы, продюсеры және жүргізушісі Салтанат Қалиева дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Өте сенгіш және аңқау болсаңыз, бүгін қателесуіңіз мүмкін. Біреудің айтқанымен жүрмей, өз қалауыңызды орындауға тырысыңыз, сонда ғана қиындыққа тап болмайсыз.

Жаңалықтар
0