Дерекқор

"Современник" жастар халық театры

© Photo : "Современник" театры"Современник" жастар халық театрының ұжымы
Современник жастар халық театрының ұжымы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өнер ордасы 1978 жылы ашылып, 1983 жылы оған "халық театры" атағы берілді. Театр жастарға арналған драматургияны көрермен қауымға жеткізуде қосқан үлесі үшін "КСРО жазушылар одағы" мақтау қағазымен марапатталған

Театр әртістері патша сарайындағы, облыстық және қалалық шараларға қатысқан. Сондай-ақ, ол "Күзгі театр — 96", 2006 жылы Алматы қаласында өткен "Қазақстан — жастар шығармашылығы" фестивалінде, 2012 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен "Балтық шоқжұлдызы" фестивалінде лауреат атанды.

Театрдың мектеп-студиясында кімдер оқи алады?

Астана қаласындағы Жастар театрының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Жасампаз "Жастар" театрының құрылу тарихы
"Современник" жастар халық театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері — "ҚР білім беру саласының үздігі" Наталья Смецкая. Ол Астана қаласындағы және Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайының барлық шарасына атсалысқан-ды. Дәлірек айтсақ, бұл шаралар — Астана қаласы әкімі мен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұйымдастыруымен өткізілетін жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан және ерекше дарынды балаларға арналған шыршалар, жаңажылдық бағдарламалар.

2007 жылы халық театрында 6 мен 11 жас аралығындағы балаларға арналған "Арлекин" мектеп-студиясы ашылды. Бағдарлама төрт жыл оқуға жоспарланған. Түлектер кейін "Современник" театрында өнер көрсетуді жалғастырады.

© Photo : "Современник" театры"Современник" жастар халық театрының түлектері
Современник жастар халық театры - Sputnik Қазақстан
"Современник" жастар халық театрының түлектері

Осы күнге дейін театр 4 500 адамның өнер әлеміне қадам басуына себепші болды. Сондай-ақ, театр түлектері мен қызметшілері кино әлеміне де саяхат жасаған-ды. Мысалы, жуырда көрерменге жол тартқан "Махаббат станция-2" фильмінде театр түлегі Асқар Ілиясов басты рөлді сомдады. Аталған туындыны белгілі продюсер Баян Алагөзова түсірген болатын. 

"Современник" театры қайырымдылықпен айналысады

Бүгінгі таңда театр репертуарында "Қисық айналар патшалығы", "Мінсіз бейтаныстар", "Ойланыңыз, өтініш…", "Көрші көшеде жауған жаңбыр", "СВГ", "Мен кісі өлтірдім" сынды бірегей қойылымдар бар. Олардың бірі комедия болса, екіншісі — ертегі, үшіншісі — драма.

© Photo : "Современник" жастар театры"Современник" жастар театрының ұжымы ауруханада
Современник жастар халық театры - Sputnik Қазақстан
"Современник" жастар театрының ұжымы ауруханада

Театр ұжымына кез келген адам қосыла алады. Бастысы өнерге деген құштарлығы басым болса болғаны. Театр онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, сондай-ақ, түрлі қорға қаржылай көмектесіп, қайырымдылықпен айналысады.

Жаңалықтар
0