Жеңіс Қасымбек

Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек туралы қызықты деректер

2356
Қазақстан премьер-министрінің жаңа орынбасары Жеңіс Қасымбек туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Өмірбаяны

Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келді.

Женис Касымбек
© Sputnik / Владислав Воднев
Жеңіс Қасымбек

Отбасы жағдайы

Әкесі – Махмұд Қасымбеков, 1990 жылдары ҚР президенті кеңсесін басқарған. Жұбайы - Ақжан Қасымбек. Ақерке, Жансая, Ләйлім есімді үш қызы бар.

Білімі

1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын архитектор-дизайн мамандығы бойынша бітірген.

2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "экономист-менеджер" мамандығы бойынша білім алады;

Еңбек өтілі

Еңбек жолын Алматыдағы "Темірбанк" ашық акционерлер қоғамында бас банкир қызметінен бастаған (1997-1998).

  • Қазақстанның табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі темір жол көлігі және порттар бөлімінің басшысы (1998-1999);
  • Қазақстанның көлік және коммуникация министрлігі үйлестіру департаменті көлік саясаты бөлімінің басшысы (1999 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін);
  • ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктегі тарифтік саясат басқарма басшысы (1999-2000);
  • ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары (2000 жылдың сәуірінен мамырына дейін);
  • ҚР көлік және коммуникация министрлігі көліктегі тарифтік саясат департаменті директоры (2000 жылдың мамырынан қазанына дейін)
  • ҚР көлік және коммуникация министрлігі су көлігі департаменті директорының міндетін атқарушы (2000 жылдың қазанынан желтоқсанына дейін)
  • ҚР көлік және коммуникация министрлігінде су көлігі департаментінің директоры (2000-2004);
  • "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" РМК директоры (2004-2005);
  • ҚР көлік және коммуникация вице-министрі (2005-2009);
  • ҚР көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы (2009-2014);
  • ҚР көлік және коммуникация министрі (2014-2016);
  • ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі (2014 жылдың тамызынан 2016 жылдың маусымына дейін);
  • ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2016-2019);
  • ҚР премьер-министр министрінің орынбасары (2019 жылдың 25 ақпанынан бастап).

Марапаттары

  • "Құрмет" ордені;
  • "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалі;
  • "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі;
  • "Астанаға 10 жыл" медалі.

Ғылыми атағы

  • экономика ғылымдарының кандидаты;
2356
Кілт сөздер:
өмірбаян, Жеңіс Қасымбек
Тақырып:
Өмірбаяндар (80)
Загрузка...