Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрындағы Қарагөз спектаклі

Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры

105
Театрдағы барлық қойылым кәріс тілінде көрсетіледі. Ал қойылымның аудармасын құлаққап арқылы тыңдауға болады

Мемлекеттік корей музыкалық республикалық комедия театры 1932 жылы Владивостокта құрылды. Бұл — әлемдегі алғашқы кәріс театры. 1937 жылы депортация негізінде Қазақ кеңес социалистік республикасының Қызылорда қаласына көшірілді.

Театрдың негізгі тарихи кезеңдері

Қызылорда қаласында қарапайым жұмысшылар мен оқушылардың алдында өнер көрсететін жылжымалы театр құрылды. Алғашқы жылдары театр кәріс ұжымшар жұмысшыларының өмірін сипаттайтын Тхай Дян Чунның "Бақытты адамдар", Александр Корнейчуктың "Эскадра қазасы" және Максим Горькийдің "Дұшпандар" атты қойылымдарын сахналады.

1940 жылы театр Қызылорда облысының үшінші санаттағы кәріс музыкалық драма театры болып қайта құрылды.

1941 жылы сол кезеңдегі тарихи оқиғаларға сәйкес, театр репертуары Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер оқылып, әндер айтылатын концерттік бағдарламалармен толықты. Театр әртістері эвакуацияланған халық пен жарақат алғандардың алдында өнер көрсетті.

Тағы оқыңыз: "Наз" мемлекеттік би театрының құрылу тарихы

1942 жылдың 13 қаңтарында театр Қызылордадан Талдықорған облысы Қаратал ауданы Үштөбе станциясына көшірілді. Осыдан кейін атауы Талдықорған облыстық корей музыкалық-драма театры болып өзгертілді.

1942-1945 жылдары аралығында театр Таяу Шығыста кеңес үкіметін орнату үшін күрес жүргізген корейлердің өмірі туралы Тхай Дян Чунның "Хан Бом. До", Константин Финнің "Петр Крымов", Валентина Катаеваның "Көк орамал", Константин Симоновтың "Күндер мен түндер" шығармаларын сахналады.

1950 жылы Ташкент пен Талдықорған облыстарындағы корей музыкалық-драма театры бірікті. Жаңа театр Үштөбе станциясында құрылды. Театр шығармашылығында Тхай Дян Чунның "38 параллельден оңтүстікке қарай" және Ен Сен Неннің "Корея жалынның құрсауында" сынды қойылымдарының орны ерекше. Себебі бұл екі қойылым бірдей Кореядағы толғандырған мәселелерді көтереді.

1955 жылы корей театры Алматы қаласына гастрольдік сапармен барды.

1959 жылы театр қайтадан Қызылорда қаласына көшірілді. Бұдан кейін театр 1968 жылы Алматы қаласына көшіріліп, мәртебесін өзгертті. Осы сәттен бастап мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры деп аталды.

Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрындағы Син Чен ден қойылымы
Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрындағы "Син Чен ден" қойылымы

Театрдың жетістіктері

1982 жылы театрға 15 жыл толуына орай және кеңес театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.

1989 жылы театр Қытай Халық Республикасы мен Корея Республикасына гастрольдік сапармен барды.

1990 жылы театр Корея Республикасындағы Сеул мемлекеттік ұлттық театрдың "туыстасына" айналды.

1992 жылы Сеулде өткен ұлттық театр өнері фестивалінде өнер ордасы Хан Диннің "Ағашты тербетудің қажеті жоқ" қойылымы үшін бірінші жүлдесін иеленді. 

2002 жылы театр өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтіп, Қазақстан Республикасының президенті өнер ордасына алғыс білдірді. 

2005 жылы театр жетекшілігіне Корея президентінің атынан мақтау қағазы берілді.

Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрындағы Син Чен ден қойылымы
Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрындағы "Син Чен ден" қойылымы

2010 жылы мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры Сеулде халықаралық "Жібек жолы" фестивалін өткізу бастамасын көтерді. Фестивальге Қазақстанның атынан Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театры және мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры қатысты.

2012 жылы театр өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Театр жыл сайын Кореядағы фестивальге қатысып, Қазақстан қалаларын гастрольдік сапармен аралады. Мерейтойды атап өту рәсімі кезінде театр музейінің ашылу салтанаты өтті. Осы жылы театр президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, Korea National University of Arts — Кореяның ұлттық өнер университетімен бірігіп жұмыс істеу туралы меморандумға қол қойды. Осылайша театр әртістері Кореяның үздік университеттерінің бірінде тәжірибе жинақтап, шеберлігін шыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Тағы оқыңыз: Максим Горький атындағы театр туралы қызықты мәліметтер

2013 жылы Корея Республикасының рухани мұрасын сақтау орталығы мен мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры арасында келісімшартқа қол қойылды. Аталған келісімшартқа сәйкес, орталықтың үздік мамандары Корей театрына келіп шеберлік сабақтарын өткізеді.

2014 жылы Кунсан қаласында өткен халықаралық театр фестивалінде театр ұжымы Корея Республикасының ассоциациясы атынан арнайы медаль мен алғыс хат алды.

Театр репертуары

Театр репертуарында ұлттық және заманауи кәріс спектакльдері бар. Барлық қойылым кәріс тілінде көрсетіледі. Сондай-ақ, құлаққаптың көмегімен қойылымдарды орыс тілінде тамашалауға болады. 

105
Кілт сөздер:
қойылым, әртіс, өнер, кәрістер, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (77)
Тақырып бойынша
Астанадағы орыс театры "Зың-зың" әніне ролик түсірді
"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады
Асанәлі Әшімовтің шәкірттері жаңа театрдың тұсауын кесті
Әуезов атындағы драма театрдың жаңа директоры тағайындалды
Елбасы "Астана Балет" театрының Нью-Йорктегі концертіне барды
Министр Астанада қазақ театрының жаңа ғимараты қашан салынатынын айтты
"Актриса болуды армандадым": Бірінші ханым Сара Алпысқызы туралы не білеміз?
Загрузка...