3 наурыз - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 наурыз

63
Бұл - Григориан күнтізбесінде 62-ші күн. Жыл соңына дейін 303 күн қалды

3 наурызда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

3 наурызда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Бүкіләлемдік жазушылар күні. Бұл мереке күнтізбеге 1986 желтоқсанда өткен халықаралық PEN-клубының бастамасымен енгізілді.

PEN клубы ("pen" ағылшын тілінен аударғанда "қалам" деген мағынаны білдереді. Бірақ аталған сөз үш сөздің бастапқы әрпінен құралған аббревиатура болып саналады: Poet – ақын, Essayist – очеркші, Novelist – жазушы) ХХ ғасырдың басында жазушы Кэтрин Скотт идеясымен Лондонда құралған.

Сонымен қатар бүгін – халықаралық балалар телевидениесі мен радиохабар тарату күні. БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) бастамасымен тойлана бастаған. Мерекенің мақсаты ересектерге телекөрермендердің тағы бір контенті – бүлшіндер мен балалар бар екенін еске салу. Аталған мереке наурыздың бірінші жексенбісінде аталып өтеді.

Бүгін – Жапонияда қыздар күні. Бұл күні жапон қыздар кимоно киіп, бір-біріне қонаққа барып, сыйлық алмасады. 

Сонымен бірге, бүгін Грузияда аналар күні аталып өтеді. Грузияның бірінші президенті Звиада Гамсахурдианың бастамасымен мекере тойлана бастаған. 1991 жылы Грузияның жоғарғы соты мейрамды заңдастырды.

3 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1639 жылы әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі, АҚШ-тың Бостон қаласында негізі қаланған университетке меценат Джона Гарвардтың есімі берілді;

1876 жылы Қоқан хандығы Ферғана облысы деп аталып, Ресей Империясына қосылды;

1876 жылы жылы Канаданың астанасы Ванкуверден Сиэтлге (АҚШ) әлемдегі алғашқы халықаралық авиапошта жөнелтілді. 

1913 жылы Вашингтонда АҚШ президентін ұлықтау қарсаңында "барлық тұрғындарға тең дауыс беру құқығы берілсен" деген ұранмен 5 000 әйел шеруге шықты;

1915 жылы АҚШ-та Томас Диксоннің "Человек клана" романы бойынша түсірілген "Рождение нации" (режиссер Дэвид Гриффит) атты фильмнің тұсаукесер рәсімі өтті;

1921 жылы канадалық физиолог Фредерик Грант Бантинг инсулин гормонын ойлап тауып, 1923 жылы Нобель сыйлығын иеленді;

1923 жылы әлемде алғаш рет Time апталық газеті сатылымға шықты;

1924 жылы Түрік ұлттық ассамблеясы Осман династиясын таратып, халифатты және биліктің басқа да діни органдарының күшін жойды. Нәтижесінде зайырлы оқу орындарының комиссариаты құрылды.

3 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылды;

2010 жылы Астана қаласындағы Astana Tower ғимаратында Финляндияның Қазақстандағы елшілігі ашылды;

3 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар

1805 жылы швейцариялық саясаткер, Швейцарияның тұңғыш президенті Йонас Фуррер дүниеге келді;

1847 жылы АҚШ ғалымы, өнертапқыш және кәсіпкер, телефонды ойлап тапқан Александр Белл дүниеге келді;

1899 жылы "Три толстяка" ертегісінің авторы, жазушы Юрий Олеша дүниеге келді;

1925 жылы КСРО және Ресейдің театр және кино актрисасы Римма Маркова өмірге келді. Ол "Гардемарины, вперед!", "Ночной дозор", "Отец и сын" атты фильмдер арқылы көрерменге таныс;

1940 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Георгий Мартынюк дүниеге келді. Ол – РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі (1981), РФ халық әртісі (2003);

1948 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері Владимир Борисов дүниеге келді. Ол – РКФСР-дің еңбек сіңірген әртісі (1989), РФ халық әртісі (1999);

3 наурызда Қазақстанда кімдер туды

1914 жылы Қазақстанның халық әртісі, әнші Ли Хам Дек дүниеге келді;

1915 жылы профессор, тарих ғылымдарының докторы, Казақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер Павел Пахмурный дүниеге келді;

1930 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, кен ісі саласындағы қазақ ғалымы Майжан Мұқышев дүниеге келді;

1931 жылы профессор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР халыққа білім берудің үздігі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күләш Құнантаева дүниеге келді. Ол Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 9-10 шақырылымындағы депутаты болған;

1983 жылы "ҚазПошта" АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитеттің экс-төрағасы Бағдат Мусин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі 

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Күн өте қарбалас өтеді. Ішкі түйсігіңізне сеніңіз, қателеспейсіз. Бүгін ашуға ерік бермеңіз, артық кетуіңіз мүмкін.

63
Кілт сөздер:
қызықты деректер, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар, атаулы күндер
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 наурыз
Загрузка...