5 наурыз - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 наурыз

19
(Жаңартылды 01:12 05.03.2019)
Бұл – Григориан күнтізбесінде 64-ші күн. Жыл соңына дейін 301 күн бар

5 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

5 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

 Бүгін барлық адамзат үшін аса қажет мереке – Өкпе-ренішті кешіру күні аталып өтеді. Өкпе-реніш – бұл жанды жегідей жейтін, айналадағының бәрін жайпап, ренжіген адамның жүрегін ауыртатын жағымсыз эмоция.  

Мерекенің атауы айтып тұрғандай, бүгін барлық ренішті кешіретін уақыт келді.

Ұзақ уақыт бойы хабарсыз кеткен ескі досыңызға хат жазуға таптырмас уақыт. Бұрынғы серіктестеріңізді, жұмыстағы әріптестеріңізді және туыстарыңызды кешіріңіз. Егер сіз айналаңыздағы барлық адамды кешірсеңіз, онда сізді де кешіреді. Жан дүниеңмен сырласу татуласу мен түсінісуге жасалған алғашқы қадам саналады.

Сондай-ақ, бүгін – Сөндірілген гаджеттер күні. Смартфондар, планшеттер, iPod, коммуникаторлар, MP3 плеерлер, электронды кітаптар және басқа да гаджеттер біздің өмірімізге дендеп кірді және олардың басым бөлігінің негізгі міндеті – Интернетке шығу. Адамдар көп уақытын желіде өткізеді, жағдайды реттеп, қолданушылардың виртуалды тәуелділігін еңсеру үшін ерекше әлемдік мереке ойлап табылды. Алғаш рет ол туралы Америкада айтылды.

Бастапқыда ол Интернеттен бас тарту акциясының міндетін атқарды, алайда біраз уақыттан кейін қалта электроникасын толығымен сөндіріп, бір тәулік ішінде Интернет, әлеуметтік желілер, қоңыраулар мен SMS-хабарламаларды қолданбау идеясы туындады.

Өзінің табандылығына күмән келтіретіндер үшін арнайы бағдарлама жасалды, ол қатысушыларға мобильді құрылғыларды өшіру қажеттігін еске салды. Бұл қиялдағы өмірге наразылық білдіру күні. Мерекенің мәні – құрылғыны өшіріп, шынайы әлемнен ләззат алу, көктемде табиғатқа шығып, қалада серуендеп, жақсы адамдармен әңгімелесуге, жаңа достар табуға, екінші жартыңды табуға болады.    

Бүгін сондай-ақ Шаймен салынған пейзаж күні аталып өтеді. Оны неге атап өтпеске? Шайды алып, табиғат суретін салыңыз. Жасыл, сары, қоңыр, қызыл, шоколад түсті реңк ... Мұндай түстердің несі жаман? Ол асыл, таза, жанға жайлылық пен тыныштық сыйлайды. Оны бірсарынды деп айта алмайсың. Өйткені, шебердің қолынан шыққан қара-ақ графиканың өзі біздің түрлі-түсті әлемдегі қиялымызға әсер етеді.   

5 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1868 жылы Англияда степлер патенттелді;

1989 жылы "Disney Channel" телеарнасында "Чип пен Дэйл көмек беруге асығады" мультсериалының тұсаукесері өтті;

1997 жылы Солтүстік және Оңтүстік Корея жиырма бес жыл ішінде алғаш рет келіссөз жүргізді;

2000 жылы ағылшын ғалымдары алғаш рет шошқаларды клондады.

 5 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1954 жылы ақмолалықтар тың игеруге келген Мәскеу еріктілерінің алғашқы эшелонын қарсы алды;

1975 жылы Павлодар трактор зауытының конвейерінен "Казахстанец" тракторының 100 мыңыншы данасы шығарылды;

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

1993 жылы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы" туралы Заң күшіне енді.

5 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар:   

1922 жылы кеңес ақыны және журналист, әскери тілші Семен дүниеге келді;

  1935 жылы кеңес және грузин актері, кинорежиссер, сценарист және тележүргізуші Баадур Цуладзе дүниеге келді. Грузин ССР-нің еңбек сіңірген әртісі (1979). ("Приключения буратино", "Блондинка за углом", "Пеппи длинный чулок" фильмдері);

1961 жылы Ресей театр және кино актрисасы Елена Яковлева дүниеге келді. ("Интердевочка", "Каменская" сериалы);

 1974 жылы америкалық және Голливуд актрисасы Ева Мендес дүниеге келді. ("Двойной Форсаж", "Однажды в Мексике" фильмдері).

5 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді:    

 1952 жылы Astana Opera театрының музей бөлімінің жетекшісі Сәуле Құсайынова дүниеге келді;

1952 жылы театр актері, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қадырбек Демесін дүниеге келді;

1959 жылы ҚР парламенті сенатының депутаты Абдалы Нұралиев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Сізді бүгін бәсекелестіктің мысы басады. Бұл күнді достарыңыздың ортасында түрлі ойындар ойнап немесе физикалық жаттығулардан жарысқа түсе отырып өткізіңіз. Сіз барлық қиындықты жеңе аласыз, ал ол өзіңізге деген сенімділікті арттырады.

19
Кілт сөздер:
күнтізбе, қызықты деректер, тарихи оқиғалар, атақты адамдар, танымал есімдер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (326)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 наурыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 наурыз
Загрузка...