Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры

Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры

7
(Жаңартылды 13:20 12.03.2019)
Бүгінгі таңда театр ұжымы шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасып жүр

Театр репертуарындағы қойылымдар 

Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры 1985 жылдың 29 қарашасында ашылды. 33 жыл ішінде 70-тен астам спектакль қойып, миллионнан астам көрерменге қызмет көрсетіп келеді.

Театр репертуарында қазақ халқының "Ұр, тоқпақ!" ертегісі, "Дала аңызы, уа, Алдар!", Серік Қалиевтің "Қоянның қулығы", Михаил Бартеневтің "Қайырлы күн!", Ахмеджан Қадыровтың "Малшылар патшасы", Христиан Гюнтердің "Мүйізтұмсық пен керік" және "Бақашық пен теңіз", "Күн іздеген аққалалар", "Назар аударыңыздар, Клоунада", "Ат тұяғын тай басар", "Қияндарға кетпеші" және әлемдік классикалық әдебиет үлгілерінен ағылшын ертегісі желісімен жазылған "Дулитл хикаялары", әлемге әйгілі дат ертегішісі Христиан Ганс Андерсеннің "Ұсқынсыз үйрек", "Су перизаты", "Мукраттың жазасы", жапон халық аңызы бойынша "Аспандап ұшқан ақ тырна", Николай Гогольдің "Шинель" повесінің желісі бойынша "Шапан" сияқты қойылымдары екі тілде тұрақты түрде сахналанады. 

Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театрындағы дайындық кезінде түсірілген сурет
Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театрындағы дайындық кезінде түсірілген сурет

Қуыршақ театрының жүлде қоры

2001 жылдан бері облыстық "Алақай" қуыршақ театры көптеген халықаралық фестивальдің лауреаты мен дипломанты атанды. 2007 жылы "Кәсіби мүмкіндігі жоғары театр" атағын иеленсе, 2008 жылы ТМД елдерінің ең таңдаулы "XXI ғасыр театры" деп бағаланды.

"Оренбург қарбызы", "Республикалық театр", "Рязанда қыз көру", "Екеу аз, үшеу көп", "Ортеке", "Жұмыс істейтін кішкене жылқы", "Чир Чайаан", "Алтын бетперде", "Дарынды ғасыр бас иеді", "Чодари хаел", "Ұлы Ақжелкен", "Наурыз", "Ассалаумағалейкум – III", "Батыс Қазақстан аймақтық форум-фестивалі", "Бүкіләлемдік қуыршақтар карнавалы", "Тақ-теке", "Маршак", "Балауса" эксперименталды қойылымдар, "Буа: Диалог кеңістігі" сынды фестивальдерге қатысып, жүлделі орынды иеленген.

Сондай-ақ, театр актерлері Гүлнәр Байғамамбетова, Ләззат Сүлеймен, Ақбөбек Жанәділова, Ербол Ермағамбетов, Нұрат Мұратов Қазақстан Республикасының бірінші президенті қорының лауреаты. Мұнымен қатар, Ербол Исмағұлов "Ең үздік актер", Әлібек Ермекбаев "Үздік музыкалық көркемдеу" номинацияларымен марапатталған.

2004 жылы театр базасында "Ассалаумағалейкум!" атты І халықаралық фестиваль өтті.  Аталған шараға Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның өнер ордалары қатысты. Бұдан кейін аталған фестиваль 2010, 2013 және 2015 жылдары өтті.

Тағы оқыңыз: Махамбет атындағы драма театры туралы қызықты деректер

2015 жылы театрдың 30 жылдық мерейтойына арнап "Ассалаумағалейкум, Алақай!" кітабы басып шығарылды.

Жыл сайын театр қойылымдарына жаңалық енгізу үшін Станислав Железкин, Григорий Гипиков, Юрий Фридман секілді Ресейдің халық әртістері шақырылады. Олар тәжірибесін бөлісіп, әртүрлі тақырыпта шеберлік сабақтарын өткізеді.

Краснояр режиссері Евгений Пермяков пен театрдың бас көркемдік жетекшісі Әсия Құрманалина бірігіп қойған "Аттардың жалын кім өреді?" атты қойылымы көрерменнің оң бағасына ие болды. Бүгінде осы қойылым театрдың бойтұмарына айналып отыр.

Қуыршақ театрындағы дайындық барысы
"Қуыршақ" театрындағы дайындық барысы

Соңғы 15 жылда "Алақай" театрының ұжымы Оренбург қаласындағы мемлекеттік театр мен "Пьеро" атты қуыршақтар театрына гастрольдік сапармен барып жүр. Сондай-ақ, шетелдік екі театр әртістері де қазақстандық театрға келіп, өнерін көрермен қауымға паш етуде. Ақтөбе облыстық қуыршақтар театры бар шабытты жеткен жетістігінен алады. Ең бастысы, әртістерде кәсібіне деген махаббат бар. Сондай-ақ, осы күнге дейін барлық қойылым көрерменнің оң бағасына ие болып үлгерді.

Театрдың шығармашылық ұжымы

Бүгінгі таңда театрдың директоры – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әсия Тәжібекқызы Құрманалина.

Тағы оқыңыз: Абай атындағы опера және балет театры туралы деректер

Театр әртістері - Ақбөбек Жанәділова, Нурат Мұратов, Гүлнәр Беймағанбетова, Әлішер Орынбасаров, Әлия Салитова, Жанар Молдашева, Ербол Ермағамбетов, Алина Сералина, Гауһар Оралбай. 

7
Кілт сөздер:
өнер, әртіс, актер, қойылым, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (64)
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театры Пласидо Домингоның ұлына қатты ұнады
Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
"Жас сахна" театры
Алғашқы қойылымдарын жертөледе сахналаған ARTиШОК театры
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры
Мемлекеттік корей музыкалық комедия театры
"Екі езу" сатира театры
Загрузка...