Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры

Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры

35
(Жаңартылды 13:25 12.03.2019)
Театр он жыл ішінде бес республикалық, жеті халықаралық деңгейдегі 11 фестивальге қатысып, жүлделі орындарды иеленді

Театр қалай құрылды

Өнер ордасы 2003 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен ашылды. Бір мезгілде екі зал төрінде, алғаш рет Ғабит Мүсіреповтің "Қыз Жібек", Тәкен Әліпбаевтің "Томирис" туындылары сахналанып, театр шымылдығын ашты.

2003 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР еңбек сіңірген қызметкері Нұрнияз Мұханов театрдың директоры болып қызмет етіп келеді.

Театрдың көркемдік жетекшісі, бас режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері Гүлсина Мерғалиева. Ол халықаралық, республикалық фестивальдерде 7 рет "Үздік режиссер", 2013 жылы "Жыл режиссері" атанып, "Еңлікгүл" сыйлығына ие болды.

Театрдың жетістіктері

Театр он жылдың ішінде 5 республикалық, 7 халықаралық деңгейдегі 11 фестивальге қатысты. Республикалық фестивальден бас жүлде мен бірінші орын алды. Театрдың ашылуынан бастап бүгінгі күнге дейін шығармашылық топ зор жетістіктерге жетті. "Мәдениет қайраткерлері": театрдың бас суретшісі - Гүлнәр Канафина, директордың орынбасары - Мырзахмет Жұмағалиев.

Нұрмұхан Жантөрин атындағы театрдың актерлері
Нұрмұхан Жантөрин атындағы театрдың актерлері

"Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі": актриса Айнұр Абенова, актер Кенжебек Башаров. "Серпер" сыйлығының лауреаттары: актер Кенен Ақүрпеков, актриса, пластика режиссері Гюль Зиятова, актриса Бану Манкеева. "Дарын" сыйлығының иегері: актер Медғат Өмірәлиев.

2003 жылы Алматы қаласында Наталия Сацтың 100-жылдығына орай ұйымдастырылған "Республикалық жастар мен балаларға арналған қойылымдар фестиваліне" Тәкен Әліпбаевтің "Томирис" (режиссері Гүлсина Мерғалиева) спектаклімен қатысып, театр актрисасы Айгүл Наремгенова "Көрермен көзайымы" номинациясына ие болды.

Тағы оқыңыз: "Екі езу" сатира театры туралы қызықты деректер

2003 жылы Орал қаласында Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған ХІ республикалық театрлар фестивалінде Бақыт Беделханұлының "Махамбет" поэтикалық драмасымен режиссер Гүлсина Мерғалиева "Режиссерлік ізденісі үшін" номинациясы бойынша лауреат атанды.

2004 жылы VII халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінде Абайдың қара сөздері желісінде жасалған "38 немесе Қарақұрт" спектаклін қойып, режиссер Гүлсина Мерғалиева бас жүлдені иеленді.

2005 жылы Құрманбек Жандарбеков пен Қанабек Байсейітовтің 100 жылдығына арналған ХІІІ республикалық театрлар фестивалінде осы "38 немесе Қарақұрт" қойылымы "Шығармашылық жаңа ізденістері үшін" номинациясы бойынша лауреат атанды. 2008 жылы Қазақстан театрларының XVI республикалық фестивалінде театр І орын иеленді.

2011 жылы тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Қазақстан театрларының ХІХ фестивалінде "Перзентхана" спектакліндегі рөлімен актриса Майра Бақбердиева "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясын иеленді және "Ең үздік режиссерлік шешім" номинациясы бойынша режиссер Гүлсина Мерғалиева марапатталды.

Нұрмұхан Жантөрин атындағы театрдың ұжымы
Нұрмұхан Жантөрин атындағы театрдың ұжымы

Театр үнемі шығармашылық ізденіс үстінде. 2012 жылы Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына орай Орал қаласында өткен Қазақстан драма театрларының ХХ республикалық фестивалінде "Зілзала" спектаклі үшін "Ең үздік режиссерлік шешім" жүлдесін иеленді. Қойылымда басты рөлдерді сомдаған Бану Манкеева, Марат Абай-Ділдә, Айнұр Әбенова, Кенжебек Башаров, Гюль Зиятова, Кенен Ақүрпеков актерлік ансамбльмен, шебер үйлестірілген тұтастықпен, әр жанрдағы шығармаларды бір арнаға тоғыстырып, актерлік өнердің жоғары мектебін көрсете алды.

2013 жылы "Тұңғышбай Әл-Тарази Таразға шақырады" атты актерлерге арналған І республикалық театр фестивалінде "Іздедім сені" қойылымында сомдаған рөлі үшін Бану Манкеева "Жоғарғы актерлік шеберлігі үшін" номинациясын иеленді.

Тағы оқыңыз: Жасампаз "Жастар" театры туралы қызықты деректер

2014 жылы Орталық Азия мемлекеттерінің V халықаралық театр фестивалінде Мұхтар Әуезовтың "Қаралы сұлу", Стефан Цвейгтің "Амок" новелласы бойынша және 2011 жылы Жапонияда болған зілзаланың желісімен қойылған "Зілзала" спектаклінде сомдаған рөлі үшін Гюль Зиятова, Айнұр Әбенова, Бану Манкеева "Екінші пландағы үздік рөл" номинациясын иеленді.

2015 жылдың мамыр айында Қазан қаласында өткен "Наурыз" театр фестиваліне "Зілзала" қойылымымен қатысып, әділқазылар алқасының оң бағасын алды. Осы жылдың маусым айында Астана қаласында өткен "Сахнадан сәлем" атты халықаралық театр фестиваліне және қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға Әбіш Кекілбаевтің "Абылайхан" қойылымымен қатысты.

Театр ұжымы 2015 жылдың 8-10 қазан күндері аралығында Түркменстан Республикасының Мары қаласында болып, "Мары – түркі дүниесінің мәдени астанасы 2015" бағдарламасы аясында өткен ТҮРКСОЙ мүше елдерінің IV мемлекеттік театр жетекшілері кеңесінің жиыны мен театр труппаларының көрсетіліміне Сұлтанбек Құдайбергеннің "Перзентхана" драмасымен қатысып, өнер көрсетіп қайтты.

Театр Астана қаласына, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал, Жамбыл облыстарына және Ташкент, Каир, Қазан қалаларына гастрольдік сапарларға, Ашхабад қаласында өткен II халықаралық фестивальге қатысып, өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру, өнерді көпшілікке таныту бағытында едәуір атсалысты.

Нұрмұхан Жантөрин атындағы театрда қойылым кезінде түсірілген сурет
Нұрмұхан Жантөрин атындағы театрда қойылым кезінде түсірілген сурет

Театр репертуарындағы қойылымдар 

Бүгінгі таңда репертуарда 60-қа жуық қойылым бар. Қазақ классиктері Мұхтар Әуезовтің "Қаралы сұлу", Ғабит Мүсіреповтің "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", Әбіш Кекілбаевтің "Махаббат мұңарасы", Исраил Сапарбайдың "Сыған серенадасы", Бақыт Беделханұлының "Махамбет" және "Ақбөбек", "Ант" қойылымдары сахналанды.

Дүниежүзілік классиктер Уильям Шекспир "Ромео мен Джульетта", Жан-Батист Мольер "Тартюф", Флоримон Эрвенің "Мадемуазель Нитуш" драмаларынан бастап, орыс драматургтері Людмила Разумовскаяның "Топырақсыз бақша", Александр Володин "Қос жебе", Антон Чехов "Скандальные историй", Надежда Птушкина "Күтпеген махаббат", Александр Вампилов "Старший сын", көршілес мемлекеттерден Саид Ахмад "Келіндер көтерілісі", Мар Байджиев "Іздедім сені", Георгий Хугаев "Көршілер" т.б шығармалар сахна төрінде үзілмей қойылып келеді.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік Корей музыкалық комедия театрының құрылу тарихы

Қойылымдар сапасын арттыру, іс-тәжірибе алмасу бағытында Қазақстанның облыстық аймақтарынан режиссер мамандары шақырылып тұрады. ҚР халық әртісі профессор Есмұхан Обаев, ҚР халық әртісі Ғафиз Есимов, Қызылорда облыстық театрының көркемдік жетекшісі Әмір-Темір Хұсейін, режиссер Мұрат Ахманов, Әлімбек Оразбеков тәрізді елімізге белгілі мамандар шақырылды. Бүгінгі таңда театрда 51 әртіс, одан бөлек 47 шығармашылық қызметкер, 9 цех, 700 кісілік үлкен зал, 210 көрермен сиятын кіші зал жұмыс жасайды.

35
Кілт сөздер:
марапат, актер, қойылым, өнер, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (68)
Тақырып бойынша
Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
"Жас сахна" театры
Михаил Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
"Современник" жастар халық театры
Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
Астана қаласы әкімдігінің "Қуыршақ" театры
Загрузка...