Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 наурыз

© Sputnik / Владислав Воднев12 наурыз - күнтізбе
12 наурыз - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесінде 71-ші күн. Жыл соңына дейін 294 күн бар

11 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

12 наурызда әлемде қандай қызық оқиға болды?

Бүгін - Бүкіләлемдік ананас күні. Бұл мейрамда диеталық ас ретінде танылатын ананастың түр-түрі ұсынылады. 1970 жылы 12 наурызда Гавайиде ананастың ең дәмді сұрпы - DEN MONTE GOLD сатылымға шығарылды. Мысалы, Қытайда жаңажылдық дастарханға ананас қойылмайынша қонақтар үстелге отырмайды. Өйткені олар ананас жиналған жұртқа жетістік әкеледі деп ырымдайды.

Гиннестер рекорды кітабына 1994 жылы ең үлкен ананас енді. Оның салмағы 8 келі болған. Ал бүгіндері ананастың 60-тан аса сорты бар. Оның ішінде көп тұтынылатыны: Куин, Монте Лирио, Кайендік, Сингапурлық және басқа да түрлері.

Ресейде 12 наурызда жыл сайын қылмыстық-атқарушы жүйе қызметкерлерінің күні тойланады. Бұл кәсіби мереке РФ президентінің 2010 жылы 16 қарашадағы қаулысымен бекітілген. Бұл датаның белгіленуі де кездейсоқтық емес. 1879 жылы 12 наурызда орыс патшасы Александр ІІ түрме департаментін құру туралы жарлыққа қол қойған. Ресей тарихында ұрлық-қарлыққа, кісі өлтіруге, тонауға, жалған айыптауға Х-ХV ғасырлардан бері жаза қарастырылады. Мысалы, ұрыларға тағайындалған ежелгі жаза өте қатаң болған. Кім де кім ұрлық үстінде ұрыны ұстап алса, оны сол арада өлтіруге қақылы еді.

АҚШ-та скаут қозғалыстары өте танымал әрі олардың атаулы мереке күні де бар. 12 наурызда жыл сайын Скаутшы қыздар күні тойланады. 1912 жылы 12 наурызда Саваннада (Джорджия штаты) алғашқы әйелдер скаут отрядының кездесуі өткен. Кездесуге 18 скуатшы қыз қатысқан. Ал бүгіндері АҚШ-та Скаут қозғалысына қатысушылардың саны 3,5 миллионан асады.

Скаутшы әйелдер қозғалысының негізін қалаушы - Джульетта "Дэйзи" Гордон Лоу. 1911 жылы Лоу Шотландияда алғашқы скаутшы қыздар (Girl Guides) отрядын құрды. Кейін олар 12 наурызда Саваннада кездесу өткізді. 1915 жылы қозғалыс атауын Girl Scouts деп өзгертіп, оның тұңғыш президенті Лоу болды. Қозғалыстың басты мақсаты – қыздарды физикалық, рухани және ақыл-ой тұрғысынан дамыту. Олар көбіне тауға шығып саяхаттауға, ашық аспан аясында демалуға басымдық береді. Скаутшы қыздар қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады.

12 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар

1229 жылы крестшілер әскері Иерусалимді басып алды;

1609 жылы Бермуд аралдары британ колониясына айналды;

1881 жылы Тунис Франция ықпалындағы (протекторатына) елге айналды;

1911 жылы Рокфеллеровск институтының докторы Флетчер балалардың сал ауруының себебін анықтады.

12 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Алматы-Шарджа (БӘӘ) бағыты бойынша әуе рейсі ашылды;

1999 жылы Каирдегі (Мысыр) Қазақстан елшілігі орналасқан көшеге Абай есімі берілді;

2010 жылы Будапеште өткен Болон министрлер форумы мәжілісінің барысында Қазақстан Болон процесіне қосылды.

12 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1863 жылы XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басындағы орыс ойшылы, қоғам қайраткері, кеңес ғалымы Владимир Вернадский дүниеге келді;

1881 жылы Түрік республикасының негізін қалаушы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік дүниеге келді;

1939 жылы ресейлік әнші, романс пен шансон орындайтын қала фольклорының өкілі Аркадий Северный дүниеге келді;

1940 жылы орыс және кеңес жазушысы, сатирик, драматург, сценарист, тележүргізуші, РФ мемлекеттік сыйлықтың иегері Григорий Горин дүниеге келді;

1946 жылы америкалық актриса, әнші, "Оскар" сыйлығының иегері Лайза Минелли ("Кабаре" фильмі) дүниеге келді.

12 наурызда Қазақстанда кім туды:

1963 жылы Астана қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Ермек Аманшаев дүниеге келді;

1964 жылы Түркістан облысының әкімі, экономика ғылымының докторы Өмірзақ Шөкеев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Торпақ – бақ-қуаттылықтың символы, сондықтан бүгін депозит ашып немесе бір іске ақша салуға қолайлы. Бұл күні барлық қаржыға қатысты іс сәтті болмақ, жылжымайтын мүлікке қатысты жасалған келісімшарттар да жемісті болады.

Жаңалықтар
0