Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры

Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры туралы қызықты деректер

143
Бүгінгі таңда театр репертуарында отандық туындылармен қатар, орыс, өзбек, қырғыз, ағылшын авторларының 30-ға жуық комедиялық қойылымдары бар

Театр тарихы

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры еліміздегі жас өнер ордаларының бірі. Ол 2008 жылы 4 сәуірде құрылды. Театр ең алғаш С.Жүнісовтің "Қысылғаннан қыз болдық" пьесасының желісімен жазылған У.Әбдірайымовтың "Ауылым – әнім" музыкалық қойылымымен шымылдығын түрді.

Театрға Қайрат Қарғабаев басшылық етеді. Театрдың көркемдік жетекшісі - Мақсат Айтжанов.

2011 жылдың қараша айында театрға бұрынғы "Шымкент" кинотеатрының ғимараты берілді. Театрда жалпы саны 86 адам, оның ішінде шығармашылық салада 36 адам қызмет атқаруда.

Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрындағы қойылым
© Photo : театрдың баспасөз қызметі
Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрындағы қойылым

Театрдың беткеұстар әртістері

Театр әртісі У.Әбдрайымовтың "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері, Ж.Ақшораның ҚР Мәдениет қайраткері атақтары бар.

Одан бөлек мұнда О.Қалыбекова, С.Алтаев, Ғ.Қалыбаев, Ұ.Базарбаева, Н.Байысбек, Н.Зеренбаев, С.Биғабылов сынды тәжірибелі әртістермен қатар, көптеген жас таланттар да жұмыс істейді.

Театрдың жетістіктері

Театр түрлі фестивальдерге қатысып, жоғары жүлделі орындарды иеленіп келеді.

2012-2013 жылдары Шымкенттегі "Әлем әзілі"атты халықаралық І, ІІ-ші фестивалінде театр үздік нәтиже көрсетті. Бұл байқауда Ресей, Қытай, Жапония, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан сынды елдердің белді сатириктері бас қосты.

"Театр көктемі - 2011", "Театр көктемі - 2013", "Театр көктемі - 2014" фестивальдерінде де Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры түрлі марапаттарды иеленді.

Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрындағы қойылым
© Photo : театрдың баспасөз қызметі
Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрындағы қойылым

Қазақ хандығының 550, Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған "Театр көктемі - 2015" облыстық фестивалінде "Ең үздік қойылым" номинациясы бойынш жүлделі орынды иеленді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Театр көктемі – 2016" облыстық театр фестивалінде Р.Отарбаевтың "Қараша қаздар қайтқанда" тарихи драмасымен қатысып, "Актерлік ансамбльдік тұтастық" номинациясын жеңіп алды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен "Айтқыштар Ақтөбеде" атты республикалық VІІ әзіл-сықақ байқауында театр артистері І орынды иеленді.

2017 жылы Түркістан қаласында өткен Түркі әлемінің "Күлкі жәрмеңкесі" халықаралық фестивалінде театр "Жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін" грамотасымен және қаржылай сертификатпен марапатталды.

Қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған Түркі әлемі театрларының "Театр көктемі-2017" халықаралық фестивалінде К.Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметші" комедиясымен қатысып, ІІІ-орынды иеленіп, қаржылай сертификатпен марапатталды.

2017 жылы Астана қаласында өткен "ЭКСПО-2017" дүниежүзілік көрмесі аясында "Оңтүстік әзілдері" атты концерт ұйымдастырды.

2018 жылы Х. Шаженовтың 110 жылдығына және ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Р.Сейтметовтың 80 жылдығына арналған "Театр көктемі-2018" облыстық театр фестиваліне М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясын ұсынып, І орынды иеленді.

143
Кілт сөздер:
өнер, театр, Шымкент
Тақырып:
Қазақстан театрлары (77)
Тақырып бойынша
Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры
Семейдегі "Дариға-ай" жастар театры
Тұрсынбек Қабатовтың комедия және сатира театры
"Екі езу" сатира театры
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
Загрузка...