Абай атындағы мемлекеттік музыкалық қазақ драма театры

Абай атындағы мемлекеттік музыкалық қазақ драма театры

20
(Жаңартылды 10:38 18.03.2019)
Өнер ордасы 85 жылдық тарихында үш жүзден астам қойылымды сахналады

Театр қалай құрылды

Семей қаласындағы Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры - бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы. 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен "Ойқұдық" жайлауында қойылған "Еңлік-Кебек" пьесасы қазақ еліндегі жаңа өнердің тұсаукесері болды. Осы Ойқұдықта маздаған шоқ бүгін егеменді елдің өркендеген өнеріне айналып, ұрпақ тәрбиесінде елеулі рөл атқаруда.

1920 жылы Иса, Жұма, Қалибек, Әміре сынды өнер майталмандары жұмыс істеген "Ес-Аймақ" театры 1934 жылы ғана ресми бекітілді. Театр 85 жылдық тарихында үш жүзден астам қойылымды сахналап, оларды жалпы саны 80 миллионға жуық көрермен назарына ұсынды.

Шымылдығын Ілияс Жансүгіровтің "Кек" пьесасымен ашқан өнер ордасы шетел классиктерімен қатар, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Ғабиден Мұстафин, Шыңғыс Айтматов, Расул Ғамзатовтың туындыларын сахнаға шығарды. Осылайша "Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу", "Айман – Шолпан", "Бөлтірік бөрік астында", "Еңлік – Кебек", "Қаракөз" сынды қойылымдар театр репертуарының алтын қорына енді.

Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының оркестрі
Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының оркестрі

Өнер ордасының шығармашылық ұжымы

Театр қабырғасында тәжірибе жинақтаған әртістер бүгінгі таңда республикадағы көптеген театрда актерлік жұмысын сәтті жалғастыруда. Сондай-ақ, аға буын режиссерлер мен актерлердің дәстүрін бүгінде талантты әртістер жалғастырып келеді. Өнер ордасында Қазақстанның халық әртістері Күләш Сәкиева мен Бекен Имаханов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, 14 мәдениет қайраткері - барлығы 64 адам еңбек етіп келеді.

Тағы оқыңыз: Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың құрылу тарихы

Бұдан бөлек балет әртістері мен симфония оркестрі тобы бар. Театр классикалық туындыларды музыкамен көркемдеп, балетпен ұштастыруда.

Театр иеленген жүлделер

Театр Каирде өткен халықаралық және республикалық фестивальдердің лауреаты.

2014 жылы Павлодар қаласында өткен Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған "Алаштың ардақтысы" атты Қазақстан аймақтық театрлары фестивалінде "Әдебиетті насихаттағаны үшін" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Жамбыл қаласында өткен "Тұңғышбай әл-Тарази, Таразға шақырады" атты актерлерге арналған І республикалық театр фестиваліне қатысқаны үшін театр "Алғыс хатпен" марапатталды.

2015 жылы Өскемен қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне "Керей хан - хан Жәнібек" спектаклімен қатысып, бас жүлде жеңіп алды.

2016 жылы Атырауда өткен Рақымжан Отарбай атындағы театр фестивалінен жүлделі үшінші орынды иеленді. "Көрермен көзайымы" номинациясын Әсем Байрова иеленді.

2017 жылы Атырау қаласында драматург Иран Ғайыптың "Мәңгілік елдің алтын адамы" атты республикалық театрлар фестивалінде жоғары дәрежелі өнер көрсеткені үшін деген дипломымен "Адасқан бақ құсы" қойылымы марапатталды. "Керікеткен - Патша - Әмірші" образын жоғары деңгейде сомдағаны үшін  Бауыржан Тулеков марапатталды. 

Тағы оқыңыз: Нартай Бекежанов атындағы театр туралы қызықты деректер

Астана қаласында өткен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне театр ұжымы атсалысып, қазақ өнерін әлемге танытты. Қазақ елінің батырларын, ұлы ақын-жазушыларын сомдап, салт-дәстүрді көрсетті.

20
Кілт сөздер:
сахна, қойылым, өнер, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (64)
Тақырып бойынша
Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры
Арқалық қазақ жасөспірімдер театры
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры
Загрузка...