Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры туралы не білеміз?

68
Ұзақ уақыт бойы Азат Базаргелді, Әлихан Ыдырышев, Кендебай Темірбайұлы, Алмахан Кенжебаева сынды әртістер театр имиджін қалыптастыруда үлкен рөл атқарып келді

Театр тарихы

Талдықорған драма театры 1975 жылдың 4 қарашасында ашылды. Театрдың бірінші маусымы Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" қойылымынан басталған болатын.

2000 жылы өнер ордасына Қазақстан халық әртісі, мемлекеттік премияның лауреаты Бикен Римованың есімі берілді.

Народная артистка Казахской ССР Бикен Римова
© Sputnik / Иосиф Будневич
Қазақстан Республикасының халық әртісі Бикен Римова

Бикен Римова – қазақ және кеңес кино мен театрының актрисасы. (1923 жылы 1 қаңтарда дүниеге келіп, 2000 жылдың 6 қаңтарында қайтыс болды). Ол қазақстандық және шетелдік драматургтердің көптеген пьесасында ойнады. "Еңлік – Кебек" пьесасында Еңліктің, "Қарагөзде" Маржанның, "Ана-Жер-Анада" Жер ананың, "Миллионерде" Жанаттың, "Сараңда" Элизаның және т.б. рөлдерді сомдады.

Тағы оқыңыз: Тұрсынбек Қабатовтың театры туралы қызықты деректер

Сондай-ақ, Бикен Римова 1955 жылы "Қыз-жігіт", 1963 жылы "Менің атым Қожа", 1971 жылы "Ерекше күн", 1977 жылы "Ұлдың оралуы", 1988 жылы "Адамдар арасындағы бөлтірік" фильмінде, 1996-2000 жылдары аралығында "Жол түйіс" телехикаясында бой көрсетті.

Театрдың жаңа ғимараты

2018 жылдың 31 қазанында Талдықорған қаласында Бикен Римова атындағы театрдың жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанаты VII "Қазақстан – Еуразия жүрегі" Орталық Азия халықтары театрының фестивальдеріне орай ұйымдастырылды. Театрдың жаңа ғимараты екі қабаттан тұрады. Жалпы аумағы – 10 538 шаршы метр. Залдағы орын 510 көрерменге арналған.

Жаңа шығармашылық ұжымның табысты жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Бұл бірінші кезекте - сахнаның техникалық мүмкіндіктері мен мінсіз акустика. Аталған мәдени объектінің құрылыс жұмыстарына танымал архитекторлар мен дизайнерлер тартылды. Жалпы жаңа объектіні салу үшін 3,5 миллиард теңге (9,5 миллиард доллар) жұмсалды.

Театрдың шығармашылық ұжымы

Театр жетекшісі – кино мен театр актері Руслан Сенкебаев. Ол өзінің еңбек жолын 2000 жылы Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ драма театрында бастады. Әртүрлі жылы Қазақстан жазушылар одағында басшылық қызметте болды. Мұнымен қатар, Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрында актер болып тәжірибе жинады.

Тағы оқыңыз: Маңғыстау облыстық қуыршақ театры

Қойылымдарда басты рөлдерді Азат Базаргелді, Әлихан Ыдырышев, Кендебай Темірбайұлы, Алмахан Кенжебаева сынды әртістер ойнайды. Осы төрт еңбегі сіңген қайраткер театрдың құрылған күнінен бастап жұмыс істеп келеді.

Өнер ордасының авторы Бикен Римова болған "Қос мұңлық" қойылымы көрерменнің жоғары бағасына ие болып жүр.

68
Кілт сөздер:
еңбек сіңірген қайраткер, әртіс, актер, қойылым, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (68)
Тақырып бойынша
"Екі езу" сатира театры
Облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Ақтөбе облыстық "Алақай" қуыршақ театры
Арқалық қазақ жасөспірімдер театры
Тахауи Ахтанов атындағы драма театры
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры
Астанадағы "Аттракцион Плэйхаус" тәуелсіз театры
Загрузка...