Дерекқор

Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры

Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры
Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры - Sputnik Қазақстан
Жазылу

Театр тарихы

Облыстық қуыршақ театры 1983 жылы тамызда министрлер кеңесінің қаулысымен Шымкент қаласында ашылды. Театрдың ашылуына облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров тікелей әсер етті.

САНТ театрының шығармашылық ұжымы - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
САНТ театры: тарихы мен қызықты деректер
Өнер ордасының алғашқы директоры Николай Мустакиди, бас режиссер – Бекболат Парманов, ал бас суретші Маяра Дәуренбаева болды.  

Театр шымылдығы 1984 жылдың ақпан айында Григорий Ландаудың "Ку-ка-ре-ку" атты спектаклімен ашылды. Бүгінгі таңда театр репертуарында жүз алпысқа жуық қойылым бар.

1988 жылы ашылғанына 5 жыл толған театр Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып, "Қаз", "Алладиннің сиқырлы шамы", "Мұңлық-Зарлық" қойылымдарымен көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Өнер ордасының жетістіктері

1989 жылы мәдениет министрлігі мен театр қайраткерлері одағының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында Қазақстан қуыршақ театрларының ІІ фестивалі өтті. Оған Ресей, Болгария, Чехословакия, Орта Азия мен Балтық жағалауы театрлары қатысты. Бұл театр ұжымы үшін үлкен серпіліс болды.

Тағы оқыңыз: Ақмола облыстық драма театры туралы деректер

1991 жылы театр Болгарияның Варна қаласында өткен "Алтын дельфин" халықаралық фестивалінде "Маргариткалар гүлдегенде" атты қойылымын қойып, көрермен көзайымын олжалап қайтты.

1993 жылы театр ұжымы Түркияда өткен халықаралық фестивальде "Ақ құс туралы аңыз" қойылымын қойып, жүлделі орынды иеленді.

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры туралы не білеміз?
1994-2006 жылдары Валентин Малюченко қуыршақ театрына басшылық қызметке келді. Театр режиссері Тастанбек Өтебаев болғаннан кейін қойылымдар екі тілде сахналана бастады.

2002 жылы Алматыда өткен отандық қуыршақ театрларының І фестиваліне орыс труппасы Александр Пушкиннің 200 жылдығына арнап жазылған Тастанбек Өтебаевтың "Пушкин ертегілерінің әлемі" атты қойылымды, ал қазақ труппасы Түркістан қаласының 1 500 жылдық мерейтойына арнап "Малшылар патшасы" атты қойылымын көрсетіп, жүлделі орын алды.

2004 жылы Ақтөбе қаласының "Алақай" қуыршақ театрында Қазақстандағы Ресей жылына байланысты фестивальде "Мұңлық-Зарлық" қойылымымен қатысып, сыншылардың оң бағасын иеленді.

Тағы оқыңыз: Жүсіпбек Аймауытов атындағы театрдың құрылу тарихы

2005 жылдың қазан айында Түркияның Измир қаласында өткен "Көлеңкелі және қуыршақ театрлары" халықаралық фестиваліне де "Мұңлық-Зарлық" атты қойылыммен қатысып, диплом және қаржылай сыйақымен марапатталды.

2006 жылы өнер ордасы Шымкент қаласындағы "Көктем – театр – сахна – 2006" фестивалінде "Ақ құс туралы аңыз" туындысын сахналап, бас жүлдені жеңіп алды.

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театры – қызықты деректер
2007 жылы облыстық қуыршақ театрының директоры болып Марта Ташенова тағайындалды.

2013 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласындағы ІІІ дүниежүзілік қуыршақтар карнавалына орыс труппасы "Қаңбақ шал" атты музыкалық қойылыммен қатысты.

2014 жылдың мамыр айында қуыршақ театрының директоры болып Бахтияр Спанов тағайындалды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ұжым облыстағы "Жылдың ең үздік мәдениет және өнер мекемесі" номинациясын иеленді.

2016 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық қуыршақ театры, оңтүстік цирк, Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасымен бірлескен алғаш рет "Наурыз-думан" бағдарламасын жасап, бес күн бойы оңтүстік цирк ғимаратында көрсетіп, көрерменнің ілтипатына бөленді.

Жаңалықтар
0