Шымкент қаласындағы өзбек драма театры

Шымкенттегі облыстық өзбек драма театры туралы не білеміз?

135
(Жаңартылды 13:07 18.03.2019)
Шымкенттегі облыстық өзбек драма театры 2018 жылы өнер ордасының 15 жылдық метейтойын атап өтті

Театр қалай құрылды

Облыстық өзбек драма театры 2003 жылдың 14 наурызында құрылды. Театр директоры – Икрам Хашимжанов, ал режиссері Қуандық Қасымов болды.

Көпұлтты Қазақстанда қазақ театрларымен қатар орыс, ұйғыр, көрей, неміс және өзбек театрлары қатар жұмыс істеп келеді. Осы театрлардың ішінде Шымкент қаласы Сайрам ауылында шаңырақ көтерген өзбек драма театрының ашылуы Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзбек ұлты өкілдері үшін елеулі оқиға болды. Театрдың ашылу салтанатына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев келіп қатысып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

Театрда қандай қойылымдар көрсетіледі

Өзбек драма театрында отандық туындылардан бөлек, шетелдік классиканың үздік шығармалары сахналанып жүр. Бүгінгі таңда театр сахнасынан "Темір қатын", "Сиқырлы алмалар", "Қашан таң атады", "Кураж ана", "Келіндер көтерілісі", "Күшік күйеу", "Қырмызы алма", "Инабатты келіншек", "Улы тамшылар", "Өмір соңындағы бақыт", "Үйлену", "Зордан зор шықса" және т.б. қойылымдарды көруге болады.

Тағы оқыңыз: Райымбек Сейтметов атындағы сазды драма театры

2010 жылдың мамыр айында "Зордан зор шықса" спектаклін қою үшін Ташкент қаласындағы жасөспірімдер театрының танымал режиссері А. Салимов пен Ш. Башбеков арнайы шақыртылды.

Театр труппасының құрылғанына аз уақыт қана болса да, көптеген классикалық туындыны сахналап үлгерді. Сондай-ақ, театр Алматы, Астана, Түркістан, Тараз, Қызылорда, Көкшетеу қаласын гастрольдік сапармен аралады.

Өзбек драма театрының жетістіктері

Театр әртісі А. Тоғанбаев 2005 жылы облыс әкімі стипендиясының иегері атанды. 2006 жылы С. Махмудов "Мәдениет қайраткері" атағын, ал актер Р. Сайтходжаев облыстық театрлар фестивалінде "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алды. Кейінгісі Өзбекстан жасөспірімдер театрында танымал режиссер А. Салимовтың қарамағында біліктілігін шыңдап келді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры
© Photo : предоставлено пресс-службой театра / Ulyashev Andrey
Бүгінгі таңда театрдың А. Тоғанбаев, С. Махмудов,  Р. Сайтходжаев, С. Розыметова, В. Нишанбаева, З. Тоғанбаева, З. Қадирметова, Ш. Хадиметов, Ұ. Насыров, А. Ерханов, Д. Халметова, Ф. Мансуров, А. Эргешов, Ж. Сайитов, М. Заббарханов, Б. Искандаров сынды әртістері өз өнерімен халықты тәнті етіп жүр.

"Театр көктемі – 2011" республикалық фестиваліне қазақстандық 11 кәсіби деңгейдегі театр қатысты. Аталған фестивальге өзбек драма театры да барып, Жан Батист Мольердің пьесасына жазылған "Зордан зор шықса" туындысын сахналады. Қызметші рөліндегі Р. Сайтходжаев қос кейіпкерді шебер сомдап, қазылар алқасының оң бағасын алды. Сондай-ақ, "Ең үздік ер адам бейнесі" номинациясын иеленді.

2011 жылдың 24-26 сәуірі аралығында Астана қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық театрлардың республикалық фестиваліне театр "Қарыз" спектаклімен қатысты. Аталған фестиваль барысында театр ұжымы "Ең үздік спектакль" номинациясы бойынша марапатталды.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры

2011 жылы 17-18 мамыр күндері Көкшетау қаласында өткен Орта Азия, Грузия мен Балтық елдерінің жас режиссерлері арасындағы байқауға "Тойлар құтты болсын!" спектаклімен қатысты.

2012 жылы театр әртісі А. Тоғанбаев "Жылдың үздік әртісі" номинациясын жеңіп алды.

театр
© Sputnik / Валерий Мельников
2013 жылдың 25-26 наурызында театр ұжымы Мақтарал ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында өткен "Театр көктемі" облыстық театр фестиваліне қатысты. Аталған фестиваль кезінде көрермен қауымға "Жаназадағы той" спектаклін ұсынған болатын. Театр ұжымы осы спектакль үшін облыстық мәдениет басқармасының арнайы номинациясы дипломымен марапатталды.

2013 жылдың 15-19 сәуір күндері Тараз қаласында өткен "Оңтүстік Қазақстан облысының Жамбыл облысындағы күндері" атты іс-шараға театр ұжымы "Қарыз" спектаклімен қатысты.

Осы жылдың 20-25 мамыры күндері Қарағанды қаласында өткен Қазақстан ұлттық театрларының ІІ республикалық фестиваліне өзбек драма театры "Жаназадағы той" қойылымымен қатысты. Кейін осы спектакль үшін Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевтің алғыс хатымен марапатталды.

Тағы оқыңыз: Ақмола облыстық орыс драма театры

2014 жылдың қаңтар айында өзбек драма театрының 18 әртісі кәсіби біліктілігін арттыру үшін Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Рахиля Машурова шақырылды. Осы 18  актер "Драма театры және кино әртісі" мамандандыру бойынша білімін шыңдап, Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының "Актерлік өнер" мамандығы бойынша сертификат алды.

2014 жылдың қаңтар айында театрға Өзбекстан Республикасының танымал режиссері Тожи Мухаммад Исраилов шақыртылды.

2014 жылдың 2-4 сәуірі аралығында Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында өткен "Театр көктемі" облыстық театр фестивалінде "Кейіпкер бейнесін шынайы кескіндеу" номинациясы бойынша марапатталып, 100 000 теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, 9 мамыр күні театр ұжымы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық орыс драма театрға "Күйеуіңді бере тұр" спектаклімен гастрольдік іссапарға барды. 

2015 жылдың қаңтар айында репертуар сапасын арттыру үшін танымал режиссер Әскер Құлданов театрға шақыртылды. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Мұхаммед Хайдар Дулати" тарихи трагедиясын сахналады.

Тағы оқыңыз: Шымкенттегі облыстық опера және балет театры

Осы жылдың 27-28 ақпан күндері театр актері Махмұдов Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған "Менің Қазақстаным" атты республикалық фестивальге қатысып, ІІІ орын иегері атанды.

Театр ұжымы 2015 жылдың 16 қыркүйек күні ХІІІ театр маусымын "Ғажайып құдалар" комедиясымен ашты.

2018 жылдың 27-30 қараша күндері Атырау қаласында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың ІІ халықаралық театр фестиваліне қатысып, өзбек драма театры 500 000 теңге, диплом жəне Рақымжан Отарбаевтың 60 жылдық мерей тойына арналған төсбелгімен марапатталды.

Қазіргі таңда штатта 53 адам жұмыс істейді. Шығармашылық қызметкерлер саны - 30, оның ішінде әртістер саны - 17 адам. Театр бүгінгі күнге дейін өзінің 15 жылдық тарихында дүниежүзілік, классикалық шығармалар мен қатар заманауи қойылымдарды жоғары деңгейде сахналап келеді.

135
Кілт сөздер:
Шымкент, әртіс, қойылым, өнер, театр
Тақырып:
Қазақстан театрлары (79)
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры
Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры туралы не білеміз?
Шымкент әзіл-сықақ және сатира театры туралы қызықты деректер
Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры
Солтүстік Қазақстандағы Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры
Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры – тарихы
Абай атындағы мемлекеттік музыкалық қазақ драма театры
Загрузка...