Дерекқор

Желіні шулатқан әнші Жанар Айжанова туралы қызықты деректер

© Photo : Әншінің instagram парақшасынанӘнші Жанар Айжанова
Әнші Жанар Айжанова  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заманауи ролик жасаймын деп елдің сөзіне қалған танымал әнші, актриса Жанар Айжанова туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз 

Жанар Айжанова 1968 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Тұмалыкөл ауылында туған.

Отбасылық жағдайы:

Тұрмысқа шыққан. Айжұлдыз есімді қызы бар. Бірақ күйеуі туралы көп айта бермейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Жанар Айжанова Instagram желісіндегі жеке парақшасында күйеуімен бақытты ғұмыр кешіп жатқанын, оның есімі Ерболат екенін айтады. Ол 3 наурызда дүниеге келіпті. Бірақ қай жылғы екені белгісіз.

"Бүгiн Ерболатымның туған күнi. Елдiң алдында бiр құттықтап қояйын. Денсаулық басты байлық демекшi, ешқашан ауырма, жасың ұзақ болсын. Айжұлдыздың қызығын бiрге көрiп, немере, шөбереге жетудi Алла нәсiп етсiн!", - дейді ол.

Сонымен қатар әнші күйеуінің Тоқтар Серіковке ұқсайтынын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

"Отағасын Тоқтарға ұқсатады. Бүгiн қарасам, шынымен айнымайды екен. Ұлықпанға айтып "Егiздер" деген топ құрсам ба деп отырмын", - дейді Жанар Айжанова қалжыңдап.

Әншінің үлкен өнерге қадам басуына кім себепкер болды?

Жанар Айжанова мектепте үздік оқыған. Ол музыка пәнін ерекше жақсы көрген, бала кезінен ән айтады. Ал үлкен өнерге қадам басуына анасы себепкер болыпты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

"Бiздiң бала кезiмiзде ақшаға зат табыла бермейтiн. Мына домбыраны марқұм анам Алматыға тапсырыс берiп, сатып алды. Мен 3-сыныпта оқып жүргенде 24 рубльге сатып алыпты. Қасымдағы Серiк ағаммен қосылып, ән салатынбыз. Менiң әншi болатыныма әу баста кепiлдiк берген анашымның сыйлығына баға жетпейді", - дейді әнші.

Жанар Айжанова 1995 жылы қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің музыка факультетін тәмамдаған.

1985-1986 жылдары Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болады.

1991-2000 жылдары Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында "Адырна" фольклорлық-этнографиялық ансамблінде еңбек еткен. "Гүлдер" ансамблінің әншісі ретінде өнер көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

1994 жыл. Әншінің Германияда жүрген кезі

Сонымен қатар әнші "КТК" және тағы басқа телеарналардағы бағдарламаларда жүргізуші болған.

Жетінші телерналардағы "Отбасы", "Тақиялы періште" телесериалдарында, Q-елі скетч-шоуына түседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

1999 жыл. Мейрамбек Беспаев пен Жанар Айжанова Маңғыстау өңірінде қонақта жүр

Әншінің туған-туыстары жайында не білеміз?

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Жанар Айжанова анасымен бірге. Сурет әлеуметтік желіге 2014 жылы жүктелген 

"Анама жеттiм-ау! Аман-есен отыр екен. Биыл 83 жасқа келдi. Маған сақтаған құрт-iрiмшiгi және тарысымен шай iшiп отырмын", - дейді ол.

Жанар Айжанов жақындарымен әлі тығыз байланысты екенін, олар Алматыға келгенде бір қуанып қалатынын айтады.

"Бiрге тумақ болғанмен, бiрге жүрмек жоқ" деп бұрынғылар дұрыс айтқан ғой. Әкемiздің өмірден өткеніне 15 жыл болды. Содан берi орнына әке болып жүрген Орынбасар ағам келiп қуанып жатырмыз", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Әншінің туыстарының алдында билеп тұрған сәті 

"Өзiмiздiң отбасылық тойымызда. Ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымызбен қауышқанда осындай "тұқымы бөлек билер" болып тұрады", - дейді әнші.

Біз білмейтін Жанар Айжанова

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы халыққа қарапайымдылығымен ұнайды десек қателеспейміз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Әншінің кәуап пісіріп тұрған сәті

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Әншінің хоббиі – мылтық ату

Сонымен қатар қазақ эстрадасының жарқын өкілі тағы бір фотосында сұлулықтың құпиясымен бөліседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

"Қазiр көп қыз-келiншектер бетiне операция жасап, жасарғысы келедi. Әсiресе, көзге көп ота жасатады. Менiң бет күтiмiмдегі бiр құпиям осы. Нәтижесi керемет: қан айналымы күшейедi және бетте iз қалмайды", - дейді әнші.

Тағы бір жазбасында өзі жайлы кітап бар екенін, оны толықтырып қайта жазуды ойластырып жүргенін айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

1993 жылы басылып шыққан кітап. Мұқабада Жанар Айжанова

Әншінің айтуынша, оның сахнада жүргеніне 30  жыл болған, репертуарында 200-дей әні бар.

Жанар Айжанова 50 жылдық мерейтойын қалай атап өтті

2018 жылы әнші 50 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады. Оған қазақ эстрадасының өкілдері түгел жиналды. Олардың арасында Мақпал Жүнісова, Жазира Байырбекова, Роза Рымбаева, Лидия Кәден, "Музарт" тобы, Мирас пен Құралай, Гүлзира және Нұртас Айдарбековтер, Асхат Тарғын, Нұрболат Абдуллин және тағы да басқа әншілер болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Макпал Жунусова (@zhunusova.makpal)

Мақпал Жүнісованың тойда билеп жүрген сәті

Айта кетейік, жақында танымал әнші заманауи ролик түсіремін деп желі қолданушыларынан сөз естіп қалды. Олардың пікірінше, 50-ден асқан әйелдің роликтегі іс-әрекеттері ерсі көрінеді.

Жаңалықтар
0