Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев5 сәуір - күнтізбе
5 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 95-ші күн. Жыл соңына дейін 270 күн қалды.

5 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            5 сәуірде қандай қызық оқиғалар болды

Бүгін бүкіл әлемде Көже күні аталып өтеді. Осы бір тамаша тағамды кім ойлап тапқаны мәңгі жұмбақ болып қалатын сияқты. Ыстық асқа нанды үгітіп қосу баяғы заманнан бері әртүрлі халықтарда дәстүрге айналған. Кейінірек тағамға қосылатын ингредиенттер түрі көбейе бастады. Бір қызығы, көже ұзақ уақыт бойы кедейлердің асы болып саналған екен. Ал қазіргі заманда әлемнің кез келген ас мәзірінде көженің ондаған түрі кездеседі. Кей рецептілерді көріп, тіпті таңғаласыз. Мысалы, Кариб аралдарында игуанадан көже пісіреді екен. Африка тайпаларының бірі банан, кофе және Килиманджаро тауы етегінен алынған топырақтан сорпа дайындайды. Жапон аспаздары кеспе мен шоколадтан көже пісіретін көрінеді.

Америкалықтар етті сүйіп жейтіні сонша – Ұлттық ет тілімі күнін атап өтеді. Әртүрлі еттің жұқалап кесілген тілімдерін кез келген сэндвичке, ыстық тағамдарға қосуға болады. Бұл дәмді тағам АҚШ-та қонақ шақырғанда дастарханға міндетті түрде қойылады екен. Америкалықтардың сүйікті ет тағамдары - пастрами, ростбиф, ветчина және түйетауық еті.

Қазақстанда бүгін Көші-қон полициясының күні аталып өтеді. Бұл күн тарихи оқиғаға байланысты қабылданды. Қазақстан Республикасының үкіметі 1993 жылдың 5 сәуіріндегі №256 қаулысымен - "Қазақстан Республикасындағы төлқұжат жүйесі туралы ережелер" – еліміздің төлқұжат-виза қызметі қайта құрылды. 1999 жылы төлқұжат-виза қызметі көші-қон полициясы деп атауын ауыстырды. Қызметтің мақсаты мен атқаратын функциясы, құрылымы өзгерді. Өйткені Қазақстанға келетін шетел азаматтарының көбеюіне байланысты тәртіпті реттеу қажеттілігі туындаған болатын.

            5 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1804 жылы Париж түрмесінде Наполеонға қарсы астыртын әрекеттің басшысы француз генералы Шарль Пишегрю жұмбақ жағдайда қаза тапты;

1843 жылы Гонконг Ұлыбританияның иелігі деп жарияланды;

1895 жылы Оскар Уайльд маркиз Куинсберри жазушыны гомосексуалист деп жала жапқаны бойынша сотта жеңіліп қалды;

1913 жылы Нильс Бор кванттық теорияға жол ашқан "Атомдар мен молекулалардың құрылымы" атты мақаласын аяқтады.

            5 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1920 жылы Бурабай демалыс орны ашылды;

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 31 мамырды "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу" күні деп бекіту туралы жарлыққа қол қойды;

2006 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Наз" би ансамблі тұңғыш рет қазақ күйлері желісімен "Тұйғындар" би спектаклін қойды;

2011 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде R&D зертханасының ашылу салтанаты өтті;

2012 жылы "Қазақтелеком" ҰК" АҚ Павлодар қаласында ТМД елдеріндегі ірі дата орталығын сала бастады.

            5 сәуірде әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1908 жылы AFI бойынша әйгілі 100 кино жұлдызының бірі Бетти Дейвис дүниеге келді ("Бремя страстей человеческих", "Что случилось с Бэби Джейн?" фильмдері);

1916 жылы америкалық актер, "Оскар" жүлдегері Грегори Пек дүниеге келді ("Римские каникулы", "Убить пересмешника", "Обмен" фильмдері);

1938 жылы кеңестік театр және кино актрисасы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Кустинская дүниеге келді ("Три плюс два", "Иван Васильевич меняет профессию" фильмдері);

1962 жылы ресейлік мемлекет қайраткері, Қалмақ Республикасының алғашқы президенті, Қалмақ Республикасының бірінші басшысы, кәсіпкер , Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов дүниеге келді.

            5 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1913 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Позднухов дүниеге келді;

1936 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Өмірзақ Айтбаев дүниеге келді;

1944 жылы еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Аманжол Бұғыбаев дүниеге келді;

1950 жылы кескіндемеші әрі суретші Ерлан Айтуаров дүниеге келді;

1976 жылы Қарағанды облысында ресейлік жеңілмеген боксшы Наталья Рагозина дүниеге келді;

1978 жылы Қазақстан президентінің көмекшісі Тимур Сүлейменов дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Қаржылық жағдайды түзеуге бағытталған шаруаларды тындыруға ең қолайлы күн. Сауда жасау да сәтті болмақ. Жақсы көңілкүймен оянып, ұйқыға шомғанша көңіліңіз көтеріңкі жүрсін.

Жаңалықтар
0