Дерекқор

ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш туралы не білеміз?

© Sputnik / Болат ШайхиновСамат Әбіш
Самат Әбіш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Сатыбалдыұлы Әбіш 2017 жылы генерал-лейтенант атағын алды, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді

Отбасы туралы не білеміз?

Самат Әбіш 1978 жылы 20 тамызда Қазақ КСР Алматы облысында Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже інісі Сатыбалды Әбішұлы Назарбаевтың отбасында дүниеге келді.

Бұрын тегі Назарбаев болатын, кейін фамилиясын атасы Әбіштің атына ауыстырды.

Назарбаевтың жиендері туралы не білеміз - қызықты деректер

Үйленген. Самат Әбіш пен әйелі Аида Назарбаеваның екі қызы бар – Әмина мен Жәмила.

Самат Әбіш қайда оқыған?

2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын бітірді. 2002 жылы Ресей Федерациясы ішкі барлау қызметінің академиясын тәмамдады.

Мамандығы бойынша заңгер.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның өмірбаяны

Еңбек жолы

  • 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицерлік құрамында қызмет атқарған.
  • 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, кейін төрағасы болып қызмет етті.
  • 2008 жылдың қазанынан 2010 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.
  • 2011 жылдың қарашасына дейін – ұлттық қауіпсіздік комитеті кадрлар департаментінің басшысы.
  • 2013 жылдың наурызына дейін Астана қаласы бойынша ҰҚК департаменті басшысы болып істеді. 2013 жылдың наурызында 35 жасында Қазақстанның ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне келді.
  • 2015 жылдың 25 ақпанынан – ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.
  • Бұдан бөлек, 2009 жылдан бері - мемлекеттік қызметі істері бойынша уәкілетті органның тәртіптік комиссиясының мүшесі.

Қандай атағы бар?

2014 жылдың 6 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің генерал-майоры атағын иеленді. Үш жылдан соң ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атанды.

Жаңалықтар
0