Академик Қаныш Сәтбаев

"Халқым менен де биік": Әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?

22609
(Жаңартылды 12:28 06.12.2019)
Қазақстан 2019 жылы ғалым, пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі геолог Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр

Қаныш Сәтбаевтың балалық және жастық шағы

Академик, геолог және қоғам қайраткері 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді. Бүгінде бұл - Павлодар облысы Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округіндегі Мұса Шорман ауылы.

Дүниеге келген сәбиге Ғабдул-Ғани деген есім берілген. Анасы ұлын еркелетіп Ғани, Ғаныш деп атапты. Артынша баланы барлығы Қаныш деп атай бастаған.

Қаныш Сәтбаев ауыл молдасынан білім алады. Ол араб, парсы тілдерінде оқыған. Мұнан кейінгі екі жыл көлемінде Сәтбаев уездегі алғашқы қазақ-орыс мектебінде білім нәрімен сусындайды. Мектеп Аққелін аулында ашылған.

Каныш Сатпаев во время обучения в Томском технологическом институте, 1929 год
© Sputnik / репродукция фотографии
Қаныш Сәтбаевтың студент кезіндегі суреті

1911 жылы Қаныш Павлодардағы орыс-қазақ училищесіне түседі. Ол үш жыл ішінде төртжылдық бағдарламаны меңгеріп алып, артынша Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түскен. Сәтпаевтың денсаулығы сыр бере бастағандықтан, диплом алу үшін емтиханды экстернмен тапсырған. Содан кейін Томск технологиялық институтына түсуге дайындалады.

Асқынған туберкулезді қымызбен емдеу үшін 1920 жылдан 1921 жылға дейін туған өлкесінде болады. Осы кезде Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арнап алғашқы алгебра оқулығын жасауды бастайды. Бұл жұмысты 1954 жылы бітіреді.

Академик Қаныш Сәтбаевтың сара жолы

1921 жылдың басында Қаныш Сәтбаевтың тағдыры бір кездесуден кейін күрт өзгереді. Ол асқынған туберкулезден қиналып, қымызбен емделген-ді. Осы кезеңде Баянауылға емделуге кеңес геологы Михаил Усов келеді. 22 жастағы жігіт геология туралы әңгімелерге қызығып, 1921 жылы халық сотындағы қызметін тастап, Томскідегі техникалық институтқа түседі.

1922 жылдың басында дерті Сәтбаевтың жолына тағы да тосқауыл болады да, жас өрен ауылына қайта оралады. Бірақ Қаныш оқуын тоқтатқысы келмей, үйінде университет курсынан өтемін деп шешеді. Бұған Баянауылға жиі келетін Усов көмектеседі. Сәтбаев жарты жылдан кейін университетке оралып, 1929 жылы оны сәтті аяқтайды.

Институт геологических наук Академии Наук Казахской ССР. Академик Каныш Сатпаев с группой сотрудников, архивное фото, 1960 год
© Sputnik / Иосиф Будневич
Академик Қаныш Сәтбаев геологиялық ғылымдар институты қызметкерлерімен бірге, 1960 жыл

Көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындары геологиясын зерттеді.

Сәтбаев геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және т.б. кадрлар қалыптасты.

Қазақстандық ғалым Жезқазған мыс кен орнының қоры бұрынғыдан әлдеқайда көп екенін дәлелдеді. Осы жаңалық үшін оған 1940 жылы КСРО жоғары мемлекеттік наградасы – Ленин ордені берілді. Кейінірек оған тағы төрт орден табыс етілді.

Город-завод Карсакпай
© Foto / Илья Буяновский
Қарсақбай зауыты

Қаныш Сәтбаев соғыстан кейінгі жылдары елдегі ғылымда жүрген адамдардың басып қосып, Қазақ ғылым академиясын құрды.

1946 жылы ашылған ҚазКСР ғылым академиясының алғашқы президенті болып Қаныш Сәтбаевтың сайлануы кездейсоқтық емес.

1947 жылы наурызда Қаныш Сәтбаев КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде Лондонда Уинстон Черчиллмен кездеседі, сол кезде саясаткер одан "Өзге қазақтар да сіз сияқты бойшаң ба?" деп сұрағанда академик: "О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен де биік" деп жауап берген екен.

Иван Бардин и Каныш Сатпаев
© Sputnik / РИА Новости
Иван Бардын мен Қаныш Сәтбаев

Қаныш Сәтбаев туралы естелік

Баянауылдағы Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейіндегі пікірлер кітабында мынадай жазба сақталып тұр: "Қаныш Сәтбаев – халқының ұлы баласы, кемеңгер ғалым, белгілі инженер. Қанекенің өмірлік жолы өз елін жақсы көрудің және ынтамен беріліп қызмет етудің үлгісі болды". Бұл сөздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан еді. 

Баянауылдағы музей қоғамдық бастамамен 1964 жылы ашылды. Сол кездегі политехникалық институт студенті Ғаділбек Шалахметов Алматыдан академиктің туған жеріне оның әйелі Тайсия Алексеевна Сәтбаева табыстаған заттарын, құжаттарын, фотосуреттерін әкелді.

Каныш Имантаевич Сатпаев
© Sputnik / Евгений Тиханов
Академик Қаныш Сәтбаев

Осылайша экспозиция негізі қаланған болатын. Жергілікті басшылық музейге арнап Мәдениет үйінің бір бөлмесін берді. Жәдігерлер саны уақыт өткен сайын артып, 1967 жылы Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейі мемлекеттік мекемелер қатарына енді.

Музейдің қазіргі ғимараты 1973 жылы салынды. 1989 жылы академиктің 90 жылдығына орай оған тағы екі қабат қосылды. Музей қорында 3657 экспонат бар, оның 1400-і экспозициялық залға қойылған.

"Сәтбаев пен оның отбасына тиесілі экспонаттар өте көп. Жеке заттары, сыйлықтар, кітаптар, минералдар коллекциясы. Оның өмірінде қолданған заттары, киімдері – үштік-костюм, пальто, қалпақ, аяқ киім, жұмыс үстелі, көзілдірік, ұстара станогы, тостаған және табақша, жазу заттары. 1966 жылы экспонаттарымыздың көп бөлігі Таисия Сәтбаеваның музейіне берілді", - деп бөлісті Sputnik Қазақстан тілшісімен Баянауыл музейінің қызметкері Әлия Кашкеева.

Баянауылда Қаныш Сәтбаевтың 1941-1942 жылдардағы жұмыс жоспарының түпнұсқасынан басқа еңбектерінің көшірмелері қойылған. Басталған қойын дәптерлері бар, көбінесе өз қолымен толтырған.

Музейге Жезқазған бассейні аумағынан жинаған минералдар коллекциясы қойылған. Тағы бір маңызды жәдігер – 1956 жылы мүсінші Вучетич жасаған Қаныш Сәтбаевтың мүсіні.

"Қаныш Сәтбаевқа осындай ерекше сыйлықты оған алғашқы Ленин жүлдесін табыстау кезінде сыйлады. Музей ғимаратының кіреберісінде 2013 жылы тағы бір мүсін қойылды", - деді Кашкеева.

Музейде Қаныш Сәбпаев авторы атанған қазақ мектептеріне арналған алгебра оқулығының көшірмесі бар.

Аңыз ғалым Сәтбаевтың аты берілген Шорман ауылында музей ашылған. Жәдігерлер арасында замандастарының ол туралы аудиожазбалары, Сәтбаевтың сүйікті әндерінің жазбалары бар. Таспада ғалымның да дауысы жазылған.

"Мейіз Қанышқызы (Сәтбаевтың қызы) бізге екі қап минерал сыйлады. Оны әкелу қалай ауырға соққаны әлі күнге дейін есімде. Жүкті түсіріп алуға ғалымдар көмектесті. 1989 жылы 27 мамырда мектептің ескі ғимаратындағы физика кабинетінде музейіміз ашылды. Ақырындап академиктің туыстары бізге оның ер-тоқым, жүген, киімдері секілді жеке заттарын берді. Музей стендтерін павлодарлық суретші Бота Машрапов безендірді. Сәтбаевтың 100 жылдығында Теңдікте жаңа мектеп ашылып, сол жерге музейіміз қоныс аударды", - деп әңгімеледі мектеп директоры Кайриден Мұзафаров.

Тағы оқыңыз: Әмина Өмірзақова туралы қызықты деректер

Қаныш Сәтбаев соңғы рет туған жері Баянауылда 1959 жылы болған. Ол 1964 жылы Мәскеуде ауруы асқынып қайтыс болды. Ғалым Алматыдағы орталық зиратқа жерленді.

Добыча медных руд в шахте Жезказганского горно-обогатительного комбината, архивное фото, 1975 год
© Sputnik / Иосиф Будневич
Жезқазған шахтасынан көрініс

Альма-матерде ғалымның 120 жылдығы қалай тойланады

Томскідегі политехникалық университеттің қызметкерлері мен студенттері үшін Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы — үлкен мереке, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға ТПУ баспасөз қызметі. 

2008 жылы Томскідегі геологтар аллеясында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды. ЖОО-да ғалым атындағы аудитория бар. Ал университет музейінде оған ерекше бөлім берілген.

Памятник Канышу Сатпаеву на Аллее геологов, расположенной на территории Томского политехнического университета
Қаныш Сәтбаевқа орнатылған ескерткіш

Томск политехникалық университетінің білім беру қызметі жөніндегі проректоры Александр Вагнер геологиядағы Сәтбаевтың жолы Томск технологиялық институтының профессоры Михаил Антонович Усовпен кездесуінен кейін басталды деп айтады.

Тағы оқыңыз: Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?

"Томск технологиялық институтында оқып жүрген жылдары Қаныш Имантайұлы Сәтбаев маман, зерттеуші, практик, ұйымдастырушы ретінде қалыптасты. Сәтбаевтың "Маңғыстау округіндегі Маң кен орнындағы мысты барлау және геологиялық зерттеу" атты дипломдық жұмысы оның мыс кен орындарын іздеу мен барлау мамандығына қарай ойысуынп ықпал етті", — деді Вагнер Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына орай өткен конференцияда.

Қаныш Сәтбаевтың мерейтойы күнінде Томск политехникалық оқу орнының өкілдері қазақ әріптпестеріне "Томскідегі Қаныш Сәтбаевтың студенттік жылдары" атты кітапты және бірегей архив құжаттары жинағын табыс етті.

22609
Кілт сөздер:
Қаныш Сәтбаев, өмірбаян
Тақырып:
Өмірбаяндар (111)
Тақырып бойынша
"Актриса болуды армандадым": Сара Алпысқызы бүгін туған күнін тойлап жатыр
Әйелі Әбілхан Қастеевке иіліп сәлем салған: әйгілі суретші туралы не білеміз?
Әлия Назарбаева туралы не білеміз?
Даниал Ахметов туралы не білеміз?
Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз
ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш туралы не білеміз?
Қазақтан шыққан ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы не білеміз?
Қызғалдақ фестивалі

Алматының туған күні: қала жайлы қызықты деректер

91
Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қазақстанның бұрынғы астанасы – Алматыда қала күні тойланады

Қаланың биылғы мерейтойы 20 қыркүйекке түсіп отыр. Биыл қала күні елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн форматта тойланады. Қала жайлы қызықты деректерді Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Алматы – Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан қала. Кей деректе біздің заманымызға дейінгі 7 ғасырларда бұл маңды сақтар, кейіннен үйсіндер мекендегені туралы дерек бар. Себебі сол кезеңнен көптеген қорған мен қамал сақталған. Алматы маңы Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" соның бірден бір дәлелі.

Одан кейінгі 10-14 ғасырларда осы аймақтағы қалалар Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда-саттыққа ілініп, қолөнер мен ауылшаруашылығының орталығына айналған. Алғашқы Алматы атауы жазылған заттар да осы кезеңге тиесілі. Алайда Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі де құлдырай бастайды.

Верныйдан Алматыға дейін

Қаланың жаңа тарихы Ресей үкіметінің 1854 жылы Верный әскери бекінісін құруымен байланысты. 1855 жылдың ортасынан бастап бекініске орыс қоныс аударушылары келе бастады. Олардың келуімен Верный қарқынды дами түсті.

1865 жылы он бірінші сәуірде Верный бекінісінің атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы болды. Алайда дәл осы жылы "Дала комиссиясының" шешімімен бұл атау өзгертіліп, Верный қаласы болып ауысты. Қала атауын алған Верный Вернинск уезі мен Жетісу ауданының орталығы болды.

Алматы алманың отаны саналады. 1921 жылы Верный атауы Алма-Ата деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бес жыл өткен соң қалада Түркістан-Cібір теміржолы салынатын болды. Түркісіб құрылысы бұл қаланың Қазақстанның астанасы болуға ықпал етті.

Осылайша, 1927 жылы екінші наурызда ҚазАКСР астанасы Қызыл-Ордадан Алматыға көшірілді.

1935 жылы Алматы әуе жолы ашылып, Мәскеумен әуе арқылы байланысқа шықты. Бұл Орталық стадион ауданындағы шағын аэродром болатын. Ал қазіргі Алматы халықаралық әуежайы Майлин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан. Ол 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл әуежайдың құрылысы ескі аэропорт ғимараты 1999 жылы өрттен кейін 2000 жылы басталды. Алматы әуежайынан әлемнің 55-тен астам қалаларына тұрақты рейстер бар.

Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы

Алматы атауы қалаға 1993 жылы берілді. Ал Қазақстанның тұңғыш президенті шешімімен 1997 жылы ел астанасы Алматыдан Астанаға (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) ауыстырылды.

"Алматы – тәуелсіздігіміздің бесігі болса, Астана – болашағымыздың бесігі. Мен Алматыны жер жүзіндегі ең әдемі қала деп білемін. Оның тамылжыған баулары мен жайнаған парктерін, көкке шаншылған Тянь-Шань шыршаларын, "Көктөбе шамшырағын" және басқа да талай ғажайыптарын ұнатамын… "Дербестік!" деп шыққан дауыс алғаш Алматыда естіліп, Алматыда сезілді", - дейді Назарбаев ел астасының ауысуы жайлы.

Алматы қаласы сегіз ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Наурызбай, Медеу, Түркісіб.

Алматы қаласының әкімдігі 20 басқармадан тұрады: қалалық мобильділік, білім, спорт, қоғамдық денсаулық сақтау, дін істері, жер қатынастары, әлеуметтік әл-ауқат, қоғамдық даму, мәдениет, қала құрылысын бақылау, туризм, тұрғын үй саясаты және т.б.

Қала басшысы – әкім. Оны мемлекет басшысы тағайындайды. Қала әкімінің бес орынбасары бар. Қазір бұл қызметті 2019 жылдан бері Бақытжан Сағынтаев атқарып келеді.

Тәуелсіздік жылдары қалада жеті әкім ауысты. 1992-1994 жылдар арасында – Заманбек Нұрқаділов, 1994-1997 жылдары – Шалбай Құлмаханов, 1997-2004 жылдары Виктор Храпунов, 2004-2007 жылдары – Иманғали Тасмағамбетов, 2008-2015 жылдары – Ахметжан Есімов, 2015-2019 жылдары Бауыржан Байбек әкім болды.

Алматы мәртебесі туралы заң

1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Соған сәйкес, Алматы қаласы республикалық маңызы бар қала болып табылады. Сонымен қатар Алматы қаласының өз елтаңбасы бар, ол қаланың ҚР мәдени, саяси, экономикалық және ғылыми орталығы ретіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ, географиялық орналасқан жері мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін бейнелейтін нышаны болып табылады.

Заң бастапқыда сегіз баптан тұрды, қазір оның тең жартысы алынып тасталды. Заңда қала мәртебесінің құқықтық негізі, Алматы қаласының аумағы, өкілді органның өкілеті мен қаланың атқарушы органдарының өкілеті көрсетілген.

Алматы қаласының елтаңбасы

Қаланың елтаңбасы 1992 жылдың мамыр мен тамыз айлары аралығында өткен байқаудың нәтижесінде таңдалды. Оның авторы – Шәкен Ниязбеков. Оның жасаған жобасы 1993 жылы 6 шілдеде Алма-Ата қаласы халық депутаттары кеңесінің қаулысымен қала елтаңбасы болып бекітілді.

Алматының баурайыда Іле Алатауының ұлттық паркі бар, ол жерде көптеген қорық орналасқан. Ішінде сирек кездесетін құстар мен аңдар Қызыл кітапқа енгізілген. Оның арасында Алматының елтаңбасында бейнеленген барыс та бар.

Елтаңбаның алдыңғы қатарында дөңгелек шығыс қал­қаны түрінде, барыс аузымен тістеген алма бұтағында сегіз алма (алғашқы нұсқасында тек 6 алма болатын) түсіндегі байламды ұстаған барыс бейнеленген. Сегіз алма қаланың сегіз ауданын көрсетіп тұр.

Елтаңба сипаттамасында тіршілігіне сенімді барыс алға қарай адымдайды, оның оң табаны алға қарай келесі қадамды жасау үшін көтерілген, алайда, бұл жағдайда барыстың басы артқа бұрылған. Бұл қаланың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі даму сабақтастығын көрсетеді. Артқы қатарда құдыретті Алатаудың қарлы шыңдары бейнеленген. Осы құтты жерде Алматы қаласы орналасқан. Бүкіл елтаңбаның діңгегі көгілдір түс – Қазақстан Республикасы туының түсі болып табылады. Шеңбер әшекейлі жолақ ленталар­мен және шаңырақтың элементтері уықтың ұясымен кескінделген. Алтын түс аясында сақина бойынша қызыл түспен қазақтың ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек "Алматы" сөзіндегі қаріптермен қабысады.

Қаланың елтаңбасы алтын, қызыл, көк, ақ, қызғылт және күміс түстермен нақышталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Места и афиша Алматы (@mesto_almaty)

2010 жылы 22 қаңтарда Алматы қаласы мәслихаты XXV сессиясының "Ал­маты қаласының елтаңбасы туралы" шеші­мімен Алматы қаласы елтаңбасын қолдану ережелері бекітілген.

Тыныс-тіршілігі

Мың бояулы қаланы "Оңтүстік астана" деп те атайды, арасында жастардың қаласы деп жатады. Себебі жыл сайын республиканың барлық өңірінен мыңдаған талапкер білім алу үшін алып шаһарға келеді.

Ал қаладағы ең алғашқы жоғары оқу орны Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты 1928 жылы ашылды.

Сонымен қатар қалада республикадағы ең ірі театрлар орналасқан. Олар. Абай атынағы опера және балет театры, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов мемлекеттік театры.

Ал қала метросының құрылысы 1988 жылы басталған болатын. Алайда Кеңес одағының ыдырауынан метро құрылысы тоқтап қалды. Құрылыс жұмыстары тәуелсіздік алғаннан кейін 2003 жылы қайта жандана бастады. 2011 жылы Алматы метросы салтанатты түрде ашылды.

Метроның ашылуына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол Алматы метрополитенінің пайда болуы автобус маршруттарының қысқаруы ғана емес, бұл көліктің жаңа мәдениетін игеру екенін атап өтті.

Сол күні Елбасы метро вагонымен Райымбек батыр станциясынан Алатау станциясына дейін метро түннелі арқылы барлық станцияларды қарап шықты.

Тағы бір тарихи оқиғалардың бірі – 2011 жылы VII қысқы Азия ойындары. Спорт ойындары қаланың орталығында орналасқан Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында, "Медеу" кешенінде, "Шымбұлақ" тау базасында өтті. Сол жылдары қалаға алпыс мыңнан астам турист келді.

2017 жылы Алматыда 28-ші қысқы универсиадаға 57 елден келген екі мыңға жуық спортшы қатысты.

Мың бояулы қала

2020 жылдың басындағы дерек бойынша қалада 1 916 822 адам тұрады. Жыл сайын тұрғындар мен қала қонақтары қала күнін салтанатты түрде атап өтеді. Алайда биыл қала күніне орай іс-шараның барлығы онлайн түрде өтеді.

"Құрметті алматылықтар! Пандемия бізге сақ болуды, санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, жаңа толқынға дайын болуды үйретті. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адамдар дәрігер мен ұстаздың, полиция мен әскери қызметкердің еңбегін бағалай бастады. Олардың алдында бас иеміз. Алматылықтар, әдеттегідей, өздерінің ең жақсы қасиеттерін паш етіп, ерік-жігері мен төзімділігін, бірлігін көрсете білді. Туған күніңмен, сүйікті қалам!", - деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Алматының жер аумағы – 682 мың шаршы метр. Қалада қазақ, орыс, ұйғыр, корей, татар секілді көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қала коды +7 7272; Пошта индекстері: 050000–050063, автокөлік коды – 02.

91
Кілт сөздер:
қала күні, Алматы
Мәжілістің пленарлық отырысы өтетін зал

Мәжіліс сайлауы өтетін күнді кім және қалай белгілейді

52
Соңғы шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламенттік сайлауды 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Елде парламенттік сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәселе Қазақстан Конституциясында көрсетілген.

Конституцияның 49-бабының екінші тармағына сәйкес, парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады.

Мәжілістің бұған дейінгі сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында, ал бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында өтті. Дәл осы күннен палатаның қазіргі құрамының өкілеттігі басталды.

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл. Осылайша, мәжілістің қазіргі шақырылымының өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің соңғы шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірілмей өткізіледі. Яғни, 2021 жылдың 24 наурызында өкілеттігі аяқталатын парламенттің төменгі палатасына сайлау 2021 жылдың қаңтарына дейін өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заң бойынша мәжілістің кезекті сайлауын Қазақстан президенті мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес ай бұрын белгілейді. 

Демек, мемлекет басшысы парламенттік сайлау күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс.

Мәжіліс мерзімінен бұрын таратылған жағдайда, кезектен тыс сайлау палатаны тарату туралы жарлыққа қол қойылғаннан кейін екі ай ішінде өткізіледі.

52
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0