20 сәуір - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 сәуір

22
Бұл Григориан күнтізбесінде 110-шы күн. Жыл соңына дейін 255 күн бар

20 сәуірде не болғанын білесіздер ме?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         20 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін барша адамзат көңілді әрі қызықты мереке – Халықаралық цирк күнін атап өтіп жатыр. Циркте болған әр бала есейгенде сахналық өнерді меңгеріп, сегіз қырлы, бір сырлы цирк әртісі болуды армандайды. Цирк еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. XVIII ғасырдың соңында ағылшын шабандозы Филип Астли қазіргі аренаны, нақтырақ айтсақ, диаметрі 13 метрлік шеңберді ойлап тапты. Дәл осы шеңберде аттарға трюктарды орындау ыңғайлы болатын. Адамдар циркке сиқыр әлеміне сапар шегіп, акробаттар мен аңдардың естен кетпес өнерін тамашалап, бойын сергітіп, демалу үшін барады.

Тағы оқыңыз: Сәуірге жұлдыз жорамал: келер ай кімдер үшін сәтті болмақ

Сондай-ақ, бүгін Халықаралық қан доноры күні. Бұл күні ауыр дертке шалдыққан немесе түрлі апатта зардап шеккендердің, ауыр патологиямен туған нәрестелер мен көп қан жоғалтқан жүкті әйелдердің өмірін құтқару үшін қан тапсыратын жандарға құрмет көрсетіледі. Сондай-ақ, қан құю станцияларында тынымсыз еңбек ететін дәрігерлер мен қызмет көрсетуші персоналдың да төл мейрамы. Олардың міндетіне қан алудың заманауи әдістерін әзірлеу және препарат дайындау, аппаратураны тексеру, зертханалық зерттеулер кіреді. Бұл мерекеде қоғам донор болып жүрген адамдарға айрықша ризашылығын білдіреді.

Тағы оқыңыз: Астролог сәуір айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр

Сондай-ақ, бүгін Қытай тілі күні тойланады. Жазбаша қытай тілі – әлемдегі ең қиын әрі күрделі тілдердің бірі. Мереке 2010 жылы бекітілген. Бұл күн қытай жазуының негізін салушы, мифтік Хуан Ди императоры тұсында тарихшы болған Цан Цзеге арналған. Цан Цзе ойлап тапқан пиктограммалар жинағы кейіннен иероглифтерге айналыпты.

         20 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1940 жылы АҚШ-та алғашқы электронды микроскоп таныстырылды;

1993 жылы Backstreet Boys тобы құрылды;

1999 жылы "Колумбайн" мектебінде жаппай кісі өлтіру оқиғасы болды;

2001 жылы Қытай гомосексуализмді психикалық аурулар тізімінен ресми түрде алып тастады.

         20 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1937  жылы Балқаш (Қарағанды облысы) қала мәртебесін алды;

1973 жылы Жезқазған облысы құрылды;

1991 жылы Атырауда әлемдегі ең терең кен орны Теңізден алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндірілді;

2012 жылы Павлодарда қызметтік парызын өтеу барысында қаза тапқан 9 ішкі істер және ішкі әскер қызметкерлеріне ескерткіш орнатылды;

         20 сәуірде әлемде туған танымал тұлғалар

1931 жылы болгар музыканты және композиторы, 1000-нан астам әннің авторы Тончо Русев дүниеге келді. Оның әндері болгар поп-музыкасында қатты танымал болды. Филипп Киркоровтың хитке айналған алғашқы әндерінің авторы;

1961 жылы ресейлік театр, кино және телевизия актері, РФ еңбек сіңірген әртісі (2009) Константин Лавроненко өмірге келді. "Оралу" фильміндегі үздік ер адам рөлі үшін Канн фестивалінің жүлдесін иеленген жалғыз ресейлік актер.

1962 жылы кеңестік және украиналық футболшы, жартылай қорғаушы және шабуылдаушы, футбол бапкері Владимир Лютый туды. КСРО чемпионы (1983, 1988). Олимпиада чемпионы (1988). КСРО спорт шебері (1982). КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1989);

1980 жылы ресейлік музыкант, рэп-орындаушы, композитор, радио және тележүргізуші, актер, сценарист, режиссер, продюсер Баста (Василий Вакуленко) дүниеге келді.

         20 сәуірде Қазақстанда кім туды

1952 жылы суретші-әрлеуші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қырым Алтынбеков дүниеге келді;

1954 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тортай Сәдуақас туды;

1962 жылы сенат депутаты Әли Бектаев өмірге келді;

1963 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қытайтанушы Дүкен Мәсімхан дүниеге келді;

1981 жылы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева туды;

1984 жылы таэквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2002), таэквондодан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (2008) Арман Чилманов дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Сарышаян белгісінде орналасады. Кітап оқып, хат жазуға, қажетті ақпаратты өңдеп, пайдалы іспен айналысуға таптырмас күн. Бүгін ерекше мейірімді әрі қайырымды болыңыз.  

 

22
Кілт сөздер:
ай күнтізбесі, танымал есімдер, тарихи оқиғалар, атаулы күндер, мереке
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (295)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 сәуір
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 сәуір
Загрузка...