Данияр Елеусінов

"Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?" Данияр Елеусінов туралы қызықты деректер

1245
(Жаңартылды 15:58 23.05.2019)
Бокстан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен боксшы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Олимп шыңын бағындырған спортшы Данияр Елеусінов 1991 жылы 13 наурызда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы қазіргі Қайыңды ауылында дүниеге келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

Әкесі – Марат Елеусінов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Анасы – Ғалия Нұрмұханова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Олар 1984 жылы отау құрған. Данияр Елеусінов – үйдің кенжесі. Оның Динара есімді әпкесі мен Дәурен есімді ағасы бар. Ол бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Кейін Дәурен кәсіби боксқа ауысты. Қазір ол АҚШ-та жаттығып жүр. 2010 жылы Балнұр есімді қызға үйленген.

Болашақ чемпионның балалық шағы

Данияр 9 жасынан спортпен шұғылданған. Әкесі Марат Елеусінов алдымен тұңғышын, кейін кенже ұлын жаттықтырады. Сол уақытта олар Орал қаласында тұрып жатқан. 2007 жылы Елеусіновтер отбасы Астана қаласына көшу туралы шешім қабылдайды. Данияр қаладағы №54 мектеп-лицейде оқиды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

2009 жылы ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетіне түседі. Ал 2013 жылы жоғары оқу орнын тәмамдайды. Бірақ болашақ чемпион боксты тастамайды.

Данияр Елеусіновтің әуесқой бокстағы жетістіктері

Танымал қазақ спортшысының жұдырықтасу мәнерімен өзін тәнті еткен сүйікті боксшылары бар. Олар – Серік Қонақбаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбрайымов, Шугар Рэй Леонард, Мұхаммед Әли, Рой Джонс, Де Ла Хойя.
Чемпион шаршы алаңды 69 келі салмақта өнер көрсеткен. Ол әрқашан өзінің алдына биік мақсаттар қоя білген. Нәтижесі қуантарлық:
  • 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы;
  • 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисі;
  • 2009 жылы Қазақстанның жастар ойындары жеңімпазы;

Геннадий Головкин туралы қызықты деректер

  • 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы;
  • 2012 жылы Лондондағы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы;
  • 2013 жылы Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы;

Бекзат Саттарханов туралы қызықты деректер 

  • 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азия ойындарында алтыннан алқа тақты. Осылайша, ол қазақ тарихында тұңғыш рет Азия ойындарында екі мәрте жеңіске жеткен боксшы атанды. Сол жылы Қазақстан бокс федерациясының шешімімен жылдың "ең үздік боксшысы" атағына ие болды;
  • 2015 жылы Дохада өткен әлем біріншілігінде 22 жастағы марокколық боксшыға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты;
  • 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы әрі бокстан команда капитаны болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)


Рио Олимпиадасының жеңімпазы әрқашан алдына биік мақсаттар қояды.

"Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?"

"Егер біз жарысқа аттанар алдында алдымызға "не күміс, не қола аламыз" деп шығатын болсақ, онда қателескеніміз. Одан да сол жарысқа бармай-ақ қойған абзал. Егер мақсатты жоғары қоймасақ, қарсыластан тайсақтаймыз! Қорықсаң, шаршы алаңға шығып керегі не?! Адам мақсатты жоғары қою керек, сонда ғана босаңсуға жол жоқ!", - дейді әлемді мойындатқан боксшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

2016 жылдың аяғында Орал қаласындағы оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылды.

Жеңілмеген боксшы

2017 жылдың 6 наурызында Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты.

Олимпиада чемпионы он баласын қалай асырап жүргенін айтты

Бұл туралы мәлімет "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобында жарияланды. Қазақ боксшысы MJA Entertainment's промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойған.

Осы уақытқа дейін Рио Олимпиадасының жеңімпазы кәсіби бокста 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

2018 жылдың 28 сәуірінде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен алғашқы кездесуінде қазақстандық боксшы 22 жастағы Ноа Кидқа қарсы қолғап түйістірді. Нәтижесінде Елеусінов қарсыласын 3 раундта техникалық нокаутпен жеңді.

2019 жылдың 16 наурызында қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін Филадельфиядағы Liacouras Center аренасында өткізді. Оның қарсыласы мексикалық Сильверио Ортист болды. Олар 8 раунд бойы жұдырықтасты. 7-раундта Данияр қарсыласын нокдаунға түсірді.

Боксшының жеке өмірі

Ашық дереккөздегі мәліметке сәйкес, 2014 жылы Данияр Елеусінов Алина есімді қызға үйленген.

2015 жылдың 27 тамызында ерлі-зайыптылардың Даниэль атты ұлдары дүниеге келген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar)

Алайда спортшы заңды жұбайы мен ұлын көпшіліктен жасырып келді. Тіпті, үйленгенін де жұртқа жарияламаған. Ал 2017 жылдың күзінде Данияр Елеусінов әйелімен ажырасқаны туралы мәлімдеді. 2018 жылдың жазында ол екінші рет үйленді. Әйелінің есімі - Саида. 2019 жылдың 1 мамырда екінші ұлы өмірге келді, оның есімін Мұхаммед деп қойған. 

Үлгілі отбасы

2015 жылы Елеусіновтер әулеті Астанада қалалық "Мерейлі отбасы" байқауында жеңіске жетті.

Данияр Елеусінов әкесі мен шешесін мақтан тұтады.

Ол сұхбаттарының бірінде барлық жеңісін анасына арнайтынын мәлім еткен.

"Мен шаршы алаңға шыққан сайын анам қатты қиналады. Жұрт оны үйренген шығар деп ойлайды. Жоқ, ол әлі күнге дейін мен жұдырықтасқан кезде алаңдап, жүйкесі тозады. Балаңның таяқ жеп жатқанын көру оңай емес. Бұрын жарыстарға менімен бірге баратын, қазір тек теледидардан тамашалайды. Анам да әкем секілді менің биікке көтерілгенімді қалайды", - дейді боксшы.

1245
Кілт сөздер:
қызықты деректер, жеңімпаздар, олимпиада, Данияр Елеусінов
Тақырып бойынша
Айшықты жеңісінен соң журналист қызды сүйіп алған боксшы жазаға тартылды
Тағы бір қазақ боксшысы чемпиондық белбеуді иеленді
Головкиннің туған күні боксшы туралы не дейді - нумеролог айтып берді
Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды – толық видео
Головкиннің келесі қарсыласы бірде-бір рет жеңілмеген - ресми ақпарат
Загрузка...