Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 26 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев26 сәуір - күнтізбе
26 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесіндегі 116-шы күн. Жыл соңына дейін 249 күн бар

26 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

26 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – халықаралық зияткерлік меншік күні. 1970 жылдың 26 сәуірінде дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) конвенциясы күшіне енді. 2000 жылы қыркүйек айында ДЗМҰ-ға мүше елдер аталған күнді халықаралық зияткерлік меншік күні ретінде жариялады. Бұл білім саласындағы мамандар мен өнертапқыштар мерекесі болып саналады.

26 сәуір – радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 2016 жылдың 8 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы 71/125 қарарында 26 сәуір Чернобыльдағы радиациялық апат құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. 1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр стансасында апат болып, қоршаған ортаға орны толмас зиян келген еді.

26 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1921 жылы Ұлыбритания астанасы Лондон көшелерінде мотоциклдегі полиция патрулі пайда болды;

1966 жылы Ташкентте Рихтер бағамы бойынша қуаты 8 балдық ірі жер сілкінісі болды. Салдарынан қаладағы 236 әкімшілік ғимарат, 700-ге жуық сауда және қоғамдық тамақтану орны, 26 коммуналдық кәсіпорын, 181 оқу орны, 36 мәдени-тұрмыстық мекеме, 185 медициналық және 245 өндірістік ғимарат қирады. 78 мыңға жуық отбасы немесе 300 мың адам баспанасыз қалды;

1986 жылы Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында апат болды;

1977 жылы АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында аты шулы "Студия 54" клубы өз жұмысын бастады;

1999 жылы "Чернобыль" компьютерлік вирусы пайда болды. Кейбір мәліметтер бойынша вирус жарты миллионға жуық компьютерге тараған;

2003 жылы өткен ТМД саммитінде Украина президенті Леонид Кучма ТМД елдеріне 26 сәуірді Халықаралық радиациалық апаттар құрбандарын еске алу күні деп жариялау жөніндегі ұсыныс айтты.

26 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1994 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды;

1995 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет "Алтын алқа" белгісін табыс етті. Орден мәртебесіне ие "Алтын алқа" белгісі 1993 жылы бекітілді. Ол көпбалалы аналарға беріледі;

1996 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері Шанхай келісіміне қол қойды;

2000 жылы Алматыда Давос аясындағы Еуразиялық экономикалық саммит өз жұмысын бастады. Оған әлемнің 37 елінен шамамен 500 саяси басшы, беделді кәсіпкерлер мен халықаралық сарапшылар қатысты. Форумда Қазақстан, Грузия, Қырғызстан президенттері, Әзербайжанның премьер-министрі сөз сөйледі;

2002 жылы Қазақстан президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 жарлығымен "Ақтау теңіз порты" еркін экономикалық аймағы құрылды;

2015 жылы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті;

26 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1879 жылы ұлыбританиялық актер Эрик Кэмпбелл дүниеге келді. Ол көрерменге АҚШ және Англия актері Чарли Чаплин түскен "Бродяга", "Иммигрант", "Искатель приключений" атты дыбыссыз кинолар арқылы таныс;

1956 жылы халықаралық "Россия сегодня" ақпарат агенттігінің бас директоры, ресейлік танымал тележүргізуші Дмитрий Киселев дүниеге келді;

1958 жылы кеңестік рок-музыкант, композитор, вокалшы, "Альфа" тобының көшбасшысы Сергей Сарычев дүниеге келді;

1970 жылы АҚШ президенті Дональда Трамптың әйелі, словениялық фотомодель, қол сағаты және зергерлік бұйымдардың дизайнері Мелания Трамп дүниеге келді.

26 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді

1900 жылы қазақтың әйгілі жазушысы, ақын Сәбит Мұқанов дүниеге келді;

1921 жылы Ұлы отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің иегері Александр Велижанцев дүниеге келді;

1932 жылы белгілі қазақ мүсіншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Шота (Шот-Аман) Уәлиханов дүниеге келді;

1941 жылы қоғам қайраткері Төлен Сәрсекенов дүниеге келді;

1950 жылы ғалым-филолог, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынының бас ғылыми қызметкері Жамал Манкеева дүниеге келді;

1967 жылы Қазақстан бас штабы бастығының орынбасары Мұхамеджан Таласов дүниеге келді;

1979 жылы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожин дүниеге келді;

1961 жылы композитор Бақтығали Жұмалыұлы дүниеге келді;

1964 жылы бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асылбек Қылымов дүниеге келді;

1973 жылы 26-шы Олимпиады ойындарының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, бессайысшы Александр Парыгин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Тауешкі белгісінде орналасады. Бүгін бүгін сіз жүргізген келіссөздер өте сәтті өтеді. Адамдардың тілі мен көзі тимесін десеңіз, оларға өз жетістіктеріңіз жайлы айтпаңыз. Қуанышты тек сүйіктіңізбен бөліссеңіз болады.

Жаңалықтар
0