Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 сәуір

© Sputnik / Владислав Воднев28 сәуір - күнтізбе
28 сәуір - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл - Григориан күнтізбесіндегі 118-ші күн. Жыл соңына дейін 247 күн бар

28 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

28 сәуірде әлемде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін көптеген елдерде православ христиандары Пасха мерекесін атап өтеді. Ежелден бері келе жатқан діни мереке Христостың қайта тірілуі құрметіне арналған. Христиан діні бойынша, Иса Мәсіх пайғамбардың "Христос" деген лауазымы бар, ол Құтқарушы және Құдайдың ұлы. 2 ғасырдан бастап Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Бірақ әр шіркеу оны өзінше тойлаған. Әр мазхаб оны өз күнінде, өз дәстүрімен атап өткен. Христиандар Пасха күнінде жұмыртқаны түрлі түсті етіп бояйды. Ал Ресей мен Балкан елдерінде сол түрлі-түсті жұмыртқаларды  бір-біріне ұрады.  Бұрын орыс ауылдарында жұмыртқаларды төбенің басынан домалатып жарыс ұйымдастыру дәстүрі болған.

Сондай-ақ, бүгін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл мереке Еңбек ұйымының бастамасымен тойланады. Мақсат – еңбекті қорғау мәселесіне жұрт назарын аударту. Ұйым мүшелері  еңбекті ұйымдастыруда мәдениет пен тәртіп қалыптастыру жұмыс кезіндегі оқыс оқиғалардың алдын алуға жол ашатынына сенімді. Бұл мереке алғаш рет 2003 жылы аталып өтті. Еңбекті қорғау күні қиын әрі қауіпті жұмыста істейтін барша мамандық иелері үшін маңызды. 1989 жылы Канада мен Америка жұмысшылары өндірісте қаза болғандарды еске алу күнін жасаған. Мерекені тойлау идеясы осы кезде туындады.

Бүгін Ресейде медициналық жедел жәрдем қызметкерлерінің күні. Бұл, әзірге, ресми мереке емес. Ол медициналық қызметкерлердің бастамасымен аталып өте бастады. Бұл идеяны әлеуметтік желі қолданушылары да қолдаған. 1898 жылдың 28 сәуірі Ресейдегі медициналық жедел жәрдем қызметінің туған күні саналады. Дәл осы кезде Мәскеудегі полиция учаскелерінің жанынан алғашқы жедел жәрдем қызметі жұмыс істей бастаған. 

28 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1906 жылы Италияның Милан қаласында Дүниежүзілік ЭКСПО-1906 көрмесі ашылды;   

1914 жылы АҚШ-та ауа салқындатқышы патенттелді;  

1945 жылы Италиялық диктатор Бенито Муссоллини мен оның көңілдесі Клара Петаччи өлім жазасына кесілді;   

2001 жылы тұңғыш ғарыш турисі америкалық Деннис Тито ғарышқа ұшты.  

28 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1870 жылы Ташкент қаласында "Түркістан уәлаяты газеті" жарыққа шықты. Газет айына екі рет екі тілде шығып тұрды;

1958 жылы Солтүстік Қазақстан облысында телевизия және радио хабар тарату комитеті құрылды;

2005 жылы ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Кәсіпкерлер кеңесі құрылды;

2009 жылы Қызылорда облысының Шиелі ауданында жер астынан уранды шайып шығаратын жаңа "Иіркөл" кен орны ашылды. Оның өндірістік қуаттылығы жылына 750 тонна уранға дейін жетті. 

28 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1758 жылы Американың саясат және мемлекет қайраткері , АҚШ-тың бесінші президенті (1817-1825), Монро доктринасы деп аталып кеткен сыртқы саяси тұжырымда әзірлеушілерінің бірі Джеймс Монро дүниеге келді;

1970 жылы аргентиналық футболшы, бапкер Диего Симеоне дүниеге келді;

1974 жылы испандық киноактриса және модель Пенелопа Крус дүниеге келді;

1981 жылы америкалық актриса Джессика Альба дүниеге келді

28 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1891 жылы халық ақыны Жәкен Байтуов дүниеге келді;

1904 жылы тарих ғылымының кандидаты, Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Әділгереев дүниеге келді;

1928 жылы опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Абай Байтоғаев дүниеге келді;

1959 жылы Қазақстанның Ұлыбритания біріккен коольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов дүниеге келді.  

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Бүгін салауатты өмір салтын ұстана бастайтын күн. Денсаулығыңыз бен иммунитетіңізге көңіл бөліңіз. Салауатты өмір салтын ұстануды туыстарыңыз және достарыңызбен бірге бастасаңыз да болады. Бірге әлдеқайда қызықтырақ болары сөзсіз. Сондай-ақ, жақындарыңыз қолдау білдірсе, бастаған ісіңізді жарты жолда қалдырып кетпейсіз.

Жаңалықтар
0