Оразада ауызды неге құрмамен ашады?

5185
(Жаңартылды 17:28 28.04.2019)
Оразада мұсылмандар ауызды құрмамен ашуды сүнет деп санайды. Ендеше құрма туралы толыққанды мағлұматты Sputnik дерекқорынан оқи отырыңыз

Құрма қайда өседі?

Құрма - пальмалар тұқымдасына жататын тропикалық жеміс. Тігінен 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарда өседі. 

Құрма өсіру шаруашылығымен көбіне Сауд Арабиясы,  Ирак, Алжир, Мысыр, Судан сынды мемлекеттер айналысады.

Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі.

Төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.

Құрма отырғызғаннан кейін 4-5 жылдан соң барып жеміс бере бастайды.

Салмағы 8 келіге  дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 келі жеміс алуға болады.

Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Құрма қандай ауруларға ем?

Медицинада құрманы бір күнде  ең  көп дегенде бесеуін жеуге кеңес  береді. Мәселен,  Израильде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижесінде алмаға қарағанда, құрмада витаминнің көптігі дәлелденген. Дәрігерлер, тіпті, тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді.

Сонымен, құрма 21 түрлі жағдайда адам ағзасына ем:

  • Құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуіне пайдалы. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.
  • Бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ, цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы белгілерін жеңілдетеді. Аш қарынға желінсе ішектегі, бауырдағы құрттарды өлтіреді. 
  • Құрма көз жанарының көру қабілетін жақсарта алады. Сәбіздегідей оның құрамында А дәруменінің мөлшері көп.
  • Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе, құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.
  • Құрма — бұл асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті, асқазан жарасының профилактикасы үшін де пайдаланады.
  • Араб әйелдері көп ғасырлар бойы құрманы ерінің күш-қуатын арттыру үшін қолданып келеді. Ол үшін жемісті ұнтақтап, ерлердің кофесіне қосады. Бұл өнімнің құрамында құмарлықты, жыныстық қабілетті арттыратын түрлі амин қышқылдары бар көрінеді.
  • Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса құрма жеу қажет. Оны косметикалық маскалар құрамына қосуға болады. Себебі құрмада йодтың мөлшері де көп.
  • Құрманы сүт араластырып, қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы сияқты тыныс жолдарына шипа.
  • Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады.
  • Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді.
  • Құрамында А, Е, Б дәрумендеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған кісіге көп жеуіне кеңес беріледі.
  • Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді.
  • Сондай-ақ ол обыр дертіне қарсы пайдалы, құрамында микробы жоқ жеміс.
  • Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады.
  •  Сонымен қоса құрманы жатардан бұрын жесе, сал ауруына қарсы өте пайдалы.
  • Жүктілік кезінде көптеген әйелдің біраз уақыт жүрегі айнып және де физиологиялық өзгерісте жүреді. Нәтижесінде ағзада калий жетіспеушілігі басталады. Сондықтан жүкті әйел құрамында осы элементі бар тамақтар жеуі тиіс.
  • Калий құрмада көп мөлшерде бар деуге болады, ол болашақ ананың ағзасындағы судың тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі. Калий ағзаға, миға қажетті оттегіні алуға көмектеседі және де ойдың сергектігін қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса, ағзаға қажетті суды және де бүйректегі қалдықтар мен зәрдің шығуын реттейді.
  • Ағзадағы жеткілікті калий жоғары қан қысымын болдырмай, дененің терісіне жақсы әсер береді.
  • Құрмадағы тағы бір  минерал - темір.  Ол  қанның қызыл жасушаларындағы эритроциттер түзуші гемоглобиннің жұмысын реттейді. Қаназдықтың алдын алады және де баланың дұрыс жетілуіне көмек береді. Эритроциттер оттегі мен көмірқышқылды алмастыруда маңызды рөл атқарады. Құрма темірге бай, сондықтан да күніне 15 құрмадан артық жеген адам ағзаға қажетті темірді алған болады.
  • Құрмада кездесетін кальций және фосфат қаңқа мен тіреуіш әрі қозғағыш аппараттарының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл жемісті үзбей жеу -  ағзаны сынғыш сүйек пен остеопороздан сақтайды.
  • Құрманы әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі.

Құранда құрма туралы не делінген?

Айша анамыздың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразасын жас құрмамен, жас құрма болмаса, кепкен құрмамен, ол болмаса сумен ашатын. Сол себепті құрмамен ауыз ашуды сүннет деп білген мұсылмандар қасиетті Рамазан айында дастарқанға құрма қоюды игі дәстүрге айналдырған. Тіпті құрманы ауызашардың сәні деп те айтуға болғандай. Құрамындағы қант мөлшерінің көптігі ораза ұстаған адамның күні бойғы денесінің әлсірегенін кетіретіндігін айтқан мамандар құрманы жай уақытта да жиі жеп жүруге кеңес беруде.

Тағы оқыңыз: Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабы - видео

Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы "Мәриям" сүресінде:

"Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. "Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді" деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: "Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!" делінген (23-26 аяттар).

Тағы бір аятта құрманың өсуінде құдіреттің белгілерін көруге болатындығы баяндалған:

"Көктен су түсірген де – Аллаһ. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ, одан өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтін, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген дәрістер бар" (Әнғам сүресі, 99).

5185
Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)
Тақырып бойынша
Бас мүфти: Ораза – күндіз ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес...
Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді
Ораза айтта әр мұсылман орындауы тиіс сауапты амалдар
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар
Діни басқарма Рамазан айы қай күні басталатынын ресми жариялады
Мұхтар Шаханов

Мұхтар Шаханов бүгін 78 жасқа толды: жазушы туралы қызықты деректер

3056
Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының халық ақыны Мұхтар Шахановтың өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

"Бүкіл Қазақстан шулады"

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Отырар ауданында дүниеге келген. Балалық шағы Төле би ауданындағы Қасқасу елді мекенінде төбенің басында әкесі қаздырған жертөледе өтті. Сол жертөленің жоғары жағында тау бар, бала ақын алғашқы өлеңдерін таудың бетінде тастан жасалған орындықта отырып жазған. Ақынның әкесі Қасқасу елді мекенінде қари молда болған, ол Мұхтар 9 жаста болған кезде дүниеден өтті. Анасы 13 құрсақ көтерген.

"Алғашқы өлеңімді бала кезімде жаздым, кейін 16 жасымда республикалық газетке шықты. Сол кезде "16 жасар ақын шықты" деп жарияланды. Бүкіл Қазақстан шулады. Елдің түкпір-түкпірінен 400-ден аса хат келді. Екі адам іздеп келді, оның бірі – Шәмші Қалдаяқов, екіншісі – қазақтың дара тұлғалы ақыны Төлеген Айбергенов", - дейді Мұхтар Шаханов.

Мұхтар Шахановтың анасы Төлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқовты өз ұлындай көрген, екеуі де Шахановтың анасын өз анасындай құрметтеп өткен.

Шахановтың айтуынша, ол нағашы ағасы Ысқақтың қолында тәрбиеленген. Ол кісінің күніне бір адамға жақсылық жаса деген қағидасын өміріне азық етіп алып қалған. Сол кісінің өмірден өтерде араққа әуес болма деген бір ауыз сөзін де жерге тастаған емеспін, дейді ол.

"Анамыз көңілі дархан кісі болатын. Ол кісінің қолына ақша түссе, дүкеннен өзіне қажетін алып келіп, бөлмесіне қойып қоятын. Үйге келген кісілерге соны таратып, содан қуанышқа бөленетін. Атамызды көрген жоқпын. Мұқаңның түр сипаты сол кісіге ұқсаған деп ойлаймын. Енем үнемі тақымын қысып, іштей тілеуін тілеп отырушы еді", - дейді ақынның жары Ханшайым Шаханова.

Мухтар Шаханов
Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов

Қызмет жолы

"Мектепте бұзық балалардың бірі болдым. Өзен жағалап келе жаттым, Қасқасу тасып жатқан кез еді. Бір балықты толқын шетке лақтырып жібергені сол еді, ұстап алдым. Жанымдағы балалар қуырып жейтін болдық деп қуанып кетті. Білектей балық еді. Мен оған қарадым да, жаным ашып, өзенге қоя бердім. Содан біраз жерге барды да, балық бұрылып қарап тұрды. Сол оқиғаны әлі ұмытқан жоқпын", - дейді ақын бозбала шағы жайлы.

Мұхтар Шаханов 1961-65 жылдары Шымкент педагогикалық институтында білім алған. Оқуды бітірген соң "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор (1960-65 жж.), "Лениншіл жас" газетінде (1965-70 жж.) оңтүстік өңірдегі меншікті тілші, отандық телевизия, радио, редакцияларда жұмыс істеді. 1976 жылдан Қазақ КСР министрлер кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы қызметін атқарды.

"Менің негізгі мамандығым – тракторшы. Мамандығымның төңірегінде елдік ұлттық мүддеге жақын жүретін адаммын. Қазіргі кезеңде материалдық байлықтың, спорттың, жеңіл әндердің бірінші қатарға шығуына байланысты шындық керек болмай қалды. Көп жағдайда ақты ақ, қараны қара деп айта алмаймыз. Осыған байланысты кім шындығын жоғалтып алса, сөзі басқа, ісі басқа болса, елдік ұлттық мүддеге терең тамыр жібере алмаса, үлкен ақын, ғалым, саясаткер, жазушы болсын – оның құны көк тиын", - дейді Шаханов бір сұхбатында.

1984 жылы "Жалын" альманағының бас редакторы болды. 1986 жылы "Жалын" журналының бас редакторы қызметіне кірісті.

1988 жылы республикада тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал мен Балқаш мәселесі жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы болды.

1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде қазаққа "ұлтшыл" деп айып таққан КОКП орталық комитеті саяси бюросының қаулысына қарсы бас көтерді.

1988 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен тыйым салынған "Наурыз" мерекесінің 62 жылдан кейін қайта салтанат құруына мұрындық болды.

"1988 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Колбинге "Наурыз" мерекесіне қатысты хат жаздым. Бюродан мені екі-ақ адам қолдапты, оның бірі – сол кезде министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, екіншісі – Қазақстан компартиясы орталық комитетінің идеологиялық хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков", - дейді ақын.

1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің, ал 1991 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

1992 жылы Олжас Сүлейменовпен бірлесіп, "Халық конгресі" партиясын құрды.

1993-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарды.

"Қырғыз еліндегі бірден бір досым, аға досым, сана биігінде жолыққан досым – Шыңғыс Айтматов. Екеуміз көп мәселенің басында бірге жүрдік, ақылдастық, сырластық. Достықты да жай мәселе деп есептемеймін. Бұл да екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы", - дейді ақын досы Айтматов жайлы.

2004-2007 жылдары ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.

2010 жылдан "Тәуелсіздікті қорғау" атты 50-ден астам қоғамдық ұйымның, партия, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық "Жалын" журналының бас редакторы болды.

Шығармашылығы мен марапаттары

Ақынның алғашқы өлеңі 1959 жылы жарияланды, ал "Бақыт" аталатын тұңғыш жыр жинағы 1966 жылы басылып шықты. Одан кейін 1968 жылы "Балладалар", 1970 жылы "Ай туып келеді", 1974 жылы "Қырандар төбеге қонбайды", 1976 жылы "Сенім патшалығы" кітаптары шықты.

"Мұхтар Шахановтың түйсігі – таза ақындық пайым-парасат пен ұлттық санаға терең тамыр жіберген, жалғандыққа жаны қас, шыншыл түйсік", - деп жазды халық қаһарманы Қасым Қайсенов.

"Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілге аударылды.

"Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Шахановтың "Өркениеттің адасуы", "Жазагер жады космоформуласы" ("Шыңғыс ханның пенделік құпиясы") атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. 

"Өлең деген – ешкім айтпаған ойларды айту. ЮНЕСКО менің жырларымды әлемдік поэзияның осы замандық биігі деп таниды. "Өркениеттің адасуы", "Жазагер жады космоформуласы" деген романымның әрқайсының өзінде 20-30 романның оқиғасы берілген. Солардың ішінде ешкім айтпаған ойлар бар. Сондықтан өлең жазу басқа, ұйқастыру басқа, нағыз ақын болу басқа. Соңымыздан келе жатқан жастардан осындай биікке көтерілуін талап етемін", - дейді Шаханов.

Мұхтар Шаханов 60-тан аса елден 120-ға тарта сыйлық алған. 2002 жылы Эйнштейн атындағы алтын медаль берілді.

"Эйнштейн атындағы сыйлықты дүние жүзінде менен бұрын 18 адам алған екен. Менің есімім БҰҰ алтын кітабына жазылған. АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония секілді жиырмаға тарта елдің құрметті азаматымын. Бірақ атақ пен даңққа қызыққан адам емеспін. Кезінде маған "Халық қаһарманы" атағын берді, қол қойып қойған кезінде мен алмай қойдым", - дейді ол.

Мұхтар Шахановқа 1994 жылы Қырғыз Республикасының халық ақыны атағы берілді. 1996 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы атанды.

Одан бөлек Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының лауреаты, Түркияның "Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасының халықаралық "Руханият" сыйлығының лауреаты атанды.

2006 жылы Түркия, Әзербайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған "Түркі әлеміне ерен еңбегі үшін" атағы берілді.

Махаббат жайлы үзік сыр

"Үш рет үйлендім. Маған сана биігінде бір болатын әйел жолыққан жоқ. Ол ілуде бір болады. Маған жолыққан жоқ. Оған мен кінәлі емеспін", - дейді Шаханов.

Махаббат деген мүлде басқа дүние. Жер шарында жеті жарым миллион адам бар. Көп бөлігі әйел, соның барлығы бір-бірімен татуласады. Кез келген жәндік те баласын тудырып жатады. Махаббат деген – екі пайымды, парасатты адамның сана биігінде жолығуы, деді ақын сұхбаттарының бірінде.

"Дінмұхамед Қонаевпен жақын дос болдым, бірі-бірімізге деген көңіліміз мүлде бөлек еді. Димекеңнің Зухра деген әйелі болды, бірақ балалары болмады. Туыстары сізден ұрпақ алып қалуымыз керек деп келген екен. Зухра сонда Димекеңнің өзі шешеді, мүмкін кінә менен болар деп ештеңе айтпапты. Сомен оған 20 жастағы қызды дайындап қойыпты, ол қыз да ұрпақ алып қалуға құлшынып тұр екен. Қонаев көнбей қойыпты. Мен қай қалаға барсам да, барған жерімнен бір кітап алып келемін. Оны Зухраға беремін. Зухра соны оқып шығады, екеуміз соны талқылаймыз. Қанша әйелді білемін, маған Зухрадай сана биігінде жолыққан адам жоқ дейтіні бар", - дейді Мұхтар Шаханов Қонаевтың махаббаты жайлы.

3056
Кілт сөздер:
жазушы, өмірбаян, Мұхтар Шаханов
Тақырып:
Өмірбаяндар
Тақырып бойынша
Бибігүл Төлегенова 90 жасқа толды: "Әдемі қартайып келемін"
Бүгін Қасым Қайсеновтің туған күні: қазақтың қас батыры туралы қызықты деректер
Хасанғалиевтің әніне неге тыйым салынды – сексенге толған әнші жайлы қызық деректер
Назарбаевтың туған күні президент жайлы не дейді? Нумеролог сандарды "сөйлетті"
Кәрім Мәсімов бүгін 54 жасқа толды: ҰҚК басшысы туралы қызықты деректер
Асанәлі Әшімов

"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз

2052
Көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, ұстаз, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, "Отан", "Құрмет", "Қазақстанның Еңбек ері" орденінің иегері Асанәлі Әшімовтің өмірбаянын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Ел мен жердің киесі

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келді. Асанәлінің балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді.

"Қырқыншы жылдары елдегі колхоздастыру, соғыстың зардабы бәрімізге тиді. Тапқан таянғанымыз соғысқа жіберілді. Әкеміз ол кезде соғыста еді. Барлығын сол кісілерге жіберіп жатырмыз деп түсіндік. Біз қара су, қара нанмен күн көрдік. Бала болсақ та, соған көндік. Бірінші сыныпқа 1944 жылы бардым, мектепте оқу құралы, қағаз, қалам жетіспейді. Соның бәрі көмектесті, жоқшылықтың не екенін, аштықтың не екенін білдік, сезім ерте оянды", - дейді әртіс балалық шағы жайлы.

Туған ауылы Жайылманы Лондон, Парижбен салыстыруға келмейтінін айтқан Әшімов ауылына барса, ауруынан айығатынын жиі айтады.

"Туған үй әр уақытта ыстық. Париж, Лондон туған жердей болмайды. Туған жердің топырағы әрқашан ыстық, ағза да соған үйренген. Жайылмаға барған сайын қан қысымы сияқты аурулардан құтыламын. Сол жерде туып-өскендіктен болар көңіл күйім де көтеріледі. Топырақ, елдің, жердің киесі бар, әруақты ұмытпай сәлем беріп тұру керек. Кем дегенде жылына бір рет барамын. Бүкіл ата-бабам сонда жатыр. Атам Ысқақ пірәдар сонда жатыр. Ысқақ пірәдарға басына шырақ жағып, сол жерге мешіт салдырдым. Бірге қайнап, бірге өскен достарымды ұмытпаймын, сағынамын", - дейді Әшімов туған жері жайлы.

Нурсултан Назарбаев и Асанали Ашимов
© Photo : официальный сайт президента РК
Нұрсұлтан Назарбаев пен Асанәлі Әшімов

"Дәрігерді көрмек түгіл, естіген емеспіз. Тұмау болсақ та, мектепке бара беретінбіз. Балалық шағымызда қыс деген қиын болатын. Сабақ біткен соң демалыста колхоздың жұмысы бар: бидай ору, масақ теру. Балаларды жұмысқа салады. Еңбекке, қиындыққа үйрендік", - дейді әртіс.

Әшімовтің әкесі дүниеден ерте өткен, ол кезде анасы небәрі 22 жаста болған. Анасы содан кейін тұрмыс құрмаған.

"Әртіс болуыма бәрі қарсы болды, тек "Халық әртісі" атағын алғанымда ғана мойындады. Тек анам ғана қолдады",- дейді Әшімов. 

Асанәлі Әшімовтің қызмет жолы

Асанәлі Әшімов 1956-61 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетінде актер мамандығы бойынша оқыды. Оқуды бітірген соң "Қазақфильм" киностудиясына актерлік штатқа қабылданды.

1964 жылы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың актерлік құрамына қосылды.

Театр сахнасында көпшілікке белгілі маңызды рөлдерді ойнады. Мұхтар Әуезовтің "Абай" қойылымында Керімді, "Еңлік-Кебек" қойылымында Кебекті, "Қара қыпшақ Қобыландыда" Айшуақты, "Таңғы жаңғырық" қойылымында Жарасбайды сомдады. Ғабит Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" қойылымында Қодар бейнесі, Мұхамеджанов пен Айтматовтың "Көктөбедегі кездесуінде" Иосиф Татаевич, Шекспирдің "Юлий Цезарінде" Юлий Цезарь, Фриштің "Дон Жуанның думанында" Дон Жуан, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің "Қан мен терінде" Еламанды сомдады.

"Бәрі бірден сарт ете қалған жоқ. Өмірімде қиын-қыстау жолдар көп болды. Адамда бүкіл сезім оянуы керек. Жас кезіңде оның көбісі жоқ, ұрынып қаласың, қателікке ұшырайсың. Ол да керек. Жас кезінде қателеспейтін адам жоқ. Қазір (2017 жыл) бізге қателесу қиын. Оның бәрін өмір көрсетті. Өмірдің талқысы деген сол", - деді актер бір сұхбатында. 

Асанәлі Әшімов студент кезінен бастап фильмдерге түсе бастады. "Ән қанаты" фильмінде Қайменді, "Қыз Жібекте" Бекежанды сомдаса, "Атаманның ақырында" Қасымхан Шадияровды ойнады. "Жазушы" фильмінде Қаражал, "Нан дәмінде" директор болса, "Сіз кімсіз К мырза?" фильмінде басты рөлде ойнады. Қазақ киносында отызға тарта образды сомдаған.

"Қазақ өзі сыншыл ғой. Қазіргі жағдайда киноны түсіру бір жағынан қиын, екінші жағынан оңай болуы мүмкін. Бұрынғы қысым жоқ, еркіндік бар. Бұрын қысым болған кез де жақсы еді, қателеспей шығатын. Қазір еркіндікке жібергеннен кейін лағып кетуге болады. Ұлы тарихи фильмдерге барып жатыр, бірақ сол жерде көп режиссер өмір мен өнерді шатастырып алды. Өмірдің бәрі өнер емес, өнер – бір төбе. Көп нәрсені өнер жасау керек. Жібек пен Төлеген фильмдегідей киінбеген шығар, алайда көтермелеп, фантазия, әдемілікке қарай бет бұрған, бұл – кино. Ал солардың киімін зерттеп, өмірін зерттеп, соны тауып, суретке шығарса, ол – өмір. "Өмірде солай болған екен ғой" дейді, қазіргі жас режиссерлер осыны шатастырады", - дейді ол. 

Актерлікпен қатар режиссерлікке бет бұрған Асанәлі Әшімов Мұхтар Әуезов театры сахнасында "Амангелді", "Мен ішпеген у бар ма?", "Ақбілек", "Ревизор", "Фархад-Шырын","Қаза мен жаза" және өзге де қойылымдарды қойды. Ал "Қазақфильм" киностудиясында "Аждаһа жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Жусан","Қозы Көрпеш–Баян сұлу", "Тұзды көл жағасындағы үй" фильмдерін түсірді.

"Актердің әр айтқанының астары болу керек. Сахна – ұлы өнер. Өкінішке қарай, көп актер жеңіл-желпі қарайды. Әр алған образыңды ауырлатуың керек. Қазір сериал деген шықты. Баяғыда "Қыз Жібектің" екі сериясын үш жыл түсіргенбіз. Қазір аптасына бір серия түсіреді. Көп нәрсесін ашпайды, оны сериал деп есептемеймін. Оның бәрін кино деп айтуға келмейді. Бізде батырлар жырынан бастап, мол мұра жатыр. Соны түсіретін режиссер жоқ", - дейді Асанәлі Әшімов.

Актер жастық шағынан бері күнделік жазады. 1Жас күнімізде көшіп-қонып жүріп, он бес шақты дәптерім жоғалып кетті" деп айтып отырады. Ал кейінгі жылдары аңыз адамның жазғаны кітап болып, баспадан шықты. Соның бірі алғашқы жары Майра Аймановаға арнап жазылған "Майраның әні" кітабы. Кітап 35 жыл отасқан жары қаза болғаннан екі жыл өткен соң 1995 жылы шықты. Одан бөлек 2007 жылы 5 томдығы мен 2008 жылы "С любовью Ваш Асанали Ашимов" кітабы жарық көрді. Сонымен қатар "Жан бөлек", "Алаштың Асанәлісі", "Менің жанрым - күнделік", "Ғұмыр-дария"кітаптары бар. 

Марапаттары

1970 жылы "Қазақфильм"киностудиясы түсірген "Атаманның ақыры" толық метражды екі бөлімнен құралған көркем фильмінде Асанәлі Әшімов басты рөлді сомдады. Бұл детектив жанрында түсірілген екі сериялы тұңғыш қазақ фильмі. Фильмдегі рөлі үшін 1972 жылы Әшімов Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын алды.

Фильмді қойған – кинорежиссер Шәкен Айманов. Операторы – Асхат Ашрапов, композиторы – Еркеғали Рахмадиев.

1974 жылы "Қан мен тер" спектакліндегі рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді, 1976 жылы Қазақ КСР Халық әртісі атағы, 1980 жылы КСРО Халық әртісі атағы берілді.

2000 жылы тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы, 2001 жылы мемлекеттік "Отан" орденімен марапатталды.

2007 жылы 70 жылдық мерейтойы қарсаңында "Парасат", "Құрмет" орденімен марапатталды.

2017 жылы Елбасы жарлығымен "Қазақстанның Еңбек ері" алтын жұлдызды құрметті атағы берілді.

Отбасы

Асанәлі Әшімов кинорежиссер Шәкен Аймановтың қызы, опера әншісі Майра Аймановамен 35 жыл некеде болған, Майра Шәкенқызы 1993 жылы дүниеден өтті. Екеуі студент кезінде отбасын құрған. Алғашқы жары жайлы Әшімов "Құдай Майраны мен үшін жаратқан" деп айтады. Екеуінің шаңырағында Мәди мен Сағи есімді екі ұл дүниеге келген.

Сағи Асанәліұлы төрт сериялы "Шоқан Уәлиханов" телефильміндегі Шоқан рөлімен көпшіліктің есінде қалды, ол 1999 жылы 38 жасында өмірден өтті.

Сәулетші болған ұлы Мәди Асанәліұлы 1959-1999 жылдары өмір сүрді.

Оқи отырыңыз: "Әкең өлді ме?!": Асанәлі Әшімов полицейдің ақшасын алып қойды

Ал актердің екінші жарының есімі – Гүлсім. Екеуінің 1980 жылы туған Олжас есімді ұлы бар. Майра Айманова дүниеден өткен соң екеуі шаңырақ көтергенімен, некесі ұзаққа бармады.

Актердің үшінші жарының есімі – Маржан, 1999 жылы екеуінің Сағина есімді қызы дүниеге келді. Екі жыл некеден кейін ажырасып кетті.

Народный артист СССР Асанали Ашимов
МКФ "Евразия"
Асанәлі Әшімов отбасымен

Асанәлі Әшімовтің төртінші жары - өзін емдеген Бағдат есімді дәрігер. Ол актерден 34 жасқа кіші. Екеуі 2002 жылы шаңырақ көтерді, 2008 жылы екеуінің Асанәлі есімді ұлы дүниеге келді.

"Бала тәрбиесі қиын. Атасы мен әжесінің тәрбиесі керек, әсіресе әжесінің. Халықтың еш халықтан кем болмауын тілеймін", - дейді Әшімов.

2052
Кілт сөздер:
өмірбаян, халық әртісі, қазақ киносы, Асанәлі Әшімов
Тақырып:
Өмірбаяндар
Тақырып бойынша
"Проблема көп": Асанәлі Әшімов өзін қандай мәселе мазалайтынын айтты
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
"Сталин қос бұрымыма мақтау айтты": Роза Бағланова туралы не білеміз - фото
Қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова туралы не білеміз?
Асанәлі Әшімов: Қалекең құжатқа қол қоя білмейтін, тек бармағын басатын
Әсет Иманғалиев: Асанәлі Әшімовті сыртынан аңдып жүрдім
Аурухана, архивтегі сурет

Қазақстандағы "белгісіз пневмония": министр Тоқаевтың сауалына жауап берді

0
(Жаңартылды 21:36 10.07.2020)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл елде түрлі пневмонияға шалдыққандар саны күрт артқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрінен Қазақстандағы "белгісіз пневмония жағдайлары" туралы сұрады.

"Біздің елде пневмонияның белгісіз түрі өршігені туралы ақпарат тарап жатыр. Ол біздің статистикада көрсетілмей жатқаны айтылады. Бұл қандай пневмония?" - деп сұрады Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

"2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 98 546 адам пневмонияға шалдықты. Өсім - 55,4%", - деп жауап берді Цой.

Мемлекет басшысы бұл пневмония салдарынан қанша адам қайтыс болғанын нақтылады.

"Бірінші жартыжылдықта 1772 жағдай тіркелді. Өткен жылы (бір жылда) 1 780 адам қайтыс болды", - деді Алексей Цой.

Президент бұл төтенше жағдай екенін айтты. 

"Сонда жағдай төтенше деген сөз бе? Көп адам қайтыс болды, мұны мойындау керек", - деді Тоқаев.

0