3 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 мамыр

30
(Жаңартылды 16:52 06.05.2019)
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 123-ші күн. Жыл соңына дейін 242 күн бар

3 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

 3 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің мерекесі – Күн күні аталып өтеді. Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Басқа жұлдыздар бізден әлдеқайда алыста орналасқан. Мысалы, Жерге жақын жұлдыздардың бірі - aльфа Центавр жүйесіндегі Проксима бізден 4,22 жарық жылындай қашықтықта. Күн – планетамыз үшін ғарыш энергиясының қуатты көзі, ол Жер атмосферасын қалыптастырып, жануарлар және өсімдіктер әлемін жарық және жылумен қамтамасыз етеді. Күн болмаса, Жерде ауа да болмас еді, Күннің арқасында миллиондаған жылдар бұрын біздің планетамызда тіршілік пайда болды. Халықаралық күн энергиясы қауымдастығының еуропалық бөлімі 1994 жылдан бастап дәстүрлі әрі ерікті түрде Күн мерекесін атап өтеді, оның мақсаты – халық назарын энергияның осы көзін тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне аудару.

Сонымен қатар, бүгін әлемнің көптеген елінде Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні аталып өтеді. Мерекенің негізі 1993 жылдың 20 желтоқсанындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен қаланған. Бұл мерекенің пайда болуына 1991 жылғы ЮНЕСКО Бас конференциясында қабылданған "Әлемдегі баспасөз бостандығын қамтамасыз етуге атсалысу туралы" шешімі себепші болды. Осы мейрамда халықаралық қауымдастық кәсіби міндетін атқару кезінде қаза тапқан БАҚ қызметкерлерін еске алады. Бұл күні журналистер бірлестіктері мен қоғамдық ұйымдар қоғам мен биліктің назарын БАҚ-тағы сөз бостандығы проблемасына аударуға бағытталған шаралар ұйымдастырады.

Сонымен қатар, бүгін – спамның туған күні. Интернет қолданушылары "спам" деген ұғыммен жақсы таныс. Яғни, бұл – электронды поштаңызға күнбе-күн түсіп жататын көптеген қажетсіз хабарламалар, кейде олар қауіпті болуы да ықтимал. "Спамның" негізін қалаушы DEC компаниясы болып саналады, олар 1978 жылы 3 мамырда өз клиенттеріне 400 "спам" хабарламаны таратқан екен. Осылайша жаңа өнім – мини-компьютерлерді жарнамалақ болыпты. Ал атаудың шығу тегі жайында сөз қозғасақ, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дәмдеуіш қосылып тартылған ет консервілері ағылшынша "спам" деп аталған екен. Сонда бұл мерекені қалай тойлайды дейтін шығарсыздар? Әлбетте, жұрт "спамды" келемеждейтін әзіл-қалжыңдар айтып, желі қолданушылары оларға қарсы күресу үшін күлкілі әдістер ойлап табады.

 3 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1815 жылы Вена конгресінің шешімімен Ресей империясының құрамына енген Поляк Патшалығы құрылды;

1841 жылы Жаңа Зеландия Ұлыбританияның отары болып жарияланды;

1902 жылы АҚШ-та "Пепси" компаниясының негізі қаланды;

1966 жылы Лондонның "Таймс" газеті жаңа форматта жарық көрді: бірінші бетінде жаңалықтар басылған.

 3 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Алматы қаласында Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасында республикааралық жерді пайдалану, Қырғыз Республикасының ұлттық валютасы - сомның енгізілуіне байланысты қаржы-несиелік қатынастарды реттеу туралы келісім жасалды;

1995 жылы "Батыс Қазақстан – Құмкөл" мұнай құбыры жұмыс істей бастады;

1997 жылы Қазақстан президенті жарлығына сәйкес Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары таратылды;

2002 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресейдің мемлекет басшысы Владимир Путин Каспий теңізінің солтүстік бөлігін бөлу бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім хаттамасына қол қойды.

 3 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1939 жылы кеңестік кинорежиссер Леонид Нечаев дүниеге келді. Көбінесе балаларға арналған фильмдер түсірген – "Питер Пэн", "Қылыз телпек туралы", "Буратиноның басынан кешкендері";

1951 жылы ресейлік жазушы, публицист, әдеби сыншы, педагог, журналист әрі тележүргізуші Татьяна Толстая дүниеге келді;

1956 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Наталья Андрейченко дүниеге келді. ("Военно-полевой роман", "Мэри Поппинс, до свидания", "Петр Великий" фильмдері);

1965 жылы ресейлік саясаткер, кәсіпкер, миллиардер Михаил дүниеге келді. "Гражданская платформа" партиясының негізін қалаушы, "Правое дело" партиясының бұрынғы басшысы (2011 жылдың маусым-қыркүйек айлары). 2012 жылы 4 наурызда президент сайлауына қатысып, сайлаушылардың 7,98 % дауысымен үшінші орын алған.

 3 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1916 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бибі Артықова дүниеге келді;

1944 жылы медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Оразгелді Түктібаев дүниеге келді;

1950 жылы Қазақстан парламенті сенатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Ғани Қасымов дүниеге келді;

1978 жылы әнші Гауһар Қаспақова дүниеге келді.

 Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісінде орналасады. Оптимизм мен өмірге деген сүйіспеншілік қана тағдырдың тезіне төтеп береді. Өз күшіңізге сеніңіз, қиындықтан қашпаңыз және көпті көрген жандардың ақылына құлақ асқаныңыз жөн. Мақсатыңыз сіз ойлағаннан да жақын, күмәніңіз болмасын.

30
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (296)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 мамыр
Загрузка...