6 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 мамыр

37
Бұл Григориан күнтізбесі бойынша 126-шы күн, жыл соңына дейін 239 күн бар

6 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

6 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Ресейде Мәскеудің елтаңба және ту күні аталып өтеді. Бұл дәстүр 2005 жылдан бастау алады. Сондай-ақ бүгін қаланың әулие жебеушісі Георгий Победоносец ұлықталады.

6 мамыр - Халықаралық диетаға қарсы күн. Алғаш рет бұл мереке Ұлыбританияда 1992 жылы аталып өтті. Кейін бастамаға АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Израиль, Дания, Бразилия және тағы басқа елдердің феминисттері қолдау көрсетті. Мейрамның нышаны ретінде ашық көгілдір түсті таспа таңдалынып алынды.

Израильде бүгін елдің басты мемлекеттік мерекесі - Тәуелсіздік күні тойланады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада тұрған тоғыз миллион еврейдің үштен бір бөлігі ғана аман қалды, бірақ сынақ мұнымен біткен жоқ. Соғыстан кейін ағылшындар Палестинаға еврейлердің оралуына одан бетер үлкен шектеулер енгізді. "Еврейлердің қарсы тұру қозғалысы" осы жағдайға жауап ретінде құрылды.

6 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1833 жылы АҚШ-та алғашқы құрыш соқа шығарылды;

1872 жылы Англияда футбол кубогы бекітілді;

1902 жылы жиырмасыншы ғасырдағы ең ірі кеме апаттарының бірі болды: Бенгал шығанағында "Каморта" кемесі апатқа ұшырап, 655 адам қаза тапты.

2007 жылы Францияда президент сайлауының екінші турында Николя Саркози жеңіске жетті.

6 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды;

1995 жылы 6-8 мамыр аралығында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда, Парижде және Мәскеуде өткен екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімдерге қатысты. Осы сапарда Эдинбург және Уэльсский ханзадаларымен, Ұлыбританияның премьер-министрі Джон Мейджор, Франция президенті Жак Ширак, Германия канцлері Гельмут Коль, АҚШ-тың вице-президенті Альберт Гор, Иордания королі Хусейнмен және басқа да мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізді. 1996 жылы индустриалдық институттың базасында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті құрылды;

1998 жылы президент жарлығымен Қазақстан астанасы - Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, "Сарыарқа" және "Алматы" аудандары құрылды;

2003 жылы Астанада "Халықтар достығы" ескерткіші ашылды;

2010 жылы Алматы қаласындағы Достық даңғылында орналасқан үйде "Халық Қаһарманы", Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

6 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1856 жылы австриялық психолог, психиатр және невролог Зигмунд Фрейд дүниеге келді;

1923 жылы кеңес актері және педагог Владимир Этуш дүниеге келді;

1961 жылы америкалық актер, режиссер және продюсер, "Оскара" иегері Джордж Клуни дүниеге келді;

1970 жылы фотомодель, АҚШ президенті Дональд Трамптің зайыбы Мелания Кнаусс дүниеге келді.

6 мамырда Қазақстанда кім туды

1896 жылы халық әншісі, композитор Майра Шамсутдинова дүниеге келді;

1936 жылы жазушы, композитор, өнер зерттеушісі, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ілия Жақанов дүниеге келді;

1951 жылы классикалық күрестен КСРО чемпионы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, Мәскеудегі Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионы (Осло, 1981), әлем кубогының иегері (1982), грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО және ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер белгісінде орналасады. Бүгін ауа райы тамаша болады, сондықтан таза ауада спортпен шұғылдануға немесе қыдыруға жақсы мүмкіндік. Көптен бері уақыт таба алмай жүрген шаруаларды біржақты ету үшін қолайлы күн.

37
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, атаулы күндер, мереке, күнтізбе
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (296)
Загрузка...