9 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 мамыр

36
Бұл - Григориан күнтізбесі бойынша 129-шы күн, жыл соңына дейін 236 күн бар

9 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

9 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Кеңес Одағының Екінші Дүниежүзілік соғыста (1941-1945 жылдары) жеңіске жеткен күні. 1941 - 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 миллион адам қатысты. Сұрапыл соғыстан 26,6 миллион кеңес әскері қаза тапты. Қазақстаннан қан майданға 1,8 миллион адам аттанған. Оның 600 мыңы отанына оралған жоқ. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты. Бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақ алды. Олардың бесеуі бір, төртеуі  екі, екеуі үш орденмен марапатталған. Бес дивизия гвардиялық атақ алды. Олардың ішінде Кеңес Одағының батыры Иван Панфилов атындағы атақты 8-ші гвардиялық дивизия бар.

Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Ал 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. 1941 жылы аға лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған атқыштар батальоны мен Иван Карпов басқарған 1075-ші атқыштар полкі Мәскеу түбінде бір ай бойы үздіксіз ұрыстар жүргізіп, дұшпанға қарсы шабуылға шығып отырды.

Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский екі мәрте Кеңес Одағы батыры атанды.

9 мамыр – Дүниежүзілік әділетті сауда күні. Жыл сайын мамырдың екінші сенбісінде аталып өтеді.

9 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1754 жылы АҚШ-тың мемлекет қайраткері, ғалым Бенджамин Франклин бірінші рет америкалық карикатураны жария етті;

1911 жылы орыс ғалымы Борис Розинг әлемде алғаш рет телевизиялық бағдарламаны жүргізді;

1936 жылы Италияның премьер-министрі, фашистік партияның негізін қалаушы Бенито Муссолини Эфиопияның Италияға қосылғанын жариялады;

1941 жылы Жапонияның ықпалымен "Виши режимі" бейбітшілік келісіміне қол қойылды. Оған сәйкес Таиландқа Лаос пен Камбоджаның бір бөлігі өтті;

1945 жылы КСРО Жоғарғы президиумының жарлығымен "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіс" медалі тағайындалды. Бұл – Кеңес Одағында кең таралған медальдардың бірі. Соғыстан кейін бұл медальмен шамамен 13,5 миллион сарбаз бен офицер марапатталды;

1994 жылы Ресей президенті Борис Ельциннің жарлығымен маршал Георгий Жуковтың құрметіне Жуков ордені мен Жуков медалі тағайындалды. Жуков ордені жоғары награда болып саналады. Орден "Отан алдындағы ерен еңбегі" орденінен кейінгі екінші орында.

9 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1840 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы маңына метеорит құлады. Ол түскен жеріне байланысты "Қарақол" аталды. Алдымен метеориттің сынығы Семейге, кейін Ресейдің Петербор қаласына жеткізілді;

1992 жылы Петропавл қаласындағы Коммунистік көшесіне Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақын Мағжан Жұмабаевтың есімі берілді;

1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Үндістанның Unity international қорының "Халықаралық түсіністік үшін" марапаты табысталды;

1999 жылы Нұр-Сұлтанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты түрде Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің жаңа кешенін ашты;

2001 жылы Нұр-Сұлтанда "Отан ана" отан қорғаушылар монументі салтанатты түрде ашылды;

2008 жылы Петропавлдағы Дарынды балаларға арналған интернат-гимназияда Кеңес Одағының батыры Әбу Досмұхамбетовтың мүсінтасы салтанатты түрде ашылды;

2009 жылы Қарағандыда жаңа Жеңіс саябағы ашылды.

9 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1837 жылы неміс кәсіпкері, Opel компаниясының негізін қалаушы Адам Опель дүниеге келді;

1873 жылы ағылшын археологы, Мысырдағы Тутанхамон перғауынның мәйітін ашқан ғалым Говард Картер дүниеге келді;

1906 жылы кеңес театр және кино актері Аполлон Ячницкий дүниеге келді. "Суворов" фильмінде Ресейдің I Павл патшасының рөлін сомдаған;

1924 жылы ақын, композитор, жазушы, сценарист Булат Окуджава дүниеге келді;

1962 жылы ресейлік режиссер және продюсер Валерий Тодоровский дүниеге келді. Ол "Подмосковные вечера", "Стиляги", "Большой" фильмдеріне түскен;

1962 жылы Ұлыбританияның аты аңызға айналған Depeche Mode тобының вокалисі Дэвид Гаан дүниеге келді;

1967 жылы ресейлік әртіс және режиссер Федор Бондарчук дүниеге келді. Ол - танымал режиссер Сергей Бондарчуктың ұлы.

9 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1946 жылы Қазақстанның құрметті журналисі, "Мысль" журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам дүниеге келді;

1947 жылы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының режиссері, Күләш Байсейітова атындағы вокалистер конкурсының лауреаты, Қазақстанның халық әртісі Ғафиз Есімов дүниеге келді;

1954 жылы Қазақстан Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми дүниеге келді;

1962 жылы Қазақстан парламенті сенатының депутаты Жеңіс Нұрғалиев дүниеге келді;

1965 жылы Қазақстанның Лихтенштейн Князьдігі, Ватикан, Иерусалим, Родос және Мальта, әрі Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі Жанар Айтжанова дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Ұзақ мерзімді жоспарды жүзеге асыруға әрі алыс сапарға шығуға қолайлы күн. Сондықтан арманыңызды жүзеге асыруға асығыңыз. Себебі мұндай сәтті ұзақ күтуіңіз мүмкін.

36
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 мамыр
Загрузка...