10 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 мамыр

20
Григориан күнтізбесі бойынша 130-шы күн, жыл соңына дейін 235 күн бар

10 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

10 мамырда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Дүниежүзілік әділ сауда күні. Мейрам Дүниежүзілік әділ сауда ұйымының бастамасымен барша әлемде мамыр айында аталып өтеді. Өйткені мамыр айы әділ сауда айы саналады.

Сондай-ақ, Германияда кітап күні. 1933 жылы 10 мамырда Берлин мен өзге неміс қалаларында ұлтшыл-социалистер гитлерлік режимге ұнамаған кітаптарды өртеу акциясын ұйымдастырған. Мұндай оқиғалар ешқашан ұмытылмауы тиіс. Сондықтан кезінде кітаптар өртенген Бебельплатц алаңында Германиядағы ең ерекше ескерткіштердің бірі - Versunkene Bibliothek ("Батып кеткен кітапхана") тұр. Оның авторы – израильдік сәулетші Миха Ульман. Ата-анасы 1933 жылы Германиядан көшіп кеткен.

Бүгін Ресейде де кітаппен байланысты мерекелердің бірі аталып өтеді. Ғасырдың басында Ресейде кітаптар мен мерзімдік басылымдарға деген қызығушылық артқан. Типография қызметі жандана түсті. Сондықтан 10 мамырда Кітап палатасының құрылу күні аталып өтіледі. Бұл күні дәстүр бойынша жаңа кітаптардың тұсаукесері ұйымдастырылады. Оған автордың өзі міндетті түрде қатысады. Ол журналистерге ғана емес, қалың оқырманға да  сұқбат береді.

Сондай-ақ, бүгін Канадада қызғалдақтар мерекесі (The Canadian Tulip Festival) аталып өтеді. Ол жыл сайын Оттава қаласында мамыр айының бірінші жартысында басталып, екі аптаға жалғасады. Оттава ең суық астаналардың бірі саналса да, бұл кезде ең гүлденіп, құлпырған астанаға айналады. 5 миллионнан астам қызғалдақтың гүлдеуін  тамашалау үшін елге 1,5 миллион турист келеді.  

10 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1811 жылы Англияда қағаз ақша енгізілді;

1869 жылы АҚШ-тың тұңғыш трансконтинентальді темір жолы салтанатты түрде ашылды;

1960 жылы америкалық "Тритон" атом қайығы жер шарын алғаш рет 94 күнде айналып шықты;

2008 жылы Еуропа-Этна ірі вулканы белсенді атқылай бастады.

10 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1949 жылы Мәскеуде  қазақ әдебиеті және өнерінің он күндігі басталды;

2007 жылы "Бурабай " ұлттық бағының орманды алқабында орналасқан, Қотыркөл көлінің жағасында емдік-сауықтыру кешені ашылды;

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан басшысы Гурбангұлы Бердымұхамедов Ақордадағы келіссөздер барысында Ақтауда Түрікменстан және Түрікменбашыда - Қазақстан консулдығын ашу туралы келісім жасасты;

2013 жылы елордадағы "Қазақстан" орталық концерт залында жас пианистердің байқауы мен тұңғыш "Astana Piano Passion" халықаралық классикалық музыка фестивалі салтанатты түрде ашылды

10 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1923 жылы Әзербайжанның 3-президенті, мемлекеттік және саяси қайраткер Гейдар Алиев дүниеге келді. 2003 жылы қайтыс болды; 

1944 жылы америкалық режиссер, продюсер, танымал "Аэроплан ", "Совершенно секретно " комедиялық фильмдеріне түскен Джим Абрахамс дүниеге келді;

1948  жылы америкалық актриса Мег Фостер дүниеге келді;

1956 жылы "Взгляд ", "Поле Чудес " бағдарламаларының авторы, журналист, тележүргізуші Владислав Листьев дүниеге келді. 1995 жылы Мәскеуде өлтірілді;  

1955  жылы кеңестік және ресейлік инженер, "Что? Где? Когда? " интеллектуалды бағдарламасының қатысушысы, тележүргізуші  Александр Друзь дүниеге келді;  

10 мамырда Қазақстанда кім туды

1904 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Толыбаев дүниеге келді. "Найзағай ", "Толқын ", "Қызғалдақ ", "Табыс ", "Жартас " сынды жыр жинақтары бар. Ақынның Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығармалары майдан газеттерінде жиі басылып тұрған;

1911 жылы Кеңес Одағының батыры Ысқақ Ыбыраев дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Горький қаласындағы М.Фрунзе атындағы әскери-саяси училищесінде, Могилев жаяу әскер училищесінде оқыған;

1929 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді;

1971 жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Айдархан Құсайынов дүниеге келді;

Ай күнтізбесі

Ай Шаян белгісінде орналасады. Бұл күні маңызды істерден бас тартқан жөн. Астрологтар үй шаруасымен айналысуға кеңес береді. Жаңа ақпарат іздеп, үйренуге ден қойыңыз. Бастысы, көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз.

20
Кілт сөздер:
ай күнтізбесі, мереке, танымал есімдер, атаулы күндер, тарихи оқиғалар
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (296)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 мамыр
Загрузка...