11 мамыр - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 мамыр

36
Бұл - Григориан күнтізбесі бойынша 131-ші күн, жыл соңына дейін 234 күн бар

11 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik  дерекқорынан оқыңыз.

11 мамырда қандай қызықты оқиға болды

11 мамырда Астрономия күні аталып өтеді. Бұл мейрам жылына екі рет – көктемде және күзде тойланады. Көктемгі астрономия күні әдетте сәуірдің ортасынан бастап мамырдың орта кезіне дейінгі сенбіде тойланады. Астрономия күні 1973 жылы Калифорнияда аталып өте бастады. Солтүстік Калифорния астрономиялық қауымдастығының президенті Д.Бергер (Doug Berger) көшелер, сауда орталықтары мен саябақтарда телескоптар орнату керектігін айтты.

Сондай-ақ, бүгін Дүниежүзілік көшпелі құстар күні. Бұл жаһандық экологиялық акцияның мақсаты – адамдардың көшпелі құстар туралы мейлінше көп мағлұмат алуына жол ашу. Бастапқыда бұл мереке тек мамырда аталып өтетін. 2018 жылдан бері мамыр айының екінші сенбісі  мен қазан айында тойланатын болды. Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға 1906 жылы қол қойылған болатын .

11 мамырда Мэри Поппинсті күту күні де аталып өтеді. Бұл күні суық жел самал желге ауысса, Мэри Поппинс келеді деген пікір қалыптасқан.  

Сондай-ақ, бүгін Нидерланд елінде велосипедші күні аталып өтеді. Бұл елдің тұрғындары жаппай велосипедке көшіп жатыр. Мереке жыл сайын мамыр айының екінші сенбісінде тойланады. Ресми мәртебесі болмағанымен, кең ауқымда аталып өтеді. Нидерланд елінде велосипедті жиі ұрлайтынын да атап өту керек. Бұл, тіпті ұлттық спорт түріне айналған. 

11 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1928 жылы Нью-Йоркте әлемдегі ең алғаш телебағдарламаларды жүйелі түрде трансляциялау басталды;

1991 жылы швециялық Roxette дуэті Joyride әнін орындап, америкалық хит-парадта бірінші орынға ие болды;

2000 жылы Үндістанның миллиардыншы тұрғыны - Аста Арора дүниеге келді;

2003 жылы Колизей аренасында тұңғыш рет рок-музыкант – Пол Маккартни өнер көрсетті.

11 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1944 жылы Қырымнан татар, болгарлар мен гректерді жер аудару жөніндегі мемлекеттік комитеттің қаулысы шықты. Олардың біразы үшін Қазақстан екінші отынына айналды;

1998 жылы ҚР ішкі істер органдарында "Арлан" арнайы мақсаттағы жасағы құрылды;   

2012 жылы Қазақстанда Музей аптасы жарияланды. Осы кезеңде мемлекеттік музейлер өз есігін барлық келушілер үшін айқара ашты. Көрермендер назарына көптеген жаңа жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, апта аясында тематикалық дәрістер, экскурсиялар, ғылыми оқылымдар, музей-театрлық қойылымдар өткізілді;

2016 жылы Венадағы кинотеатрлардың бірінде Қазақстан киносы күндері өтті. Фильм түпнұсқалары  қазақ және орыс тілдерінде болды. Ағылшын тілінде субтитрмен көрсетілді. Жобаның басты мақсаты - Қазақстанның мәдениеті, дәстүрі мен тарихын таныстыру және екі елдің достық қатынасын нығайту болды;

11 мамырда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1864 жылы англиялық жазушы, композитор Этель Лилиан Войнич дүниеге келді; 

1904  жылы испаниялық суретші, мүсінші, режиссер, жазушы Сальвадор Дали дүниеге келді. Сюрреализм бағытының аса көрнекті өкілдерінің бірі;

1963 жылы украиналық композитор, музыкалық продюсер, Украинаның еңбек сіңірген өнер қайраткері (2012) Константин Меладзе дүниеге келді;

1988 жылы ресейлік актриса Агния Дитковските дүниеге келді.

11 мамырда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1904  жылы ғалым, археолог, қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушы, этнография, шығыстану, әдебиттану салаларындағы ғалым, тарихшы Әлкей Марғұлан дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған;
1911 жылы  биология ғылымының докторы Расим Аппасов дүниеге келді;

1913 жылы жазушы, соғыс ардагері  Рахметолла Райымқұлов  дүниеге келді. Алматыдағы Қазақстан коммунистік журналистер институтын бітірген;

1953 жылы Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, 2002-2003 жылдар аралығында Әділет министрі қызметін атқарған, қазір Парламент сенатының депутаты Георгий Ким дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Бұл жалғыздық пен өз-өзіңізді "жинақтау" күні. Сыртқы және ішкі дүниеңіз таза болуы тиіс. Энергияңызды босқа жұмсамауға тырысыңыз. Барынша сабыр сақтап, үйлесімділік табу уақыты.

36
Кілт сөздер:
мереке, ай күнтізбесі, атаулы күндер, танымал есімдер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (294)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 мамыр
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 мамыр
Загрузка...