Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 19 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев 19 мамыр - күнтізбе
 19 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 139-шы күн, жыл соңына дейін 226 күн бар

19 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

19 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Түркияда бүгін Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi. 1919 жылдың 19 мамырында тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық қозғалыстың көшбасшысы Мұстафа Кемал Ататүрік Самсунға келіп, шетелдік интервенцияға қарсы мобилизация жариялады. Бұл күн Түркияның азаттығы үшін соғыстың ресми басталған күні болып саналады. Сол кезде Түркия мен Грекия соғысып жатқан болатын.

Алғаш рет мейрам 1935 жылы 24 мамырда "Ататүрік" күні ретінде аталып өтіп, мейрамның құрметіне Стамбұлда спорт күні ұйымдастырылды. Ал бірнеше айдан кейін өткен спорт конгресінде "Ататүрік күнін" Жастар және спорт мейрамы деп атау шешімі шығарылып, заңды түрде бекітілген мереке 19 мамырда жыл сайын тойланып келді. 1980 жылдың 12 қыркүйегіндегі мемлекеттік төңкерістен кейін мерекеге "Ататүрікті еске алу, жастар және спорт күнi" деген жаңа ресми атау беріледі.

Сондай-ақ бүгін - пионер ұйымының туған күні. 1922 жылы 19 мамырда комсомолдардың бүкiлресейлiк конференциясы жаппай пионерлер отрядтарын құру туралы шешiм қабылдап, сол күнi бүкiлодақтық пионерлер ұйымы құрылған едi. Екi жылдан кейiн оған күн көсемнiң аты берiлiп, пионерлер Лениннiң бейнесi салынған төсбелгi мен қызыл галстуктi тағынатын болды. Бұл күні жер-жерлерде пионерлер слеттерi өткiзiлiп, алаулар жағылып, алау айнала ән салынатын.

19 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1649 жылы Англия республика болып жарияланды;

1802 жылы Наполеонның бастамасы бойынша Францияда Құрметті легион ордені бекітілді;

1907 жылы Финляндияның футбол қауымдастығы құрылды.

19 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен банкнот фабрикасы ашылды;

2005 жылы Астанада Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды;

2011 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді;

2014 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның гүлденуіне  қосқан үлесі үшін "Жібек жолы әлемі" сыйлығы берілді;

2017 жылы Қазақстан киноиндустриясы тарихында алғаш рет 70-ші Канн фестивалінде Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды.

19 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1890 жылы Солтүстік Вьетнамның тұңғыш президенті Хо Ши Мин дүниеге келді;

1938 жылы кеңес одағының театр және кино актері Галина Фигловская дүниеге келді;

1975 жылы ресейлік әнші, композитор Ева Польна дүниеге келді;

1977 жылы уругвай актрисасы және әншісі Наталия Орейро дүниеге келді

19 мамырда Қазақстанда кім туды

1940 жылы мүсінші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Ескен Сергебаев дүниеге келді;

1946 жылы әнші, Қазақстанның Халық әртісі Қажыбек Бекбосынов дүниеге келді;

1964 жылы қазақстандық мемлекеттік қайраткер, ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов дүниеге келді;

1964 жылы әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов дүниеге келді;

1971 жылы ресейлік актриса, жүргізуші Лера Кудрявцева дүниеге келді. 

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Қордаланып қалған шаруаңызды бітіру үшін қолайлы күн. Бүгін өміріңізде күтпеген қуанышты жағдай болуы мүмкін, сабырлылық пен шыдамдылық танытқаныңыз жөн.

Жаңалықтар
0