9 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 шілде

41
Бұл – Григориан күнтізбесінде 190-ші күн. Жыл соңына дейін 175 күн бар

9 шілдеде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

9 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Жыл сайын 9 шілдеде  Әзербайжан Республикасында Дипломатиялық қызмет органдарының қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл мейрам 2007 жылдың 24 тамызында президент Ильхам Алиевтің жарлығымен бекітілді. Елде 2001 жылдың 8 маусымынан бері "Дипломатиялық қызмет туралы" заң қабылданған. Ол Әзербайжан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің бір түрі – дипломатиялық қызметтің құқықтық негіздерін орнатады.

Аргентинада 1816 жылы Күміс Өзен Біріккен Провинцияларының (Аргентина) Тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Бұл Аргентина Республикасының туған күні болды. Содан бері елде 9 шілдеде ресми мереке – Тәуелсіздік күні аталып өтеді. Буэнос-Айрес биліктерінің арасындағы ұзаққа ұласқан тартыс Наполеон Фердинанд VII патшаны тақтан тайдырып, Испанияны жаулап алғанда басталды. 1810 жылы 25 мамырда Буэнос-Айрес кеңесі Фердинанд таққа оралғанша патшаның атынан басқаратын уақытша үкімет құрды. Осы жайттардың салдарынан Аргентинаның Тәуелсіздігі туралы декларация 1816 жылдың 9 шілдесінде бір-ақ қабылданды.

Сонымен бірге Дарамүйізге сену күні тойланады. Қазіргі заманда дарамүйіздер туралы әртүрлі көзқарас бар. Ал сіз осы бір аңызға айналған жануарды білесіз бе? Күні бойы дарамүйіздің бар екеніне сену оңай деп ойлайсыз ба? Байқап көріңіз, бәлкім, бүгін соның сәті түсіп тұрған шығар. Сонда сіз айдаһар, су перісі және тағы басқа таңғажайып тіршілік иелеріне сенетін боласыз.

9 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1877 жылы Уимблдонда алғаш рет теннис чемпионаты өтті;

1918 жылы АҚШ-тағы ең ірі темір жол апаты болды;

1957 жылы Менделеев кестесінің 102-ші элементі – нобелий ашылды;

2011 жылы Оңтүстік Судан тәуелсіз мемлекетке айналып, астанасы Джуба болды.

9 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1991 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мемлекеттік салық қызметі құрылды;

2001 жылы Қазақстанның "Ғылым туралы" заңы қабылданды;

2007 жылы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы археологиялық-этнографиялық орталықтың экспедиция мүшелері сармат дәуірінен қалған алты обаны тапты;

2009 жылы Астанада (қазір Нұр-Сұлтан) тозған автомобиль шиналарын өңдейтін ТМД-дағы алғашқы зауыт ашылды.

9 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1938 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы Лия Ахеджакова дүниеге келді. РКФСР еңбек сіңірген актрисасы (1970). Ресейдің халық әртісі (1994). "Служебный роман" фильмінде хатшы қыз Вераның рөлін сомдаған;

1950 жылы Украинаның мемлекет және саяси қайраткері Виктор Янукович дүниеге келді – премьер-министр (2002-2005 және 2006-2007 жылдары), Украина президенті (2010-2014 жылдары);

1956 жылы танымал америкалық актер, режиссер, сценарист және продюсер Том Хэнкс дүниеге келді ("Зеленая миля", "Форрест Гамп", "Терминал", "Облачный атлас", "Секретное досье" фильмдерінде басты рөл сомдаған, екі рет "Оскар" жүлдесін иеленген).

9 шілдеде Қазақстанда кім туды

1946 жылы қазақстандық тілші, саясаттанушы Қуаныш Ермекбаев дүниеге келді;

1959 жылы суретші, мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Әділет Жұмабай дүниеге келді;

1959 жылы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов дүниеге келді;

1964 жылы театр және кино актері, тележүргізуші Евгений Жұманов дүниеге келді;

1982 жылы "БанкЦентрКредит" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Құсайынов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бұл күн табиғи күштердің оянуымен байланысты. Адамның кенет көзі ашылуы мүмкін. Қайғыға немесе жалқаулыққа берілмеңіз. Өміріңізде бірнәрсені өзгерткіңіз келсе, бүгін сәті түсіп тұр, әсіресе, түске дейінгі уақытта. Саяхатқа шығуға да қолайлы.

41
Кілт сөздер:
тарихи оқиғалар, танымал есімдер, атаулы күндер
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Загрузка...