13 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 13 шілде

132
Бұл григориан күнтізбесінде 194-ші күн. Жыл соңына дейін 171 күн бар 

13 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

13 шілдеде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні. 1992 жылы 13 шілдеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңызды бар қала мен аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар, әрі әскери контрбарлау, ҰҚК-ның "Барлау" қызметі, ҰҚК-нің шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелері, өзге де ұйымдармен қатар Алматыдағы ҰҚК академиясы және ҚР ҰҚК-нің әскери институты кіреді;

Бұл күні Черногория мемлекеттілігі күні тойланады. 1878 жылы Берлин конгресінде Черногория әлемнің 27-тәуелсіз мемлекеті ретінде танылды.

Бүгін АҚШ-та ұлттық картофель фри күні мерекеленеді. Бельгиялықтар картофель фриді өздерінің ұлттық тағамы санайды. Олар "бұл тағамды француздар бізден ұрлап алды" деген пікірде.

13 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1837 жылы Ұлыбритания ханшайымы Виктория Букингем сарайына көшіп келді. Кейін бұл сарай Ұлыбритания корольдерінің негізгі резиденциясына айналды;

1897 жылы Гульельмо Маркони радиоға патент алды;

1908 жылы Лондонда IV Олимпиада ойындары ашылды. Оған алғаш рет әйелдер қатысты;

1923 жылы АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласындағы Маунт-Ли тауының бөктерінде Hollywood жазуы пайда болды;

1930 жылы спорт тарихында алғаш рет футболдан әлем чемпионаты Уругвайда өтті. Бұл жарыста Уругвай құрамасы жеңіске жетіп, футбол тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атағына ие болды;

1938 жылы АҚШ-тың Бостон қаласында алғаш рет телетеатр ашылды;

1949 жылы Рим папасы Пий XII коммунистік партияның қатарына кіріп, оны қолдаған азаматтар шіркеуден аластатылатынын мәлім етті;

1973 жылы әлемге әйгілі ұлыбританиялық Queen тобы алғашқы альбомын жарыққа шығарды;

1985 жылы Лондон және Филадельфия (АҚШ) қалаларында бір уақытта Африкада аштықтан зардап шеккен халықтарға көмек көрсету мақсатында Live Aid концерті ұйымдастырылды.

13 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1922 жылы Қазақ атқару комитетінің III сессиясында прокурорлық қадағалау және адвокатура туралы ережелері қабылданды. Осылайша, РСФСР қылмыстық кодексінің қалың малға, мал ұрлығына тыйым салуға, адам етін жеуді аяусыз жазалауға қатысты IX бөліміне толықтырылулар енгізілді;

1995 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы" қаулысы қабылданды;

2015 жылы "Қазпошта" АҚ интернет-дүкендерден пошта тарифтерін онлайн режимде үздіксіз қабылдай алатын API модуль жасап шығарды;

2017 жылы Астанада ҚР қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінің залында "Алтын адамның" көшірмесі, Жамбыл Жабаевтың домбырасы мен жеке заттары, Балпық бидің дулығасы және өзге де құнды экспонаттар қойылды.

13 шілдеде туған танымал тұлғалар

1923 жылы кеңес және ресей кино және театр әртісі, КСРО-ның халық әртісі (1988) Михаил Пуговкин дүниеге келді;

1942 жылы АҚШ әртісі Харрисон Форд дүниеге келді;

1944 жылы кеңес және Ресей кино және театр әртісі, педагог, профессор, РФ халық әртісі (2002) Борис Клюев дүниеге келді;

1969 жылы украиналық жазушы, журналист, тележүргізуші Олесь Бузина дүниеге келді.

13 шілдеде Қазақстанда кімдер туды

1950 жылы жазушы Әлібек Көбентаев дүниеге келді;

1967 жылы публицист, журналист Нұрлан Қалқа дүниеге келді;

1971 жылы тележүргізуші, телепродюсер, Медиа стандарт институтының негізін қалаушы Ержан Сүлейменов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Мерген белгісінде орналасады. Бүгін атқарар жұмысыңыз көп екенін істен шығармаңыз. Бойыңыздағы күш-қуатыңыз бұл істерді тындыруға жетпеуі мүмкін. Сондықтан жүрек жалғап, тынығып алыңыз. Адамдардың сіз туралы не ойлағаны маңызды емес.

132
Кілт сөздер:
күнтізбе, атаулы күндер, қызықты деректер, тарихи оқиғалар
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Тақырып бойынша
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 шілде
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 12 шілде
Сайлау, дауыс беру, иллюстративті сурет

Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады

71
Мәжіліс сайлауында дауыс беруге құқылы сайлаушылар, дауыс беру уақыты мен тәртібі туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы, тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге құқылы.

Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Мәжiлiс депутаттарын сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Азаматтар жасырын дауыс береді және сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасауға тыйым салынады.

Сайлаушылар тізімінде сайлаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшiн – қосымша күнi мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетiледi.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті әкімдікте сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Сайлау күні басқа қалада жүргендер қалай дауыс береді

Егер азамат басқа өңірде жүріп, дауыс беретін күні сайлаушы ретінде тіркелген қаласына бара алмайтынын білсе, онда өзі жүрген қаланың әкімдігіне жүгінуге құқылы. Жазбаша өтiнiшті сайлаудан кемінде отыз күн бұрын беру керек.

Азамат өтiнiш жасаған соң, әкімдік оны тiркелген жері бойынша сайлаушылар тiзiмiнен шығарып, сол қаладағы дауыс беретiн учаскенiң сайлаушылар тiзiмiне енгiзеді.

Дауыс беру уақыты

Дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейiн өткiзiледi.

Алайда учаскелiк сайлау комиссиялары басқа уақытты белгiлей алады. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06.00-ден ерте бастап, сағат 22.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

Учаскелiк сайлау комиссиясы азаматтарды дауыс беретiн уақыт пен орын туралы сайлау өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, БАҚ арқылы, сондай-ақ, өзге де әдiстермен хабардар етуі тиiс.

Дауыс беру тәртібі

Учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс берудің басталуына бiр сағат қалғанда дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан 30 минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар-жоғын, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады.  Комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

Әрбiр сайлаушы өзi дауыс бередi.

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

Бюллетеньдер сайлаушылар тiзiмі негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен соң берiледi.

Сайлаушылар тiзiмге бюллетеньдердi алғаны туралы қол қояды.

Комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясы төрағасы мен хатшысының бюллетень бepуге құқығы жоқ.

Дауыс берушiлер сайлау бюллетенiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оны толтыру кезiнде кабинаға басқа адамның кіруіне тыйым салынады. Бюллетеньдi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға құқылы.

Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгiзуге жол берiлмейдi.

Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

71
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Мәжіліс залы

Мәжіліс сайлауы қашан өтеді

189
(Жаңартылды 18:32 27.09.2020)
Қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады. Қазақстан президенті парламент сайлауының өтетін күнін 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей белгілеуі тиіс

Парламент – Қазақстанның заң шығару билігiн жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкiлдi органы.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: сенаттан және мәжілістен тұрады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Сайлауды кім және қалай тағайындайды

Мәжілістің соңғы сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтіп, бірінші сессия 2016 жылдың 25 наурызында ашылған еді. Тиісінше, қазіргі шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Конституцияға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Осылайша, төменгі палата депутаттарының сайлауы 2021 жылдың қаңтарынан кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

"Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, мәжілістің кезекті сайлауын президент депутаттар өкiлеттігінің бiтуiне кемiнде бес ай  қалғанда тағайындайды.

Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Үміткерге қойылатын талаптар

Қазақстан азаматтығы бар және ел аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам мәжіліс депутаты бола алады.

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.

Мыналар:

  • сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
  • сот сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныған адам парламенттің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, кандидат бола алмайды.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркелген саяси партиялар, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын кандидаттарды Ассамблея кеңесі ұсынады.

Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Егер сайлауды белгілеу кезінде өзгеше көзделмесе, партиялық тізімдер бойынша сайланатын үміткерлерді ұсыну сайлаудан 2 ай бұрын басталып, оған 40 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

ҚХА сайлайтын кандидаттарды ұсыну сайлаудан 1 ай бұрын басталып, оған 20 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидатураны алып тастау

Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі, ол ұсынған кандидат Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш жасай отырып, кандидатураны кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда ОСК кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

189
Кілт сөздер:
сайлау, мәжіліс депутаты, Мәжіліс
Украинадағы ұшақ апаты

Украинадағы ұшақ апаты: аман қалған жалғыз курсанттың әкесі сұқбат берді

0
(Жаңартылды 11:00 28.09.2020)
Ан-26 ұшағы апатынан тірі қалған жалғыз курсант Вячеслав Золочевскийдің әкесі де авиация саласында жұмыс істейді, ол да үш рет ажалдан аман қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Украинада ұшақ апатынан аман қалған жалғыз курсанттың беті бері қарап келеді, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Курсанттың әкесі де авиация саласында қызмет етеді. Айтуынша, ол да үш рет ажалмен бетпе-бет келген, деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен үш рет құладым. Баламның тірі қалғаны өз әкесінің ұлы екенін көрсетеді", - деді үлкен Золочевский "Сегодня" газетіне берген сұқбатында.

Оның айтуынша, Вячеславтың еш жері сынбаған, тек жарақаттары бар.

"Бәрі оны ұшақтан секіріп кетті деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Ол ұшақтан ұшып кетті. Өзінің досын құтқаруға тырысқанын да білемін", - деді әкесі.

Вячеслав Золочевскийдің өзі үйінді маңында есін жиғанын, жанында өртеніп жатқан курсантты құтқаруға ұмтылғанын айтқан еді. Көп ұзамай ол тағы да есінен танған. Курсант денесін жауып қалған фюзеляждің арқасында аман қалды.

Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы  

Әуе апаты Украинаның Харьков облысы Чугуев қаласы маңында 25 қыркүйек күні кешке болды. Ан-26 әскери-көлік ұшағы оқу ұшуын орындаған.

Крушение самолета Ан-26 под Харьковом
© Sputnik / Сергей Одинцов
Украинада Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады

Бортта 27 адам – экипаждың 7 мүшесі және 20 курсант болған. Жиырма бесі оқиға орнында қаза тапты. Екі курсант ұшақтан шыққан, бірақ, кейінірек, біреуі ауруханада көз жұмды.

Ұшу және оған дайындық ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғалды. Төрт болжам қарастырылып жатыр: техникалық ақау, экипаждың қателігі, ұшуды басқаруға жауаптылардың қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы, ұшаққа техникалық қызмет көрсету және оны ұшуға дайындаумен байланысты проблемалар.

0
Кілт сөздер:
курсант, ұшақ апаты, Украина