15 шілде - күнтізбе

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 шілде

57
Бұл григориан күнтізбесінде 196-ші күн. Жыл соңына дейін 169 күн бар 

15 шілдеде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

15 шілдеде қандай айтулы оқиға болды

Бүгін Бүкіләлемдік жастар дағдылары күні аталып өтеді. Аталған мейрам осыдан бес жыл бұрын Шри-Ланканың бастамасымен БҰҰ-ның арнайы отырысыда қабылданды. Бірлескен құжатқа сәйкес, әлем елдерінің үкіметтері өмір сүрудің экономикалық жағдайына, сондай-ақ, жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасына назар аударуы тиіс.  

Қазақстан металлургтері төл мерекелерін тойлайды. Қазақстан президентінің жарлығына сәйкес, жыл сайын шілденің үшінші жексенбісі – металлургтер күні. Атаулы мейрам кеңес одағында да болған. Одақ ыдырағаннан кейін ТМД елдерінде кәсіби мереке қайта түледі. Қазақстандық металлургтермен бірге осы күнді Армения, Беларусь, Ресей және Украина елдері де атап өтеді.

Сондай-ақ, бүгін – Брунейдің сұлтаны күні. Бұл мереке билеуші династияның 29-өкілі Хассанал Болкиахтың туған күніне орай бекітілген. Болкиах 1946 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. 1964 жылдан бастап елдің мұрагер ханзадасы болып, 1968 жылы таққа отырды. Бруней 1984 жылы өз тәуелсіздігін алды. Оған дейін Британияның отары саналған. Қазір Бруней сұлтаны елдегі мемлекет басшысы және діни көшбасшысы болып саналады. Билік әкеден балаға мұра болып қалады.

Ресейде жыл сайын орыстың жалқаулық күні аталып өтеді. Осыған орай, Тыгыдым деген ауылда біраз адам жиналады. Барлығы табиғатқа шығып, түк істемей жатады. Фестиваль аясында сан алуан конкурстар мен ойындар ұйымдастырылады. Сол жерде дұрыс демалуға арналған дәрістерді де тыңдауға болады. Ал Түрікменстанда астық күні тойланады.

15 шілдеде әлемде болған тарихи оқиғалар

1841 жылы Осман империясы Лондонда еуропалық державалардың әскери кемелерінің Босфор және Дарданелла бұғаздарынан Түркия келісімінсізөтпеуі туралы жаңа конвенцияға қол қойды;

1916 жылы Сиэтл қаласында америкалық ұшақ құрастырушы Уильям Боинг The Pacific Aero Products Company компаниясының негізін қалады. Бірнеше айдан кейін компания атауы The Boeing Airplane болып өзгерді;

1939 жылы Нью-Йорк тұрғыны Клара Адамс жер шарын айнала ұшып шыққан тұңғыш әйел атанды;

1948 жылы Лондонда анонимді маскүнемдердің қоғамы құрылған болатын. Аталған бірлестік АҚШ-та 1935 жылы ашылған;

1965 жылы АҚШ Конгресі темекі қорабының сыртына шылым шегудің денсаулыққа зиян екенін ескертуді жазу туралы заң қабылдады. Ұлыбритания ондай заңды 1991 жылы мақұлдады;

2006 жылыTwitter-дің негізі қаланды;

15 шілдеде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1941 жылы  Петропавл қаласында 314-атқыштар дивизиясы жасақталып, солтүстік-батыс майданына жіберілді;

1954 жылы Қытайдың Циң хай өлкесінде Алтыншоқы қазақ автономиялық ауданы құрылды;

1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заң қабылданды;

2009 жылы Қазақстанда халықаралық Еуро-2 техникалық және экологиялық стандарты енгізілді;

2011 жылы елордада травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының жаңа ғимараты ашылды; 

2015 жылы Қарағанды облысы Осакаров ауданы Дальний ауылдық округінде бие сүтінен құрғақ сүт өндіру жобасы іске қосылды.

15 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар

1606 жылы кескіндеме мен гравюра шебері Харменс ван Рейн Рембрант дүниеге келді;

1905 жылы Украинаның театр және кино әртісі Александр Хвыля дүниеге келді;

1963 жылы Сильвестра Сталлоненің екінші әйелі, танымал  фотомодель, әнші, сценарист, продюсер Бригитта Нильсен дүниеге келді; 

1983 жылы танымал ресейлік конькиші, қысқы Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Ольга Граф дүниеге келді;

15 шілдеде Қазақстанда кім туды

1889 жылы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Халима Өтеғалиева дүниеге келді;

1906 жылы Кеңес одағының батыры Қапай Ысқақов дүниеге келді;

1915 жылы ақын, аудармашы Қабыл Боранбаев дүниеге келді;

1944 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев дүниеге келді;

1978 жылы "Казахстанская правда" республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Вячеслав Пащенко дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай бұл күні Тауешкі зодиак белгісінде болады. Қаржы жағынан біршама қиындық туындауы мүмкін. Дегенмен, жылжымайтын мүлік пен сан алуан ұйымдастыру шаралары ойдағыдай өтуі тиіс. Бұл күн дүйсенбіге түсіп отыр. Астрологтар дүйсенбі күні жеке интуицияға басымдық жасауға кеңес беріп отыр. Себебі пайыммен жасалған шешімдердің барлығы бірдей нәтиже бермеуі мүмкін. Ал барлық жұмысты дүйсенбіге қалдырған адамға жоспарды өзгертуге тура келеді.

57
Кілт сөздер:
күнтізбе, қызықты деректер, атаулы даталар, тарихи оқиғалар
Тақырып:
Бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе (361)
Загрузка...