Кредит карталары

Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

34364
(Жаңартылды 13:45 07.09.2019)
Қазақстандықтар қарызы кешірілетіндер қатарына кіретіндердің тізімін онлайн режимде көре алады

Кредит бойынша қарыздың кешірілетіндердің тізімін Egov.kz электронды үкімет порталындағы "Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру" деген бөлімнен қарауға болады.

Сондай-ақ, 111 телефон нөміріне хабарласып, мамандардан кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары қарыз жүктемесін азайтуға қатысты барлық сауалға жауап беруге дайын.

Қарызы өтелетіндердің тізімі қалай жасалады

Қарызы өтелетіндердің  тізімі орталық мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі мәліметке сай жасалады.

Білім министрлігі жетім балалар, 29 жасқа толмаған ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, кәмелеттік жасқа толмай ата-анасынан айырылғандар мен 23 жасқа дейінгі студенттердің тізімін әзірледі.

Әділет министрлігі ақпараттық жүйедегі мәліметтерді азаматтық хал актілері бойынша тексерді. Нәтижесінде жарлықтағы талаптарға сай адамдар (2,08 миллион адамға жуық) мен олардың отбасы мүшелерінің (465 мың адамға жуық) тізімі әзірленді.

Тағы оқыңыз: Досаев банктің "қара тізіміне" енгендер неден құр қалатынын айтты

Екі тізім де (шамамен 2,289 миллион адам) тексеріліп, Ұлттық банк пен Мемлекеттік кредит бюросына тапсырылды.

Қарызы кешірілетіндердің нақты тізіміне 506 941 адам енді. Олардың 630 633 микрокредиті мен қарызы кешіріледі.

Тізімге енбей қалғандар не істейді

Еңбек министрлігіндегілердің айтуынша, адамдардың тізімге енбей қалуының басты себебі – ақпараттық жүйелерде мәртебесі туралы ақпараттың болмауы.

Көп жағдайда адамдардың некеге тұруы немесе баланың туғаны туралы ақпарат жоқ. Кредиті барлар отбасы мүшесі ретінде көрсетілмегендіктен, мұндай отбасы жарлық талабына сай келмей қалады.

Сондай-ақ, мемлекеттен жәрдемақы алмаған көпбалалы отбасы да бірде-бір ақпарат жүйесіне енгізілмеген болуы мүмкін.

Өзін тізімнен таба алмағандар 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефон нөмірлеріне хабарласып, мәртебесін бекіте алады.

Кімнің кредиті кешіріледі

Осы жылдың маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойған еді. Мұндай жеңілдік көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жарлығы: ерлі-зайыптының кредиті қалай өтеледі?

Мемлекет есебінен әлеуметтік тұрмысы төмен азаматтардың 300 мың теңге мөлшеріндегі барлық қарызы өтеледі. Бұл қарызға негізгі борыш, сыйақы, айыппұлдар да кіреді.

34364
Кілт сөздер:
жарлық, қарыз, кредит
Тақырып бойынша
Қазақстанда кредит беру шарттары өзгереді
Тоқаевтың жарлығы: кредит қалай және қашан өтеледі
Тоқаевтың жарлығы: енді кімдерге кредит берілмейтіні белгілі болды
Кредит алған халықтың қарызы 4 триллионнан асты - Ұлттық банк көмек береді
Кредит тарихы нашар қазақстандықтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін
Загрузка...