Алашорда туралы кітаптар

Қазақтың алғашқы дәрігерлерінің бірі Халел Досмұхамедұлы туралы не білеміз?

1022
Ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедұлы туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Тектінің тұяғы

Халел Досмұхамедұлы 1883 жылы 24 сәуірде бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысының (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) №4 ауылында дүниеге келген.

Халелдің бесінші атасы - Алдар Ерназарұлы əділдікпен аты шыққан би болыпты. Одан кейінгі Байнақ та, Машақ та төңірегіне тіреу, жарлыға сүйеу болған деседі. Олардан Дəулетүмбет, Ізмағанбет пен Досмұхамедтер тарайды. Досмұхамед 1850 жылы туған. Отыз үш жасында зайыбы Əйкен дүниеге ұл əкеліп, есімін "Халел" деп қойған. Ол он балалы отағасының жетінші болып көрген қызығы еді.

Кішкентайынан ауыл молдасынан сауат ашқаннан кейін ағасы Дəулетмұхамед Машақұлы Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне оқуға береді. 11 жасында Халел Орал (Теке) қаласындағы əскери училищенің дайындық курсына қабылданып, оны 1902 жылы үздік бітіріп шығады. Ал 1903 жылы өнер-білімге құмар жас жігіт Санкт-Петербургтегі императорлық әскери-медициналық академияға латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түседі.

"Ұятсыздықпен қанап отыр..."

Халел Досмұхамедұлы әскери-медициналық академияда оқығанда 1905–1907 жылдардағы төңкерісті өз көзімен көрді. Бұқара халықтың ашу-ызасы, қанды қақтығыстар жəне жеңілістің ащы сабақтары болашақ қайраткердің рухани дүниетанымын қалыптастырды. Бұған Халелдің ОГПУ тергеушісіне өз қолымен жазып берген мəлімдемесі дəлел.

"Мен Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер кауымы да жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Əр түрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым... Мені жəне басқа қазақ студенттерін ешбір саяси партияның бағдарламалары қанағаттандырмады", - деп жазды Халел Досмұхамедұлы.

Оның сөзіне қарағанда, сол кезде социал-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социалист-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жатады. Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған ауыздарын ашпады. Ал оңшылдар болса орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын.

"Сол кезде жолдастарыммен бірге бір митингіге кездейсоқ тап болғанымызда, сонда сөйлеген Милюковтың (кадеттердің жетекшісі) айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен жəне ұятсыздықпен қанап отыр" деп еді...", - дейді Халел Досмұхамедұлы.

Сандар сөйлейді

  • 1905 жылы Теке қаласында бес облыстан жиналған қазақтың зиялы азаматтары Ресей кадет партиясының үлгісімен саяси ұйым құруға əрекеттенеді. Олардың арасында студент Халел де болды;
  • 1909 жылы академияны үздік дəрежелі дəрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде əскери міндетін өтеуге жіберіледі. Алдымен Пермь губерниясына қарасты Чердынь уезіндегі Морчань бөлімшесінде жəне бөлімшенің қабылдау бөлімінде екі бірдей жұмысты атқарады;
  • 1910 жылы Халел Досмұхамедұлы Түркістанға оралып, дəрігер болып жұмыс істейді. Одан кейін Оралға ауысып, Орал казак-орыстарын емдейтін Ілбішін, Калмыков қамалдарындағы ауруханада кіші дəрігер, кейін аға дəрігер болып қызмет етеді;
  • 1913 жылы əскери борышын өтеуден босатылып, Орал облысы Темір уезіне бөлімшелік дəрігер болып орналасады;
  • 1912-1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне де қатысты. Сол үшін императорлық қола медальмен марапатталған;
  • Ақпан төңкерісінен кейін Халел Досмұхамедұлы туған халқының болашағы үшін саяси күреске араласады. Ол дəрігерлік қызметін тастап, біржола Алаш қозғалысының белсенді көсемдерінің бірі болады;
  • 1916 жылы 48 тараудан тұратын "Қырғыз халқының жеріндегі оба ауруымен қалай күресуге болады" ғылыми еңбегі жарық көрді. Бұл кітап өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің əдіс-тəсілдерін түгел қамтыған еңбек болды;
  • 1917 жылдың сəуір айында Орал облысының қазақ съезінде Жанша Досмұхамедовпен бірге "Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері" атты заң жобасын ұсынады. Оған делегаттар бір ауыздан дауыс береді;
  • 1917 жылы Халел Досмұхамедұлы мамыр айында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысады;
  • 1917 жылы Досмұхамедұлы шілдеде өткен жалпы қазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Ал желтоқсанда өткен жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметінің мүшелігіне Орал облысы атынан сайланады;
  • 1918 жылғы наурыз айында Жанша Досмұхамедовпен бірге Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленин жəне И.В.Сталинмен кезігіп, келіссөз жүргізіп, олардың алдына біршама талаптар қойып, біраз ақшалай жəрдем алуға қол жеткізеді;
  • 1918 жылдың мамыр айында Жаһанша екеуі Оралда съез ашып, онда "Ойыл уалаятының уақытша үкіметін" жариялайды. Əскер жасақтайды. Кіші əскери мамандықтарын даярлайтын оқу орнын ұйымдастырады;
  • 1918 жылы қыркүйек айында Уфа қаласында өткен Алаш басшыларының жиналысында "Ойыл уалаяты" ресми түрде мойындалады. Оған "Алаш Орданың Батыс бөлімшесі" деген ат беріледі;
  • 1920 жылы Кеңес үкіметінің қаулысымен Алашорда мүшелеріне кешірім жасалды. Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі ресми таратылғаннан кейін оның белсенді басшылары халықтан алыстатыла бастайды;
  • 1920 жылдан бастап Ташкентте жүргенде Халел Досмұхамедұлы Қазақстан мен Орта Азияда денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырды. Түркістан Денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі жəне емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды;
  • 1922–1925 жылдары мəдениетті көркейту мақсатында құрылған "Талап" қауымының басқармасына төрағалық етті;
  • 1924 жылы Халел Досмұхамедұлы Түркістан Халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мəскеуде өткен Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты;
  • 1926 жылы Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетін (бұрынғы ҚазПИ) құру жөніндегі комиссияның төрағасы болды. Халел Досмұхамедұлы Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағалығын да атқарды.

Ташкенттегі табыстар 

Халел Досмұхамедұлы жауапты қызметтерді атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына мол үлес қосты. 1922–1928 жылдары негізгі еңбектері жарық көрді. Олар: "Табиғаттану", "Жануарлар", "Оқушылардың саулығын сақтау", "Адамның тəн тірлігі", "Жануарлар: сүйектілер туралы"  және тағы басқа еңбектер. Ю.Вагнердің "Дене бітімі мен оның жұмысы туралы əңгімелері", "Өсімдіктердің жаратылысы мен тіршілігі туралы əңгімелерін" қазақ тіліне аударды.

"Қазақ" газетіндегі "Жұқпалы аурулар" атты мақаласында "Сынықтан басқаның бəрі жұғады" дейтін қазақ мəтелін эпиграфқа алып, əр түрлі жұқпалы ауруларға анықтама береді. Олардың шығу тегін, таралуын, пайда болу себептерін айта келе, ел ішінде көп тарағандарына назар аударады. Бұрын қалай емделгені, қайсысы пайдалы, қайсысы зиянды екені жайында түбегейлі жазады.

Тағы оқыңыз: Байтұрсынұлы кеңес өкіметі жағына не үшін өтті

Халел Досмұхамедұлы - қазақтан шыққан алғашқы түркітанушы. Ол 1923 жылы  "Шолпан" журналының 7-санында "Диуани лұғат ат-түрік" атты мақала жариялады. Осы мақаласы арқылы қазақ қоғамын алғаш рет ұлы сөздікпен таныстырып, Махмұд Қашқаридің тарихтағы орнын белгілеп берді. Ол халық ауыз əдебиетін жинастырып, баспа бетіне шығарды. "Алаш не сөз", "Кенесарының соңғы күндері", "Қазақ  əдебиетінің тарихы" ғылыми еңбектерін, "Мұрат ақын сөзі", "Исатай–Махамбет" пен "Аламан" жинақтарын шығарды. 

Мәселен, қазақ халық əдебиеті, шілдехана, бесік жырларының тəрбиелік мəніне тоқтала келіп, қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кəмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі əн-жырдың құшағында өтетіні жайында жазған.

"Əдетте оның ең бірінші еститін үні — анасы айтқан бесік жырының əуені. Балалар ойындарының басым көпшілігінің үстінде түрлі тақпақтар қоса айтылса, ал бозбалалық шақтағы өмірі ғашықтық жырларға толы. Қазақ баласын тəрбиелеуде дыбыстық ырғақтардың басты орынға шығуына, сірə, халық əдебиеті мен халық əндерінің кең таралып, дамуы жəне қазақтардың өмірдің кез келген жағдайында өлең шығарып, əн айтуы бір себеп болса керек", - деп жазды Халел Досмұхамедұлы.

Ғалымның тіл мəселесі жөнінде айтқан пікірлері де дәл айтылған. "Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы" деген еңбегінде тіл, сөйлеу — адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айтады.

"Бөтенше жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең — бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең — бұл күйініш", - деп атап көрсетті Халел Досмұхамедұлы.

13 ұрпақ ата жолын жалғады

1937–1939 жылдары Сталиндік жендеттердің қанды шеңгеліне ілінгендердің ішінде Халел Досмұхамедұлы да болды. 1930 жылы Алашорда құрамына кіргені үшін саяси айып тағылып, жұмысынан босатылды.

1932 жылы 20 сəуірде Халел Досмұхамедұлы ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына бес жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау жəне гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары, Оңтүстік-Шығыс теміржол-санитарлық бөлімшесінің дəрігер-эпидемиологы болып қызмет істеді.

Воронежде Халелмен бірге Əбдіхамит пен Жақып Ақбайұлдары, Əшім Омарұлы, Жанша Досмұхамедұлы, Сейдəзім Қадырбайұлы, Кəрім Тоқтабайұлы, Мұхаметжан Тынышпайұлы, Жұмақан Күдеріұлы, Мұхтар Мурзиндер жəне басқа бір топ қазақ зиялылары болды. Оларға 1935 жылы мерзімді уақыты біткен соң елге оралуына рұқсат берілді.

Тағы оқыңыз: Міржақып Дулатұлы жайлы қызықты деректер

Халел Досмұхамедұлы осы қалада жұмысын жалғастыра береді. 1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып, Мəскеуге, кейін Алматыға жіберіледі. Соңынан іздеп келген жұбайы Сағираға кездесуге рұқсат берілмеді.

1939 жылы 24 сəуірде Халел Досмұхамедұлы əскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. Алайда кассациялық шағым бергендіктен ісі қайта қаралады. Содан көп ұзамай 1939 жылдың 19 тамызында өкпе ауруынан Алматы абақтысының ауруханасында қайтыс болады.

1958 жылы қайтыс болғаннан кейін ақталды.

Халел Досмұхамедұлынан Рабиға, Әділхан, Сәуле, Қарашаш, Төле деген бес ұл-қыз тарайды. Олардың барлығы да жоғары білім алып, елге елеулі еңбек сіңірген. Бір қызығы, әулеттен 13 ұрпақ ата жолын жалғап, дәрігер мамандығын иеленіпті.

1022
Кілт сөздер:
Халел Досмұхамедұлы, Алашорда, Алаш қайраткері, өмірбаян
Тақырып:
Өмірбаяндар (111)
Тақырып бойынша
Қазақтың "қазақ" деп атанып жүргені Сәкен Сейфуллиннің арқасы - танымал ақын
Сәкен Сейфуллинге қатысты алыпқашпа әңгімеге нүкте қойылды
Қазақ "қырғыз" емес: Тұңғыш премьер Сәкен Сейфуллин жайлы қызықты деректер   
"Қазақ поэзиясының құлагері" атанған Ілияс Жансүгіров туралы не білеміз?
"Бұл не деген масқара!": Бейімбет Майлин туралы қызықты деректер
Қазақтың жері қалай заңдастырылды: Әлихан Бөкейхан туралы қызықты деректер
Теңге

Шілдеге берілетін 42 500 теңге: әлеуметтік төлемге қалай өтінім беруге болады

7798
(Жаңартылды 14:31 18.07.2020)
17 шілдеде екінші карантинге байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем алуға өтінім беру басталды

Әлеуметтік төлем кімге беріледі және төлем алу үшін өтінімді қалай беруге болатынын Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз.

42 500 теңгені кімдер алады:

  • жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке практикамен айналысып жүрген тұлғалар;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен істеп жүргендер;
  • бірыңғай жиынтық төлемін төлеп жүрген жеке тұлғалар.

Өтініш беруге арналған порталдар:

  • egov.kz – "электронды үкімет" веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • "Электронды үкімет" telegram-боты;
  • Aitu мессенджерінде 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Egov.kz арқылы өтінім беру

Өтінім Egov.kz порталында "электронды өтініш" қызметі арқылы онлайн қабылданады. "Қызметтер" бөлімінде "42 500 төлеу" қызметін басу керек. Қызметкерлер ЖСН, жұмыс берушілер БСН енгізеді. Әлеуметтік төлемді төлеу туралы немесе төленбейтіні туралы шешімді Egov.kz порталындағы жеке кабинеттен көруге болады, сондай-ақ, ұялы телефонға SMS-хабарлама келеді.

42500.enbek.kz порталы арқылы өтінім беру

Сайттың жеке бөлімі enbek.kz базасында бір реттік SMS-парольдің көмегімен ЭСҚ-сыз (электронды сандық қолтаңба) 42 500 теңге әлеуметтік көмек алуға өтінім беруге болады. Мұнда жеке кәсіпкерлерден басқа барлық кәсіпорынның жалдамалы қызметкерлері жүгіне алады.

  • 42500.enbek.kz порталына кіру;
  • "42 500 жәрдемақы алу" тетігін таңдау;
  • Өтініш берушінің аты-жөнін, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН теріп, e-mail көрсетіп, үлгіні толтыру;
  • Толтырылған үлгіні жіберу;
  • Жүйе телефон нөмірін көрсетуді сұрайды;
  • Телефон нөмірін SMS-хабарлама арқылы жіберілген кодпен растау керек;
  • Өтінім жіберілді.

Жіберілген өтінім мен жеке дерек өңделгеннен кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында тексерілгеннен кейін өтінім беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлем тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға беріледі.

Telegram-бот арқылы өтінім беру

  • Telegram-да @Help42500Bot ботын табу;
  • "42 500 төлеу" қызметін таңдау;
  • Жеке деректерді енгізу керек;
  • Өтінім "еңбек нарығы" ақпараттық жүйесіне келіп түседі, бір күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтінімдері тексеруден өтпейді);
  • Ақпарат бір күн ішінде өтінімді өңдеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға "Е-Макет" ақпараттық жүйесіне түседі;
  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " КЕАҚ әлеуметтік төлем тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтінімді жібереді;
  • Telegram-бот төлем тағайындау туралы жауап жібереді.

Әрбір өңір бойынша жеке бот бар:

  1. https://t.me/NurSultan42500Bot
  2. https://t.me/Almaty42500Bot
  3. https://t.me/Akmol42500Bot
  4. https://t.me/Aqtobe42500Bot
  5. https://t.me/AlmaObl42500Bot
  6. https://t.me/Atyrau42500Bot
  7. https://t.me/ZKO42500Bot
  8. https://t.me/JambylObl42500Bot
  9. https://t.me/Karagandy42500Bot
  10. https://t.me/Kostanai42500Bot
  11. https://t.me/Qyzylorda42500Bot
  12. https://t.me/Mangystau42500Bot
  13. https://t.me/Turkistan42500Bot
  14. https://t.me/Pavlodar42500Bot
  15. https://t.me/SKO42500Bot
  16. https://t.me/VKO42500Bot
  17. https://t.me/Shymkent42500Bot

Аймақ бойынша ботты таңдаған соң, "start" тетігін басып, кім ретінде өтінім беріп отырғаныңызды көрсетіп, әрі қарай ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) теріп, 20 белгіден тұратын банк шотын (IBAN) теру қажет.

Айта кетейік, 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінім қабылдау 19 шілдеден басталады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші азаматтар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы бір реттік төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілді.

Қазақстанда қатаң карантин екінші тамызға дейін ұзартылды.

7798
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
42 500 теңге: жұмыссыз азаматтарға не істеу керек?
Сарапшылар жәрдемақыны әр балаға төлеу жайлы: "42 500 емес, 73 000 болуы керек"  
"ЕСП" төлеп, 50 000 теңге ал": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді
42 500 теңге: өтінім сайт арқылы неге қабылданбай жатыр
42 500 теңгеден үміттілерге SMS жолданды: ақша қашан түседі
Кімдер 42 500 теңгеге өтінімді 19 шілдеден бастап береді?
Қазақстан туы, архивтегі фото

Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар 9 рет аза тұту күні жарияланды

1149
(Жаңартылды 12:02 13.07.2020)
Ұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік ту аза тұту мерзімі аяқталғанша тутұғыр биіктігінің жартысына дейін түсіріледі  

Шахтадағы қайғылы жағдай

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылғаннан кейін Қазақстанда аза тұту күні жарияланды. Ол жерде өрт шығып, 41 кенші қаза тапқан болатын.

Жарылыс желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты туындаған. Қайғылы оқиғадан кейін алты жұмысшы сотталды.

Метан жарылысы

Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада 2008 жылдың 11 қаңтарында 30 шахтер қаза тапты.

Жарылысқа технологияның бұзылуы себеп болды. Төтенше жағдайды тексеру барысында өнеркәсіптегі қауіпсіздікті бақылауға жауапты екі шенеунік қызметінен айырылды.

Қарағанды облысында қаза тапқандарға үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Қызылағаш бөгетінің бұзылуы

2010 жылдың 11 наурызында Қызылағаш бөгетінің бұзылуы қазіргі Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқынының бірі болды. Қайғылы оқиға салдарынан 45 адам қаза тапты, оның ішінде 11 бала бар.

16 наурызда елде аза тұту күні жарияланды.

Қанды Арқанкерген

2012 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Арқанкерген" шекара бекетінде қазақстандық шекарашылардың қаза болуына байланысты 2012 жылдың 5 маусымында ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Алматы облысы Алакөл ауданында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашы және қорықшы 28 мамырда шекара бекетінде қаза тапты. Бұл туралы жұртшылық оқиғадан екі күн өткен кезде білді. Қылмысқа сол оқиғадан жалғыз аман қалған шекарашы Владислав Челах кінәлі деп танылды.

Шымкенттегі ұшақ апаты

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент үстінен ұшып бара жатқан АН-72 ұшағы апатқа ұшырады. Борт ішінде шекарашылар болған. Ұшақта барлығы 27 адам болды, оның жетеуі – экипаж мүшесі. Барлығы қайтыс болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 27 желтоқсанда ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

2013 жылдың 31 қаңтарында қаза тапқандарға ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алматы облысының Қызылту кентінде Көкшетау-Алматы рейсін орындаған Chellenger-200 ұшағы апатқа ұшырады. 16 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі қаза болды.

Қазақстан президенті Ақордада құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізу барысында әуе апатынан көз жұмғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Ақтөбедегі теракт

2016 жылдың бесінші маусымында бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен Ақтөбе әскери бөліміне қарулы шабуыл жасады. Лаңкестердің шабуылынан сегіз адам көз жұмды, оның үшеуі – әскери қызметші.

Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғалардың қаза болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 9 маусымын Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Bek Air ұшағының құлауы

2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат  07:22-де Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ ішінде 93 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын Алматы маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Коронавирус құрбандарын аза тұту

2020 жылдың 13 шілдесі мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қандай жағдайда ұлттық аза тұту күні жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың құрметіне жарияланады.

Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республиканың президенті жариялайды. Аза тұтуды жариялау үшін нақты талаптар жоқ, шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, адамдардың жаппай қайтыс болуы, теракт және басқа да қайғылы оқиғалар мен жоғары қызметтегі қайраткерлердің қазасына байланысты жарияланады.

Аза тұту бір және бірнеше күнге жариялануы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күндері мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, шетелдік дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсіріледі. Ойын-сауық іс-шаралары мен телебағдарламалар тоқтайды.

1149
Кілт сөздер:
тәуелсіздік, аза тұту
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Бұл неткен қасірет еді": Димаш Құдайберген желіде жазба жариялады
Қазақстандықтар коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Аза тұту күні: Қазақстанның барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы оқылады
Тоқаевтың індеттен көз жұмғандарды қайда еске алатыны хабарланды

Қақтығыс кезіндегі Минск қаласының видеосы жарияланды

0
Беларусь президенті сайлауынан кейін учаскелер жабылған соң дауыс беру нәтижесіне көңілі толмағандар санкцияланбаған наразылық акциясына шықты

Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, Беларусь елінің қазіргі президенті 
Александр Лукашенконы сайлаушылардың 80 проценті қолдаған. Оның қарсыласы -  Светлана Тихановская 10 проценттен аз дауыс жинады. 

Санкцияланбаған наразылық акциясына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айтып, көшелерде жүрді. Алайда бұл ұзаққа созылмады. Күш құрылымдары тұрғындардың акциясын  тоқтатты. Олар жарық-дыбыстық граната мен көзден жас шығаратын газ қолданды.

Қақтығыс кезінде Минск қаласында болған жағдай бір видеода көрсетілді.

0