Нұр-Сұлтан қаласының келбеті

Қазақстанда 28 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

247
Sputnik Қазақстан 28 қаңтарда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 29-31 қаңтар аралығында және 1-8 ақпанда не жоспарланғанын біле аласыз

28 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан аумағында импорттың орнын басу және теміржол өнімдерін өндіруді оқшаулау мәселелері бойынша бірқатар шара өтеді (Аккредитация +7 (7172) 60 42 92; +7 (701) 111 46 87 телефондары немесе ktzh_pressa@mail.ru электрондық мекенжайы бойынша жасалады).

31 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 - Romantique музыкалық миниатюралар кеші ұйымдастырылады ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

10.00 - "Digital Almaty: ғаламдық экономиканың цифрлық болашағы" халықаралық форумы өтеді. Шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары, жетекші CEO мамандар, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады. Негізгі тақырып – үлкен мәліметтер мен жасанды интеллекттің негізінде аймақты тұрақты дамыту. Форум аясында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, сондай-ақ, Әзербайжан, Өзбекстан мен Молдова үкімет басшыларының пленарлық сессиясы ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильд, ЕЭК төрағасы Михаил Мясникович, UNICEF-тің инновациялар жөніндегі бас кеңесшісі Кристофер Фабиан, IDC президенті Кроуфорд Дель Прет, Amazon Web Services компаниясының трансформация жөніндегі директоры Лиам Максвелл, Qwasar Silicon Valley негізін салушы Кваме Ямгнане және тағы басқа танымал тұлғалар өз ойларын ортаға салады. Форумда алғаш рет Digital Almaty Awards  сыйлығын тапсыру рәсімі болады (Ritz Carlton Almaty қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 92 73).

1 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

12:30 – Спидвейден (мұздағы мотожарыс) әлемнің жеке чемпионатының финалы өткізіледі ("Медеу" мұз айдыны, байланыс телефоны: +7 701 257 05 23, email: d.tanasheva@infores.kz).

5 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған "Қазағым-ай" концерті ұйымдастырылады ("Қазақстан" ОКЗ, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 - "Золушка" балеті қойылады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы - Надежда Калинина ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

247
Загрузка...