Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр Әл-Фараби әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

Әл-Фараби түрік тайпасының шыққан. Оның толық аты жөнінде "тархан" деген атаудың болуы осыған дәлел. Филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі оның түркі тайпасынан шыққанын дәлелдейтін мәліметтер тапқан. 

Ғалымның туған жері ежелгі Отырар қаласын арабтар "Барба-Фараб" деп атап кеткен. Сондықтан "әлемнің екінші ұстазы" атанған ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.

2020 жылы "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.