Ақтоты Райымқұлова

Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "Композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын МВА дәрежесімен бітіреді.

Райымқұлова әр жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының концертмейстері, тәрбие және концерт жұмысы жөніндегі проректоры болып еңбек етті. Қазақ қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған.

2013 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің мәдениет және өнер ісі комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Бір жылдан кейін Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры болады. 2016 жылы қазанда Райымқұлова мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне келеді. 2019 жылдың 17 маусымында ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.