Арапа күні

Арапа күні – бұл көне заманнан келе жатқан мұсылман мерекесі. Бұл күн мұсылман күнтізбесінің 12-ші айының 9-шы жұлдызына түседі. Яғни Арапа күні зүл-хижжә айының 9-шы жұлдызында, құрбан айттан бір күн бұрын болады. Арапа күні Рамазан айынан кейін 70 күн өткен соң аталып өтеді.