Мұстафа Өзтүрік

Мұстафа Өзтүрік 1954 жылы Түркияның Қайсері қаласына қарасты Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген. Найман тайпасының Байжігіт руынан шыққан. 1995 жылы 15 наурызда Алматыда қайтыс болды. Белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. 1975-1980 жылы Тайбей қаласындағы халықаралық саясат университетінде халықаралық-журналист мамандығы бойынша білім алады. Сол жақта корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренеді. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.

Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксинг жарысын тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін спортшы өзін жайсыз сезінеді. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы Қазақстан президенті іс басқармасы медициналық орталығының клиникалық ауруханасына жатқызады. Ал 1995 жылдың 15 наурызында 6 дүркін әлем чемпионы, 6-дан иегері атанған қазақ спортшысы өмірден озады.