балдыз қалың

"Балдыз қалың"– қалың малдың бір түрі. Дәстүр бойынша айттырылған қалыңдық қайтыс болған жағдайда күйеуі балдызын алған. Жігіт оған ұрын барып қойса, онда бұрынғы қалың малдың үстіне "балдыз қалың" төлеуі тиіс.

Оған түйе бастатқан тоғыз мал кіреді. Ұрын келмесе, ол қалың мал төленбейді. Ал қалыңдықтың басқа сіңлісі болмаған жағдайда бұрын төленген малдың жартысы қайтарылады.

Оның да негізгі мақсаты – баланы өгей қылмау, анасынан кем көрмейтін адамның бауырына басу.