Дариға Назарбаева
XV Евразийский Медиа Форум

Дариға Назарбаева - Қазақстанның саяси қайраткері, сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. 1963 жылы 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнінде Теміртауда дүниеге келген. Дариға Назарбаева президент Назарбаевпен жанжалдасып, ақыр соңында Австрияға қашып кетуге мәжбүр болып, сонда өзіне қол салған дипломат әрі бизнесмен Рахат Әлиевке 1983 жылы тұрмысқа шыққан. Өзінің айтуынша, екеуі де бір көргеннен ғашық болған. Сенат депутаты Қазақстандағы ықпалды әйелдер арасында бірінші орында тұр. Ол саясаттан бөлек, әнші ретінде телеарналардан жиі көрінеді. Кейбір БАҚ-тың мәліметінше, Панама құжаттарында Дариға Назарбаеваның да аты аталады. Ол 2007 жылдан 2012 жылға дейін Asterry Holdings LTD оффшорлық компаниясы қожайындарының бірі болған көрінеді.