Геннадий Головкин
Геннадий Головкин

Геннадий Головкин - кәсіпқой боксшы, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдарының чемпионы. Қазақстандағы ең танымал спортшы. Головкин әлемдегі соққысы жойқын боксшылардың қатарында. Тіпті кейбір қарсыластары жекпе-жектен кейін ауруханаға түсіп қалып жатады. Айталық, боксшы Хорхе Ариэль Гарсия оның ауыр соққысынан ұзақ уақыт емделген. Ол 2006 жылдың қазан айында алғаш рет Головкиннен жеңіліп, рингке бес жылдан соң, 2011 жылдың қарашасында бір-ақ шықты. Ресейлік Михаил Макаров та Головкинмен кездескенге дейін ешкімге есе жібермеген еді. 10 рет жеңіске жеткен. Алайда Головкинге қарсы жекпе-жегінде нокаутқа түсіп қалып, карьерасы құрдымға кетті. Макаров 3,5 жыл бойы "есін жия алмай" жүрді. Содан кейін тағы 4 жекпе-жекті ұтып, 2014 жылы бокспен қой айтысты. Головкин бокстан басқа футболды да жақсы көреді. Бала күнінде өрт сөндіруші болуды да армандаған екен. Мадридтік "Реалдың жанкүйері. Сүйікті футболшысы - Криштиану Роналду. 2018 жылдың шілдесіндегі мәлімет бойынша Твиттерде - 532 000, Facebook-те - 717 000, ал Instagram-да - 2,8 миллион жазылушысы бар.