Венера Назарбаева
Свадебное фото Далена Чайжунусова и Венеры Назарбаевой

Венера Назарбаева - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Қазақстан сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаеваның қызы. 2000 жылдың 5 мамырында Венада туған. Оның мектептегі кезі және неге қызығатыны туралы ресми ақпарат жоқ.  Ол "Алматы, менің алғашқы махаббатым" ретро-фестивалінде Бритни Спирспен ән айтып, ел есінде қалды. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Германия бірлесіп түсірген "Байқоңыр" фильмінде эпизодтық рөл сомдады. Қазіргі таңда жоғары оқу орнында қоғамдық коммуникациялар және өнер саласы бойынша білім алып жатыр. Венера 2018 жылдың маусымында 22 жастағы Дәлен Шайжүнісовке тұрмысқа шықты. Венера Назарбаеваның күйеуі туралы да мәлімет жоқтың қасы.