Құйрық май - қойдың құйрық түбінде дөңгеленіп жиналған май. Мұндай май құйрық, жекелеген қылшық және ұяң жүнді қой тұқымдарында болады. (Қ. Еділбай қойы, Сараджын қойы, дегерес қойы, қазақтың ұяң жүңді қойы, алай қойы, гиссар қойы). Құйрық бір жерде жиналған қоректік қор. Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті қой тұқымдарының өскен ортасының қатаң жағдайына бейімделгенінің бір көрінісі. Қой қысқы тебінде жайылғанда жетіспейтін қорегін құйрықтан біртіндеп алып толтырады. Құйрық Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әр түрлі ұлттық тағамдарын дайындағанда пайдаланылады.

"Бұл майдың біз білетін және білмейтін емдік қасиеттері көп. Атап айтсақ, қойдың құйрық майымен бөбектің денесін сылағанда, бұл олардың дені сау, қуатты болып өсуіне ықпал еткен. Сондай-ақ, емген балаға тұмау тимейді. Сондықтан бұрындары нәрестенің аузына қойдың құйрық майын салған.

"Құйрық майдың басты қасиеті – жұқпалы туберкулез ауруын емдеуінде. Ашытылған қымыздың ішіне құйрық майды, сәл ғана күшәла салып, араластырады. Кейін май қымызға сіңеді де, сап-сары, қою болады. Оны туберкулез, тыныс жолы ауруларын емдеу үшін ішеді. Қазақ емшілігі дәстүрінде осындай тәжірибе бар.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0