Жусан астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта түрінде кездеседі. Қазақстанның барлық жерінде шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар.

Жусанның биіктігі – 10 60 см, кейде 1,5-2 метрдей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді.

Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Оның 17 түрі сирек кездеседі. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік болып саналады. Қазақстанда ғана өсетін жусанның бір түрі - дәрмененің дәрілік шөп ретінде пайдасы зор. Ол оңтүстік өңірлерде өседі.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0