Коронавирус эпидемиясы

Желтоқсан айының соңында Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында белгісіз пневмония тарады деген ақпараттар жариялана бастады. Кейін билік аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі -COVID-19 екенін анықтады. Ол адамнан адамға жұғады. Вирус Ухань қаласынан Қытайдың басқа өңірлеріне, кейін өзге елдерге де тарап кетті. Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Австралия, Малайзия, Канадада тіркелді. 

28 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралу қаупінің деңгейі "өте жоғары" екенін мойындады.

Қазақстан үкіметі елімізде коронавирус таралуының алдын алу үшін бірқатар шара қабылдады. 29 қаңтардан бастап екі ел арасында жолаушылар автобусының тасымалы, 3 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жүйелі әуе қатынасы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, 1 ақпаннан бастап Қазақстан мен Қытай арасында жүретін жолаушылар пойыздары уақытша тоқтатылмақ. Бұдан бөлек, Қытай азаматтарына виза берілмейді.

Қытайдан келген қазақстандықтар қатаң бақылауға алынды. Толығырақ Sputnik материалдарынан оқи аласыз.